Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Дене шынықтыру мен спорттың дамуы бойынша ақпарат

Қызылжар ауданында жалпы 250 спорттық құрылым бар. Соның iшiнде 1 стадион, 3 ДСК («Қызылжар» ДСК, «Болашақ» ДСК, Новоникольск с. ДСК («Зенченко и К» КС), 1 жүзу бассейнi, 3 теннис корты (соның iшiнде 1 төбесi жабық және 2 ашық корт («Васильев» ЖК), 2 ату тирi, 42 хоккей корты, 140 жазықтық құрылымдар (соның iшiнде 2 спорттық ядро, 41 волейбол және 22 баскетбол алаңы, 17 футбол алаңы және 58 шағын-футбол алаңы, 36 спорт зал, 21 қосымша салынған спорт зал,1 ипподром және 3 бильярд залы). Жыл сайын спорттық инфрақұрылым дамып, қолжетiмдiлiк қамтамасыз етiлуде. Виноградовка, Прибрежное, Вагулино және Петерфельд ауылдарында жасанды жабынмен шағын-футбол алаңдарын орнату бойынша жұмыстар аяқталуда. Ағымдағы жылы Бескөл ауылында хоккей корты мен жағажай волейболы үшiн алаң, Вагулино ауылында стрит-воркаут алаңының құрылысы жоспарлануда.

Ауданымызда спорт қызметкерлерiнiң жалпы саны 133 адамды құрайды, 86 дене шынықтыру мұғалiмi, 1 колледж мұғалiмi, 14 жаттықтырушы-оқытушы, 1 спорт нұсқаушы-әдiскерi, 18 спорт бойынша ауылдық округтер әкiмдiктердегi жауапты мамандар, 1 АББ әдiскерi, 4 спорт бөлiмi аппаратының қызметкерi, 11 БЖСМ аппаратының қызметкерi (2) және ДП БЖК.

Аудан аумағында Қызылжар ауданының БЖСМ жұмысын атқаруда, онда 11 спорт түрi қамтылған (33 жаттықтырушы мен 600 бала жаттығады). Атты спорт БЖСМ спорттың 6 түрi қамтылған, 11 жаттықтырушы (157 оқушы), ДП БЖК спорттың 9 түрi, 14 қосымша бiлiм мұғалiмi (225 оқушы), вело спорт бойынша арнайы балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi олимпиада резервiнiң филиалы (30 оқушыдан жоғары), (кушинкай каратэ мектебiнiң филиалы (133 оқушы).

Қызылжар ауданының БЖСМ спорттың мынадай түрлерi: волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы жарысы, еркiн және грек-рим күресi, қазақша күрес, тоғыз құмалақ, үстел теннисi, бокс, жеңiл атлеика, полиотлон дамытылуда және спорттық-сауықтыру топтары жұмыс iстейдi. БЖСМ рингтi бокс залымен күрес залы жұмыс iстейдi.

БЖСМ барлық жаттықтырушы-оқытушылар саны — 33, соның iшiнде штаттық жаттықтырушылар — 6 және 27 үйлестiру бойынша. Барлық жаттықтырушы-оқытушылардың дене шынықтыру бiлiмi бар. Есептiк кезеңде 61 спортшы жасөспiрiмдiк дәрежеге дайындалды, 1-шi ересек дәрежелi 2 спортшы және 1 — спорт шеберiне үмiткер.

2016 жылы ауданымызда жүйелi түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 12911 адам немесе жалпы тұрғындар санының 29,1% құрайды. Өткен жылғы ұқсастық кезеңмен салыстырғанда 1312 адамға ұлғайды.

Бескөл ауылында алғаш рет стрит-воркаут бойынша аудандық ашық чемпионат өттi, оған қатысты: Әлем чемпионы және Қазақстанның абсолюттi чемпионы Биджиев Диас, Астана қаласының экс чемпионы Ибраев Анди, Беккер Владислав — street Workout бойынша Астана қаласының әрекеттi чемпионы, Петропавл қаласының және облыс аудандарының спортшылары.

Сол сияқты ауданымызда облыс көлемiнде жарыстар өттi:

  • армрестлинг бойынша облыс чемпионаты;
  • үстел спорты түрлерi бойынша «Ардагерлер арасындағы спартакиада»;
  • Әйелдер спартакиадасы.
  • Новоникольск с. Жабық хоккей корты базасында шайбалы хоккейден жарыстар;
  • бiлiм басқармасы бағыты бойынша «Жастар», «Ақшақар», «Жұлдызша» спартакиадалары өткiзiлдi;
  • IIД бағыты бойынша полиция қызметкерлерi арасындағы аймақтық жарыстар.

2016 жылы «Қызылжар ШФЛ» шағын-футбол лигасы құрылған болатын, онда аудан мекемелерiнен және ауылдық округтерден 16 команда қатысты. 2017 жылы волейбол лигасын құру жоспарда.

Шахмат-дойбы клубы ашылды.

Мүмкiндiгi шектеулi жандар үшiн ақысыз үстел теннисi мен фитнес секциялары ашылды.

Ауданымызда ұлттық спорт түрлерiн дамыту бойынша да жұмыстар жүргiзiледi. 1 мамырда Бескөл ауылының орталық алаңында дәстүрлi болып кеткен аудандық турнир «Қызылжар ауданының барысы» өтiп, ауданымыздың екi ең үздiк палуаны облыстық турнирге қатысты. Ұлттық спорт түрлерiнен аудандық спартакиадалар да өткiзiлуде, тоғызқұмалақ, бестас асық, &#117#1179;азақ күресi, түйе палуан, лапта. Аудан командалары жоғарыда айтылған спорт түрлерiнен және атты спорт түрiнен облыстық спартакиадалардың бiрiншi және екiншi кезеңдерне қатысты.

Мүмкiндiгi шектеулi жандар үшiн «Надежда» аудандық спартакиаданың өткiзiлуi дәстүрлi болып қалыптасты. Ағымдағы жылы спартакиада үшiншi рет өткiзiлдi және қатысушылар саны 19-дан 34 адамға дейiн ұлғайды. Ауданымыздың құрама командасы «Надежда» облыстық спартакиадасында 2013 жылы 7 орын алса, 2014 жылы — 6 орын және 2016 жылы — 5 орын алды (құрамында 32 адам). Осы жылы алғаш рет пауэрлифтингтен және тоғызқұмалақтан бiрiншi орынды иелендiк, екiншi орын дойбы мен тоғызқұмалақтан, үшiншi орын шахмат пен үстел теннисiнен.

5 жинақтық спартакиада қорытындысы бойынша ауданымыз екiншi жыл қатар 3-жалпыкомандалық орын алуда.

2016 жылы парадтық киiмдер алынды (27 спорттық костюм). «Облыстық әйелдер спартакиадасына» 36 жинақ парад киiмi алынды. Спорттық құрал-жабдықтарды алуға 2 млн. 500 мың теңге қаражат бөлiндi.

Мақаланың шыққан күні: 12.06.2017 14:32

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.07.2018 14:14

СҚО Қызылжар ауданының әкiмi
Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019  Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+