Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ТЖ бөлімінің ақпараттары

«ҚР IIМ ТЖК Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi Қызылжар ауданының төтенше жағдайлар бөлiмi» РММ

Заңды мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылы Комаров көшесi, 74 үй. БИН 081140015830
Телефон/факс: 8 (71538) 2-83-69, 2-81-09, 101
Сенiм телефоны: 8 (7152) 52-24-54

Бөлiм бастығы — өртке қарсы қызмет подполковнигi Растихин Дмитрий Иванович

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге және ТЖ жою үшiн Қызылжар ауданының аумағында: Қызылжар ауданының төтенше жағдайлар бөлiмi, жеке құрамы 4 адам; Бескөл ауылында СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №13 өрт сөндiру бөлiмi, жеке құрамы 30 адам, 3 бiрлiк АЦ-5-50/4(43114), АЦ-2,5-40(433362), АЦ-40(130) өрт сөндiру техникасы және Соколовка селосында СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №13 өрт сөндiру посты, жеке құрамы 14 адам, 3 бiрлiк АЦ-3,2-40(4331), АЦ-40(130), АЦ-40(131) өрт сөндiру техникасы бар бөлiмшелер орналасқан.

Бөлiмнiң қызметi

«Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Төтенше жағдайлар комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi Қызылжар ауданының төтенше жағдайлар бөлiмi» РММ (әрi қарай — Бөлiм) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау, Азаматтық қорғаныстың iс-шараларын орындау, салааралық үйлестiру, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттiк жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.

Бөлiмнiң мақсаты мен тапсырысы:

  • төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету;
  • төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк сараптамаға басшылық;
  • төтенше жағдайларды жоюға басшылықты жүзеге асыру;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi күштер мен құралдардың қолдануға әзiрлiгiн дайындау және қолдау;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезiнде меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
  • табиғи және техногендiк Азаматтық қорғаныс, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы лауазымды адамдар мен мамандарды, халықты оқытып-үйретудi ұйымдастыру және бiлiмдi насихаттау;
  • азаматтық қорғанысқа тiкелей басшылық;
  • авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде Азаматтық-қорғаныстың кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының аумақтық бөлiмшелерiне, Апаттық медицина орталықтарына басшылық;
  • табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестiру;
  • мемлекеттiк органдарды, халықты және ұйымдарды төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi шаралар, қажеттi қауiпсiздiк туралы хабарлар етудi ұйымдастару;
  • халыққа хабарлау және байланыс жүйелерiн тезарада пайдаланудың ұдайы әзiрлiгiн, оларды жарақтандыру және дамытуды қамтамасыз ету;
  • мониторинг жүйесiн ұйымдастыру, техногендiк авариялар, ықтимал су тасқыны, сел жүру, сырғыма және басқа да қауiптi экзогендi құбылыстар туралы халықты және шаруашылық ету субъектiлерiн хабарлау;
  • меншiк нысана және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық ұйымдардағы қауiптi өндiрiстiк объектiлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
  • азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
  • мемлекеттiк өрттiк бақылауды жүзеге асыру;
  • өртке қарсы күресте олардың ведомстволық бағыныстылығына қарамастан елдi мекендерде және объектiлерде өрт бөлiмшелерiнiң әзiрлiгiн бақылауды жүзеге асыру;
  • ел қоныстанған аумақтарда, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттiк объектiлерде және мемлекеттiк меншiктегi тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде өрттi сөндiру және қорғау жөнiндегi қызметтi қамтамасыз ету;
  • өрттi табу және сөндiрудiң автоматтандырылған құралдарын енгiзу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және негiздерде жеке немесе заңды тұлғаның қызметiн iшiнара немесе толық тоқтату немесе тыйым салу туралы талап арыздарды жасау және оны сотқа жiберу;
  • меншiк нысанына қарамастан өртке қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыру;
  • құрылысы аяқталған кәсiпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды және жеке қондырғыларды пайдалануға қабылдау өртке қарсы қызмет нормалары мен ережелерiнiң талаптарына сәйкестiкке келтiру бойынша жұмыс және мемлекеттiк комиссиялар жұмысына қатысу;
  • салынып жатқан объектiлердiң олардың жобалау-сметалық құжаттамасына және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
  • азаматтарға, мемлекттiк ұйымдардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өрттi болдырмау бойынша iс-шараларды жүргiзу туралы ұйғарымдар беру;
  • мемлекттiк органдарға, ұйымдарға және азаматтарға мiндеттi күшi бар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою нұсқамасын беру.

Регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер

  • «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуiрдегi № 188-V ҚРЗ Zip (163 Kb)
  • Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысы Zip (205 Kb)
  • Азаматтық қорғаныс объектiлерiн құру және пайдалану қағидалары Zip (23 Kb)
  • Өрт, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк және Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясына жатпайтын объектiлер үшiн тәуекелдер дәрежесiн бағалау өлшемдерi мен тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы Zip (282 Kb)
  • Өрт, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк және Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсiпкерлiк аясында тәуекелдер дәрежесiн бағалау өлшемдерi мен тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы Zip (481 Kb)
  • «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 14 Қаулысы Zip (207 Kb)

Жаднамалар

 

Тақырыптық бейнероликтер

ҚР ТЖК КТИ

 

Пешпен жылыту

 

Электр құралдары

Абайлаңыз Пиротехника! Zip 9 Kb

Халықпен кездесу. Бетпе-бет жүздесу. Zip 11 Kb

Дөңгелек үстел Zip 42 Kb

Мақаланың шыққан күні: 13.06.2017 09:34

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.03.2018 09:50

СҚО Қызылжар ауданының әкiмi
Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов

Промышленная Революция 4.0

Қараша 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыБолашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2018  Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+