Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Терроризмге қарсы күрес

ТҚК отырысы

А.ж. 10 желтоқсанда аудан әкiмдiгiнiң, террорға қарсы комиссияның төрағасы Ж.Ғ. Сәдуақасовтың төрағалығымен Қызылжар ауданының террорға қарсы комиссияның жоспарлы отырысы өткiзiлдi.

Комиссия отырысында 3 сұрақ қаралды, Қызылжар ауданы әкiмiнiң аппарат басшысы, аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы, ҰҚК СҚОД Мамлют аудандық бөлiмшесiнiң басшысының ақпараттары тыңдалды.

Бiрiншi сұрақ бойынша «ТҚК ақпараттық қажеттiлiктер Тiзбесiн мемлекеттiк органдармен және ауылдық округ әкiмдiктермен ақпараттандыру сапасы туралы». Проблемалар және оларды шешу жолдары. 2018 жылға ауданның ТҚК қызметiнiң нәтижесi және 2019 жылға арналған аудан әкiмiдiгi жанындағы ТҚК жұмыс жоспарын бекiту ақпаратпен аудан әкiмiнiң аппаратының басшысы Қ.С. Сарбалинов баяндады.

Ұсынылған ақпаратта мемлекеттiк органдармен және ауылдық округ әкiмдiктермен ақпараттық қажеттiлiктер Тiзбесi шегiнде проблемалық мәселелер жарияланымының талдау жүргiзiлген.

Ұсынымдарды орындау бойынша бiрқатар басшылардың тарапынан кемшiлiктер байқалады. Олар бойынша нақты нұсқамалар берiлген.

Сонымен қатар, 2019 жылға арналған ауданның террорға қарсы комиссияның жұмыс Жоспарының жобасы танысу және бекiту үшiн ұсынылған.

Екiншi сұрақ бойынша «Бұқаралық ақпарат құралдарының лаңкестiк және басқа да экстремистiк әрекеттердiң алдын-алуына және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн осы бағытта құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылын күшейту шараларына қатысуы» ақпаратпен iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы Г.З. Салтықова баяндады.

Дiн саласындағы мемлекеттiк саясаттың басты бағыты оны ақпараттық сүйемелдеу болып табылады. Оның тиiмдiлiгiнен бүгiнгi таңда бiздiң қоғамымызда Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгi, тұрақтылығы, бейбiт пен келiсiм тiкелей байланысты.

Бұл кезеңде бұқаралық ақпарат құралдары барлық салаларда мемлекеттiк саясаттың маңызды құралы болып табылады. Ауданда мемлекеттiк ақпараттық саясат аясында мемлекеттiк идеологияның негiзгi басымдықтарын, оның iшiнде лаңкестiк пен экстремизмнiң алдын алу бойынша мақсатты түрде жариялау ұйымдастырылған. Материалдар «Терроризммен күрес», «Дiн», «Руханият», «Жаднама» айдарларымен жарияланады.

Дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алу туралы, ауылдық округтер әкiмдерiнiң интернет-ресурстарында, әлеуметтiк желiлерде жарияланатын ақпараттық және бiлiм беру топтарының мүшелерi медиа-жоспардағы бұқаралық ақпарат құралдарында бұқаралық ақпарат құралдарының жоспарлары туралы ақпарат бердi (Instagram, faccebook, «Кызылжар ауданы SQO»), аудан әкiмдiгi жанындағы дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңестiң жұмысы, дiн, дiни экстремизм және терроризм мәселелерi бойынша ақпараттық және бiлiм беру топтарының жұмысы ерекше атап өтiлдi.

Талқылау барысында бiрқатар ұсыныстар жасалды, осы саладағы жұмыстарды жетiлдiру үшiн нақты уақыттық шеңберлер белгiлендi.

«2018-2022 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмге қарсы iс-қимыл жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы».

Ауданның терроризмге қарсы комиссиясының дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алу бойынша шараларды жақсарту жолдары, қоғамда түбегейлi көрiнiстерге нөлдiк төзiмдiлiк пен радикалды идеологияға иммунитет қалыптастыруға бағытталған.

Талқылау барысында бiрқатар мемлекеттiк орган басшыларына нақты ұсыныстар берiлдi.

Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы шекара мәселелерi жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң отырысы

2018 жылғы 10 желтоқсанда Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы шекара мәселелерi жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң отырысы өткiзiлдi, мұнда 2018 жылғы Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы шекара мәселелерi жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң жұмысы қорытындыланды және 2019 жылға қызметiн жоспарлау жүргiзiлдi.

2018 жылғы Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы шекара мәселелерi жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң жұмысын қорытындылау бойынша ақпаратпен «Булаево» шекара комендатурасының коменданты майор Н.А. Осипов баяндады.

Өз баяндамасында Н.А. Осипов, Үйлестiру кеңесiнiң мiндетi — атқарушы, құқық қорғау органдарының мемлекеттiк шекараны қорғауды ұйымдастыру мәселелерiнде тығыз өзара әрекеттесу екендiгiн белгiледi.

Ағымдағы жылғы талдау кезеңiнде Қызылжар ауданының шегiнде жауапкершiлiк аумағында Шекара қызметiнiң бөлiмшелерi күштерiмен жекелеп алғанда «Булаево», «Мамлютка» шекара комендатурасымен шекара кеңiстiкте белгiленген тәртiптi бұзудың 231 фактiсi кесiлдi, 246 құқық бұзушылар, оның iшiнде:

Фактiлер бойынша әкiмшiлiк және қылмыстық iстер қозғалды, құқық бұзушылар 1335 ЕАК айыппұл түрiндегi әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылды (бұл жалпы алғанда мемлекет кiрiсiне 3210675 теңгенi құрайды).

2018 жылғы есептiк кезеңге Виноградов, Вагулино, Налобино ауылдық округтердiң жергiлiктi тұрғындардың белсендi қатысулары көмегiмен (еркiн жасақтар) 58 құқық бұзушы ұсталды және әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Тұрақты негiзде шекара маңы тұрғындарымен және олардың көмекшiлерiмен шекара кеңiстiктегi белгiленген тәртiптi бұзуды болдырмауды алдын алу бойынша ауданның бұқаралық ақпарат құралдарындағы мерзiмдi баспада ҚР МШ қорғау және сақтау саласында ҚР заңнамасын түсiндiру туралы және оны бұзған кезде ҚР әкiмшiлiк және қылмыстық кодекстерi шегiнде көзделген жауапкершiлiк туралы, жергiлiктi тұрғындармен жиналыс өткiзу, сонымен қатар шекара аумағында және алқабында iшкi iстер қызметкерлерiмен бiрлесiп тексеру iс-шараларды өткiзу бойынша мақала шығару арқылы жұмыс жүргiзiлуде.

2018 жылы «Мемлекеттiк шекараның инфрақұрылымын белгiлеу Ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 26 тамыздағы № 836 Қаулысының талаптарына сәйкес Қызылжар ауданының әкiмдiгi үлкен көмек пен қолдауды көрсеттi:

Шекара маңы тұрғындарын оңайлатылған өткiзу орындарда шекара жүктемелерi қызметiн жүргiзу шарттарды жақсарту мақсатында, белсендi бағыттар модульдармен жабдықталған, шекара бақылауды сапалы жүзеге асыру мақсатында (азаматтарды бар шектеулерге тексеру), барлық модульдар шағын электрстанциялармен жабдықталған, қоғамдық пайдалану жолдарда шекара аймаққа кiреберiсiнде үш тiлде «Шекара аймақ» ақпараттық стендтер орнатылған.

Қазақстандық-ресейлiк мемлекеттiк шекараны кесiп өту үшiн өткiзу пункттер бойынша ақпаратпен Вагулино, Березов, Виноградов, Налобино ауылдық округтердiң әкiмдерi баяндады.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттiк органдардың басшыларына және ауылдық округтердiң әкiмдерiне тиiстi нұсқаулықтар берiлген.

Қызылжар ауданы әкiмдiгi жанындағы шекара мәселелерi жөнiндегi үйлестiру Кеңесiнiң отырысы

2018 жылғы 02 қазанда Қызылжар ауданы әкiмдiгi жанындағы шекара мәселелерi жөнiндегi үйлестiру Кеңесiнiң отырысы өттi. Кеңесте мына сұрақтар қаралды:

Бiрiншi сұрақ бойынша:

2018 жылғы 9 айға Қызылжар ауданы әкiмдiгi жанындағы шекара мәселелерi жөнiндегi үйлестiру Кеңесiнiң жұмысының қорытындысын жүргiзу.

