Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Аудандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жағдайы туралы ақпарат

Аудандық арнайы мониторингтiк топтың call-центрiнiң байланыс телефоны — 2-14-53

Бескөл а. көшелерiнiң жөндеу жұмыстарына мониторинг

«Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесiнiң аясында және 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны жүзеге асыруды сырттай талдау және бағалау бойынша арнайы мониторигтiк топтың (одан әрi АМТ) 2019 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық АМТ мүшелерi Бескөл а. көшелерiнiң жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргiздi.

Бүгiнгi таңда Бескөл а. Институтская, Фурманова, Ыбраев, Комаров көшелерiнде шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасының мониторингi

«Қызылжар — адалдық алаңы» жобалық кеңсесiнiң аясында және 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны жүзеге асыруды сырттай талдау және бағалау бойынша арнайы мониторигтiк топтың (одан әрi АМТ) 2019 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық АМТ мүшелерi Қызылжар ауылдық округiнде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасына мониторинг жүргiздi.

Қызылжар ауылдық округi әкiмдiгiнiң ғимаратында тұрғындарға мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн жағдай жасалған. Ауылдық округ әкiмдiгiнiң ғимаратында өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы бар, картридер (ЭЦҚ оқитын құрал) орнатылған, бұл жерде тұрғындардың өздерi электрондық мемлекеттiк қызметтердi алуына болады.Сонымен қатар ақпараттық стенд орнатылған, онда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң стандарттары мен регламенттерi, өтiнiштердiң үлгiлерi, қажеттi құжаттардың тiзiмдерi орналастырылған.

«Адалдық алаңы» акциясы

2019 жылғы 7 қыркүйек күні «Адалдық алаңы» акциясы аясында аудан тұрғындарына Отбасы күні мерекесінде ақпараттық парақшалар таратылды.

«Адалдық алаңы» акциясы

«Адалдық алаңы» акциясы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының iске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөнiндегi Қызылжар ауданы бойынша арнайы мониторингтiк топтың құрамы (ZIP 6 Kb)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының iске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан облысының Қызылжарауданы бойынша арнайы мониторингтiк топтың ережесi (ZIP 5 Kb)

Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыруды бағалау және сыртқы талдау арнайы мониторинг жүргiзу тобы отырысының хаттамасы №3 (ZIP 4 Kb)

Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыруды бағалау және сыртқы талдау арнайы мониторинг жүргiзу тобы отырысының хаттамасы №2 (ZIP 5 Kb)

2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыруды бағалау және сыртқы талдау арнайы мониторинг жүргiзу тобы отырысының хаттамасы №1 (ZIP 20 Kb)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының iске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан облысының Қызылжар ауданы бойынша арнайы мониторингтiк топтың 2019 жылғы екiншi жартыжылдыққа арналған жоспары (ZIP 9 Kb)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының iске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан облысының Қызылжар ауданы бойынша арнайы мониторингтiк топтың 2019 жылғы бiрiншi жартыжылдыққа арналған жоспары (ZIP 7 Kb)

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiнiң жүргiзiлген iшкi талдауы бойынша талдау анықтамасы (ZIP 28 Kb)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және Солтүстiк Қазақстан облысының көлеңкелi экономикасына қарсы iс-қимылын жүзеге асыру үшiн 2018-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 2018 жылы Қызылжар ауданы бойынша орындалуы туралы ақпарат (ZIP 30 Kb)

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы туралы

Қазiргi таңдағы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында және «100 нақты қадам» ұлт жоспарында қойған мақсаттардың арқасында қауатты импульс алды.

Қызметтiк тәртiптi нығайту, мемлекеттiк қызметкерлердiң этикалық деңгейiн көтеру, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында Қызылжар ауданының атқарушы органдарымен бiрқатар жұмыстар жүргiзiлуде. Оның нәтижесiнде мемлекетттiк қызметкерлердiң жауапкершiлiгi артады, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне нөлдiк төзiмдiлiк пайда болады.

