Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін ақпарат

2015 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланатын әр түрi бойынша субсидия алушыларды тiзiмге енгiзуге өтiнiм беру мерзiмiн және егiн салуды жүргiзудiң тиiмдi мерзiмiн анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекiтiлген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюждеттен субсидиялау Ережесiнiң 12 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланатын әр түрi бойынша субсидия алушыларды тiзiмге енгiзуге өтiнiм беру мерзiмi және егiн салуды жүргiзудiң тиiмдi мерзiмi қосымша негiзiнде анықталсын.
  2. Осы бұйрық қол қойлған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

«Қызылжар аудандық ауыл
шаруашылық және
ветеринария бөлiмi» ММ басшысы Ө. Омаров

2015 жылғы 13 наурыздағы №13 НҚ бұйрығына қосымша Zip (8 Kb)

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң назарына!

Қызылжар аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлiмi (2015 жылғы 10 наурыздағы № 13 НҚ «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлiмi» ММ басшысының бұйрығы негiзiнде) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекiтiлген «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарын субсидиялау» қағидаларына сәйкес аудан ауылшаруашылығы тауарын өндiрушiлерден өтiнiм қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

«Қызылжар аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлiмi» ММ өтiнiм қабылдауды жүргiзедi, жұмыс күндерi сағат 9-00 ден 18-30 сағатқа дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00-ден 14-30 дейiн мына мекенжайы бойынша Бескөл ауылы, Институт көшесi 1 үй,СолҚазҒЗИжМӨ, кабинет №5

Құжат тапсыру мерзiмi және қосымша ақпаратты 2-15-49 телефоны бойынша алуға болады.

«Қызылжар аудандық ауыл
шаруашылық және
ветеринария бөлiмi» ММ басшысы Ө. Омаров

Ауылшаруашылық тауарын өндiрушiлерге мәлiмет үшiн

Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге (бұдан әрi — АШТӨ) осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес жыл сайын басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының, оның iшiнде лизинг шартының негiзiнде сатып алынған көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге қажеттi тұқымның құнын арзандатуға (40%-ға дейiн) бөлiнедi.

Қажеттi мәлiметтердi орналастырады.

Субсидиялар егiстiк жерде өсiрiлетiн оңтайлы мерзiмде себiлген басым ауылшаруашылық дақылдарының және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық жерге шөп егiп жаңарту және (немесе) түпкiлiктi жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптердiң алқаптарына ғана төленедi.

Субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдердi ұсыну мерзiмдерi және оңтайлы себу мерзiмдерi ғылыми ұйымдардың қорытындылары негiзiнде жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып, субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының әрбiр түрi бойынша бөлiмнiң шешiмiмен айқындалады.

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын арзандатуға субсидиялар алуға қажеттi құжаттар тiзiмi.

1.АШТӨ бөлiм белгiлеген өтiнiм қабылдаудың басталу және аяқталу күнiнен кешiктiрмей бөлiмге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдi және нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бар екендiгi туралы екiншi деңгейдегi банк анықтамасының бiр данасын ұсынады.

2. Дәндi дақылдарды (күрiштен, дәндiк жүгерiден басқа) өндiрумен айналысатын АШТӨ субсидия алушылардың тiзiмiне қосу үшiн қосымша:

1) субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмде:

  • аттестатталған тұқым өндiрушiлер немесе өткiзушiлер берген, егiске пайдаланылған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапаларын растайтын құжаттардың (тұқымға аттестат не тұқымға куәлiк (тұқым сатып алынған жағдайда), ал себу үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған жағдайда — тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк және сұрыптық егiстердi байқаудан өткiзу актiсi) бар екенiн көрсетедi.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзiлiмiне енгiзiлген және (немесе) перспективалы деп танылған сұрыптардың үшiншi репродукциясынан кем емес тұқымдар себiлген алқаптар ғана субсидиялауға жатады;

2) мыналарды:

  • өткен жылғы ауыспалы егiсте танаптардың орналасу картасының (сызбасының) (АШТӨ растаған және бөлiммен келiсiлген) көшiрмесiн;
  • ағымдағы жылғы ауыспалы егiсте танаптардың орналасу картасының (сызбасының) (АШТӨ растаған) көшiрмесiн ұсынады.

Бұл ретте, 2015 жылдан бастап және одан кейiнгi жылдары осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген ауыспалы егiсте танаптардың орналасу картасымен (сызбасымен) бiрге АШТӨ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес танаптар мен ауыспалы егiстер тарихы кiтабының көшiрмесiн ұсынады.

Осы тармақтың 2) тармақшасында белгiленген құжаттардың көшiрмесiн АШТӨ және бөлiм куәландырады және бөлiмде сақталады.