Аталмыш сұрақтар бойынша ақпаратпен «Мамлютка» шекара комендатурасының коменданты майор Бекешев Самат Құдайбергенұлы сөз сөйледi.

Екiншi сұрақ бойынша:

«Шекара маңындағы жергiлiктi тұрғындардың Мемлекеттiк шекараны қорғауға қатысу, еркiн негiзде еркiн жасақтарын ұйымдастыру және қалыптастыру».

Ақпаратпен Вагулино, Березов, Виноградов, Налобино ауылдық округтердiң әкiмдерi сөз сөйледi.

Үшiншi сұрақ бойынша:

«Шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кiруiне рұқсаттама беру қағидаларын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 шiлдедегi №734 Қаулысын жүзеге асыру барысы туралы».

Ақпаратпен Қызылжар аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы Нұрбек Тұрғынұлы Шiлдекенов сөз сөйледi.

Кеңестiң қорытындысы бойынша мемлекеттiк органдардың басшылары мен ауылдық округ әкiмдерiне тиiстi ұсыныстар берiлдi.

ТҚК отырысы

А.ж. 24 қыркүйекте Қызылжар ауданының террорға қарсы комиссияның жоспарлы отырысы өткiзiлдi.

Комиссия отырысында 4 сұрақ қаралды, аудан әкiмiнiң шұғыл мәселелерi жөнiндегi орынбасарының, Жұмыспен қамту орталығының. пробация қызметi бөлiмiнiң, Қызылжар аудандық орталық аурухананың және аудан әкiмiнiң аппарат басшылары тыңдалды.

Бiрiншi сұрақ бойынша ақпаратпен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғаларға әлеуметтiк-құқықтық көмектi көрсету ережелерi» 2014 ж. 23.10. №1131 Қаулысын орындау туралы жұмыспен қамту Орталығының директоры Р.Е. Текебаева және СҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметi бөлiмiнiң бастығы әдiлет майоры А.М. Әбiлмәжiнов тыңдалды.

Қаралатын сұрақтың негiзгi басымдығы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғаларға әлеуметтiк-құқықтық көмектi көрсету сұрағында мемлекеттiк, атқарушы органдарының және кәсiпкерлiктiң өзара әрекеттестiгi болып табылады.

Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған тұлғаларға арналған ақпараттарында жұмысқа орналастыру, медициналық, құқықтық және өзге де көмектi көрсету бойынша статистикалық мәлiметтер келтiрiлген.

Қаралатын сұрақ бойынша бiрқатар ұсыныстар берiлген, аталмыш бағытта жұмысты жақсарту бойынша бақылау мерзiмдерi белгiленген.

Екiншi сұрақ бойынша Терроризм актiлерiнiң мейiлiнше азайту және салдарын жою бойынша мемлекеттiк органдарының дайындығы жағдайы туралы. Материалдық-техникалық және кадрлар қамсыздандыру проблемалары. Дайындықты арттыру бойынша шаралар туралы аудан әкiмiнiң шұғыл мәселелерi, экономика және қаржы бойынша орынбасары М.М. Ескендiров баяндады.

Баяндамада шұғыл әрекеттесу жасағын даярлау бойынша iстердiң жағдайының сұрақтары, оның материалдық-техникалық қамсыздандыруы, құрылымдық сызбасы мен жасақ құрамындағы мүдделi қызметтердiң қатысуы жарықтандырылған.

Аталмыш жасақты материалдық-техникалық және кадрлар қамсыздандыру бойынша проблемалық мәселелер қаралды. Мемлекеттiк органдардың бiрқатар басшыларына нақты ұсыныстар қатары берiлген.

Үшiншi сұрақ бойынша ақпаратпен Қызылжар аудандық орталық аурухананың терроризм актiлерiнiң мейiлiнше азайту және (немесе) терроризм салдарын жою, шұғыл медициналық көмектi ұйымдастыру, терроризм актiнiң салдарынан зардап шеккен тұлғаларды медициналық-психологиялық сүйемелдеу бойынша мемлекеттiк органдарының дайындығы жағдайы туралы, сонымен қатар осы саладағы проблемалар жөнiнде «Қызылжар аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының бас дәрiгерi А.Э. Құдайбергенов баяндады.