Аудандағы мемлекеттiк қызметкерлердiң штат саны 188 бiрлiктi құрайды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттiк қызметкерлердiң жұмыстан босатылуы 51 адамды құрады, таза жұмыстан босатылу деңгейi 9 адамды құрап, орташа деңгейде болды (немесе жалпы санның 4,8% құрайды).

Мемлекеттiк қызметкерлер кестеге сәйкес ҚР Президентi жанындағы мемлекеттiк басқару академиясында, сонымен қатар Астана және Алматы қалаларының салалық оқу орындарында бiлiктiлiктерiн арттырады.

Осылайша, 65 мемлекеттiк қызметкер оқу курстарынан өттi (немесе барлық мемлекеттiк қызметкерлердiң жалпы санынан 36%), оның iшiнде 15 — қайта даярлау, 50 — бiлiктiлiгiн арттыру, ол жоспарланған оқытудың 98% құрайды.

Мемлекеттiк қызметкерлердi қызметке тағайындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 2018 жылы ауданда бос мемлекеттiк лауазымдарға 91 конкурс өткiзiлдi, бiр лауазымға кандидаттар саны 1:2 құрады.

Қызылжар ауданының мемлекеттiк мекемелерiнде кадрлардың ауысуы — 9 құрайды (4,8%).

Мемлекеттiк қызмет көрсетуге де ерекше көңiл бөлiнуде. Осылайша, мемлекеттiк қызметтер тiзiмiне сәйкес Қызылжар ауданында 103 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, оның iшiнде альтернативтi түрде 57, альтернативсiз негiзде 46 (оның iшiнде тек МО арқылы — 24, тек ХҚКО — 13, тек ЭҮП — 9).

2018 жылдың қорытындысы бойынша ауданды 24564 қызмет көрсетiлдi, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 4056 (17%) қызметке артық (2017 ж. — 20508), Мемкорпорация арқылы 4897 қызмет көрсетiлдi, ол өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 5% артық, (2017 ж. — 4654), электрондық түрде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң жалпы санынан электронды түрде көрсетiлген қызметтердiң үлесi 61% (немесе 1237 қызмет), ол өткен жылмен салыстырғанда 18% артық (2017 г. — 43%).

Сұранысы ең жоғары қызметтер «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу» — 4324, «Ветеринариялық анықтамалар беру» — 3378.

Мемлекеттiк қызметтердiң қолжетiмдiлiк дейгейiн арттыру, электрондық қызметтер санын көбейту мақсатында 19 ауылдық округте «Өз-өзiне қызмет көрсету орындары» құрылды, олар арқылы өткен жылы 230 астам қызмет көрсетiлдi.

«Цифрлық Қазахстан» бағдарламасы аясында тұрғындарды цифрлық сауаттылыққа үйрету курстары жүргiзiлдi, барлығы 1105 адам оқытылды, 700 астам ЭЦҚ берiлдi.

Сонымен қатар тұрғындарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету мақсатында 2 мемлекеттiк қызмет көрсету жәрмеңкесi өткiзлдi (Соколовка с. және Боголюбово с.).

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жүзеге асыру мақсатында ауданда кең ауқымды жұмыстар жүргiзiлуде.

Аудан әкiмдiгi жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия жұмыс iстейдi, 2018 жылы 4 отырыс өткiзiлiп, 8 мәселе қарастырылды (2017 жылы — 4 отырыс өткiзiлiп, 8 — мәселе қарастырылды).

Аудан әкiмi аппаратында және жергiлiктi атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Ведомстволық iс-шаралар жоспары әзiрленiп, бекiтiлдi.

Тоқсан сайын бекiтiлетiн кестеге сәйкес аудан әкiмiнiң жеке қабылдауына 2018 жылы 145 адам келдi (2017 жылы — 136 адам, 9 адамға азайған).