3. Өндiрiлген қант қызылшасының 1 тоннасына субсидия алу үшiн АШТӨ субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмде қосымша қант зауытымен жасалған қант қызылшасын сатып алу-сату және (немесе) алыс-берiс қант қызылшасын қайта өңдеу қызметтерiн көрсету туралы шарттардың бар болуына қатысты мәлiметтердi көрсетедi.

4. Қорғалған топырақта көкөнiс өсiрумен айналысатын АШТӨ субсидия алушылардың тiзiмiне қосу үшiн субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмде қосымша жылыжайдың техникалық паспортының немесе жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың (қорғалған топырақ ғимаратының) болуы мен жұмыс алаңы туралы анықтамасының бар болуына қатысты мәлiметтердi көрсетедi.

5. АШТӨ лизинг шартының негiзiнде ауылшаруашылық дақылдарының тұқымын сатып алған кезде субсидия алушылардың тiзiмiне қосу үшiн субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмде қосымша лизинг шартының бар болуына қатысты мәлiметтердi көрсетедi.

Субсидия алуға ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлердiң тiзiмiн анықтау үшiн аудан әкiмiнiң шешiмiмен ведомствоаралық комиссия құрылған (одан әрi-ВАК).

ВАК жұмыс тәртiбi:

Бөлiм өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi және ВАК-тың қарауына енгiзедi. АШТӨ осы Қағидалардың 13 — 17-тармақтарында көрсетiлген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтiнiм мен құжаттар 5 жұмыс күнi iшiнде АШТӨ-ге пысықтауға қайтарылады.

ВАК үш жұмыс күнi iшiнде бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар алуға үмiткер АШТӨ тiзiмiн жасайды, ауданға жеткiзiлген басым ауылшаруашылық дақылдары бойынша субсидиялау көлемiн бөледi.

Субсидиялар алу үшiн АШТӨ егiс науқаны аяқталғаннан кейiн, бiрақ осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес белгiленген себу мерзiмiнен кешiктiрмей, бөлiмге дақылдардың түрлерi бойынша нақты себу алаңы мен мерзiмдерiн көрсете отырып, егiс науқанының аяқталғаны туралы жазбаша ақпарат ұсынады.

Бөлiм егiстiң белгiленген оңтайлы мерзiмi аяқталған соң өскiндердiң болуын, сондай-ақ АШТӨ-нiң ауыспалы егiсте танаптардың орналасу картасында (сызбасында) не танаптар мен ауыспалы егiстер тарихының кiтабында көрсетiлген егiс айналымдарының сақталуын шолып тексеру мақсатында екi апта мерзiмде ВАК мүшелерiнiң (келiсiм бойынша) АШТӨ шаруашылықтарына шығуын ұйымдастырады.

ВАК мүшелерiнiң (келiсiм бойынша) тексеру қорытындылары бойынша үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткен жылғы күздiк дақылдарды (қыстап шыққаннан кейiн) және көп жылдық шөптердi қоса алғанда, егiстiктi қабылдау актiсiн (бұдан әрi — қабылдау актiсi) жасайды.

Қабылдау актiсi үш данада жасалады, оның бiреуi АШТӨ-де, бiреуi — ВАК-та және бiреуi — облыстың ауыл шаруашылығы басқармасында (бұдан әрi — басқарма) қалады және қабылдау актiсiн аудан әкiмi бекiтедi.

ВАК қабылдау актiсiнiң және АШТӨ бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде егiстiктi соңғы қабылдау жүргiзiлгеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға АШТӨ-нiң түпкiлiктi тiзiмiн (бұдан әрi — тiзiм) жасайды және оны аудан әкiмiне, бекiтуге жолдайды.

Аудан әкiмi екi жұмыс күнi iшiнде АШТӨ-нiң тiзiмiн бекiтедi.

Осы Қағидалардың 13-17-тармақтарында көрсетiлген құжаттарды ұсынбау, құжаттардың толық топтамасын ұсынбау не осы Қағидалардың 13-тармағында айқындалған оларды ұсыну мерзiмдерiн бұзу, егiлген алаңдардың мәлiмделген мөлшерлерге сәйкес келмеуi жағдайлары субсидиялар беруден бас тартуға себеп болып табылады.

Бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде басқармаға аудандардың әкiмдерi бекiткен тiзiмдi, қабылдау актiлерiн және қазынашылық органдарына ұсыну үшiн нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бары туралы екiншi деңгейдегi банк анықтамасын бiр данада ұсынады.

Мақаланың шыққан күні: 14.06.2017 15:11

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 11:32

СҚО Қызылжар ауданының әкiмi
Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019  Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+