Ауданның террорға қарсы комиссия мүшелерiне Қызылжар аудандық орталық ауруханасының және шұғыл медициналық көмек бригадасының терроризм актiсiн жасау немесе туындау жағдайындағы әрекеттерге немесе техногендiк немесе табиғи сипаттағы ТЖ кезiндегi даярлығы туралы ақпарат жеткiзiлген.

Бар проблемалық сұрақтар, оларды шешу жолдары айтылған.

Төртiншi сұрақ бойынша «Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы террорға қарсы комиссияның ТҚК бұрынғы отырыстарында қабылданған шешiмдердi iске асыру барысы және ақпараттық қажеттiлiктерi тiзбесi аясында келiп түскен ақпарат туралы» аудан әкiмiнiң аппарат басшысы Қ.С. Сарбалинов баяндады.

Ұсынылған ақпаратта террорға қарсы комиссия аппаратының қызметiне, ТҚК бұрынғы отырыстарында қабылданған хаттамалық ұсыныстарды iске асыру барысына талдау жүргiзiлген.

Бiрқатар басшылардың тарапынан ұсыныстарды орындау бойынша кемшiлiктер байқалады. Олар бойынша нақты нұсқамалар берiлген.

Сонымен қатар, автомобиль жолдарына, елдi мекендердi қуат көзiмен қамсыздандыру, еңбекақы бойынша несиелiк борышқа қатысты Ақпараттық қажеттiлiктер аясында келiп түскен ақпаратта көрсетiлген проблемалық сұрақтар да және т.б. жеткiзiлген.

Қазақстан Республикасы Дiн iстер және азаматтық қоғам Министрлiгiнiң салафизм дiни ағымына қатысты ұстанымы

«Қауырт желi»
110

  • Егер Сiзге терроризм актiлерiн дайындау, қаржыландыру және ұйымдастыру туралы;
  • радикалды көзқарастағы дәстүрлi емес дiни ағымдарды жақтаушыларды жалдау, қаруландыру, оқыту фактiлерi туралы;
  • терроризм және дiни экстремизм идеологиясын насихаттау және тарату туралы мәлiм болса

хабарласыңыз.

  1. Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы
  2. Ақша аударымы қызметiн көрсететiн почта операторларына арналған қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында iшкi бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекiту туралы
  3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылау саласындағы тексеру парағын бекiту туралы
  4. Терроризм актiсi қатерiнiң туындауы туралы ақпарат мониторингiнiң және халықты хабардар етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуi қағидаларын бекiту туралы
  5. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы
  6. Терроризмдi және экстремизмдi қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тiзбесiн жасау және оны мемлекеттiк органдардың назарына жеткiзу қағидаларын бекiту туралы
  7. Терроризмдi және экстремизмдi қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тiзбесiне енгiзiлген жеке тұлғаға өзiнiң тiршiлiк-тынысын қамтамасыз етуi үшiн қаражат төлеу қағидаларын бекiту туралы
  8. Террористiк iс-әрекеттi жүзеге асырғаны үшiн жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористiк деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмдi жүзеге асырғаны үшiн жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистiк деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
  9. Шанхай конвенциясы
  10. Бiр жағынан, Қазақстан Республикасы мен екiншi жағынан, Еуропалық Одақтың және оған мүше мемлекеттердiң арасындағы кеңейтiлген әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмдi ратификациялау туралы
  11. Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi Еуразиялық топ туралы келiсiмдi ратификациялау туралы
  12. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң қылмыстық кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылы туралы шартты ратификациялау туралы
  13. Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы
  14. Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы
  15. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы
  16. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмдi қаржыландырумен байланысты арнайы есепке алуды жүргiзу туралы
  17. Ядролық терроризм актiлерiмен күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы
  18. Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясын бекiту туралы
  19. Жерлеу аидалары
  20. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң баптарында қарастырылған әрекеттер Террористiк қылмыс болып табылады
  21. Террористiк құқық бұзушылықпен байланысты, Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс баптары
  22. Қазақстан Республикасының террористiк тұрғыдан осал объектiлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
  23. Террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жүйесiне қойылатын талаптарды бекiту туралы
  24. Террористiк актiлердi болдырмау жөнiндегi халыққа арналған жадынама
  25. Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкiмдiгi жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның құрамы
  26. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы

Мақаланың шыққан күні: 13.06.2017 14:12

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.12.2018 10:23

СҚО Қызылжар ауданының әкiмi
Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019  Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+