2018 жылы 397 өтiнiш түстi (2017 ж. — 413, 16 өтiнiшке азайды), оның iшiнде жеке тұлғалардан — 322 (2017 ж. — 313, 9 азайды); заңды тұлғалардан — 75 (2017 ж. — 100, 25 азайды);

Талдау көрсеткендей, өтiнiштердiң көбi тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жер мәселелерi, тұрғын үй беру мәселелерi бойынша, жер және жердi пайдалану мәселелерi бойынша түстi.

Оған қоса, аудан әкiмдiгiнiң және мемлекеттiк органдардың ресми интернет ресурстары қызмет етедi, оларда әрдайым сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәлiметтер орналастырылады. Қызылжар ауданының ресми сайтында аудан әкiмiнiң виртуалды жеке қабылдауы қызмет етедi, 2018 жылы оған 16 өтiнiш түстi, (2017 жылы — 16). Барлық өтiнiштер әлеуметтiк-тұрмыс саласында, мемлекеттiк қызметкерлердiң тарапынан заңсыз әрекеттерге өтiнiштер түскен жоқ.

Ауданның «Қызылжар» және «Маяк» газеттерiнде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Жемқорлыққа кедергi», «Мемлекеттiк қызмет», «100 нақты қадам ұлт жоспары», «Мемлекеттiк қызметтер» айдарлары қызмет етедi.

Аталған айдарларда 2018 жылы 70 аса мақала жарыққа шықты, оның iшiнде басшылардың атынан — 15, мемлекеттiк қызметрлерден — 28, басқалардан — 27 (2017 жылы — 50 мақала).

Ауданның тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдiк топпен ауылдық округтерде 19 кездесу өткiзiлдi, 35 астам ұжыммен кездесiп, 730 адамды қамтыды (2017 жылы 18 кездесу, 26 ұжыммен кездесу, 540 адам қамтылды), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруды сырттай талдау және бағалау бойынша арнайы мониторингтiк топтың 4 отырысы өткiзiлдi, 6 мәселе қаралды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР Жер кодексiне жер қатынастарын ретке келтiруге бағытталған бiрқатар ауқымды толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлдi. Осыған байланысты, аудандық жер комиссиясының құрамына аудандық қоғамдық кеңес мүшесi, аудандық мәслихат депутаты және т.б. енгiзiлдi.

Мемлекеттiк қызметтi алушы мен мемлекеттiк қызметтi берушi арасындағы қатынасты азайту мақсатында өткен жылдың қараша айында жер қатынастары бөлiмi СевНИИЖиР ғимаратынан Нұр Отан ғимаратына көшiрiлдi.

Аталған шаралар азаматтардың сенiмдiлiгiн арттырып, жер учаскелерiне құқықтарды беру кезiндегi үдерiстердiң ашықтығын көрсетедi.

Әдеп нормаларын сақтау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру аясында, мемлекеттiк қызметкерлердiң әдептiлiк деңгейiн жоғарылату мақсатында, ұжымдардағы моральдi-психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында әдеп жөнiндегi өкiл тұрақты түрде алдын алу шараларын өткiзiп отырады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 40 астам түсiндiру жұмыстары, соның iшiнде 25 лекция, семинар, дөңгелек үстелдер өткiзiлдi, жергiлiктi БАҚ 3 мақала жарияланды, интернет ресурстарда 80 астам жарияланымдар шақты. Сонымен қатар 29 кеңес берiлдi, оның iшiнде 19 мемлекеттiк қызметкерге, 10 жеке тұлғаларға (мемлекеттiк қызметке орналасу мәселесi, моральдық климатты қалыптастыру, тұрғын үй беру және т.б.).

Осы саладағы жұмыстар одан әрi жалғасып, мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың Қызылжар ауданының қызметкерлерiмен сақталуына барлық жағдай жасалатын болады.

Мақаланың шыққан күні: 12.06.2017 16:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.09.2019 12:29

СҚО Қызылжар ауданының әкiмi
Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов

Промышленная Революция 4.0

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019  Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+