Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің есебі

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қ.I. Ақсақаловтың тұрғындар алдындағы есебi

Құрметтi солтүстiкқазақстандықтар!

Бүгiн бiз сiздермен дәстүр бойынша өткен жылды қорытындылап, алда тұрған мiндеттер мен жоспарларымызды айқындаймыз.

2017 жыл Қазақстанда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елдiң үшiншi жаңғыруына және саяси реформаға жол ашқан бағдарламалық мәлiмдемесiмен басталған болатын.

Былтырғы жылдың ең елеулi оқиғасы Қазақстанда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiнiң сәттi өткiзiлуi болды. Көрменi өткiзу орны ретiнде Астананың таңдап алынуы Қазақстанның әлемдiк экономиканың дамуына қосқан үлесiнiң мойындалғанын көрсетедi. Көрмеге болашақтың энергиясы, жаңғыртылатын қуат көздерiнiң келешегi тақырыбының таңдап алынуы елiмiздiң инновациялық экономика құру жөнiндегi ұстанған бағытына толықтай сәйкес келедi.

Елдi жаңғырту стратегиясының тағы бiр маңызды элементi — экономикалық және саяси өзгерiстермен бiрге қоғамдық сананы уақыт талабына сай өзгерту. Қазақстанды әлемнiң дамыған елдерiнiң қатарына қосу жөнiндегi алға қойылған мақсаттарға жету үшiн рухани жаңғыру қажет екендiгiн Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзiнiң 2017 жылдың 12 сәуiрiнде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтты.

Елiмiздiң болашағының жарқын болуы үшiн цифрлық дәуiр жетiстiктерiнiң жақсы жағын алып, дамуымызға тежеу болатын өткеннiң кейбiр сарқыншақтарынан арылуымыз, бiрақ ұлттық мәдени тамырымыздан ажырамауымыз қажет.

Президент жүктеген мiндеттердi жүзеге асыруда қазақ әлiпбиiн латын графикасына ауыстырудың басталуы, үштiлдiлiктi дамыту бағдарламасы (қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн бiлу) және “Цифрлық Қазақстан” жобасы нақты шаралар болып отыр.

Экономикалық дағдарыс салдарын еңсеруге қатысты қиындықтарға қарамастан, Қазақстан тәуелсiз дамудың 26-шы жылында экономикада, iшкi және сыртқы саясатта, қауiпсiздiктi нығайтуда өсiм мен оң өзгерiстерге қол жеткiздi.

2018 жылы қазақстандықтар елiмiздiң бас қаласы — Астананың 20 жылдығын атап өтедi.

Биыл Қазақстанда Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшыларының съезi, Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм шаралары кеңесi, басқа да көптеген маңызды шаралар өтiп, бiз солардың куәсi боламыз.

Солтүстiкқазақстандықтар үшiн биылғы жыл қазан айында Петропавл қаласында “Қазақстан мен Ресейде туризмдi дамытудағы жаңа көзқарастар мен тенденциялар” тақырыбында қос мемлекет басшыларының қатысуымен өтетiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мерейтойлық,15-шi өңiраралық ынтымақтастық форумымен есте қалмақ.

2018 жылдың 10 қаңтарында елiмiздiң барлық бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауы жарияланып, онда Елбасы жаңа жылда жүзеге асырылатын 10 мiндеттi айқындап бердi. Басты мақсатымыз — Қазақстанды әлемнiң дамыған 30 елiнiң қатарына кiргiзу үшiн бiздiң мемлекеттiң алдында көптеген жаңа белестердi бағындыру мiндетi тұр.

Мен Солтүстiк Қазақстан облысы тұрғындарының әдеттегiдей Президенттiң бастамаларын қолдайтынына және қойылған мiндеттердi жүзеге асыруға лайықты үлестерiн қосатынына сенiмдiмiн.

Қымбатты достар!

Бiрер күн бұрын ғана барлық деңгейдегi әкiмдердiң тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулерi аяқталды. 643 кездесу өтiп, оған 44097 адам қатысты. Тұрғындардан 1959 өтiнiш пен ұсыныс түстi, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 181-ге аз.

Өтiнiштердiң негiзгi бөлiгi абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол және әлеуметтiк нысандар құрылысы, құқық тәртiбi мәселелерi төңiрегiнде болды.

Өтiнiш-ұсыныстардың едәуiр азайғаны — бұл атқарушы органдардың жергiлiктi жерде солтүстiкқазақстандықтардың, нақты елдi мекендердiң мәселелерiн шешу бойынша атқарып жатқан күнделiктi жұмыстарының нәтижесi. Бұл тұрғындардың билiкке деген сенiмiнiң нығайғанының дәлелi болып табылады.

Ресми интернет-ресурстарда және «Facebook»-тегi әкiмдiктiң парақшалары арқылы берiлген интерактивтi онлайн-трансляциялар осы есептi кездесулердi жаңаша өткiзудiң бiр жаңа түрi болды.

2017 жылғы есеп беру кездесуiнде тұрғындардан 2140 өтiнiш түскен болатын, соның 2126-сы өз шешiмiн тапты, 1181 өтiнiш бiрден орындалды, 959 күрделi мәселе бақылауға алынды және шешiлдi. 14 мәселе 2018 жылға ауысты.

«Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөнiндегi 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттiк бағдарламалары мен экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнiндегi 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыру нәтижесiнде өткен жылы облыс қарыштап дамуға қол жеткiздi.

Президент жүктеген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн облысымыздың әлеуетi мол, оны 2017 жылдың қорытындысы айғақтайды.

Тұтастай алғанда дамудың оң серпiнi байқалды, макроэкономикалық көрсеткiштердiң өсiмi өнеркәсiпте (104,5 пайыз), ауыл шаруашылығында (102,3 пайыз), саудада (100,5 пайыз), құрылыста (104,5 пайыз) қамтамасыз етiлдi.

2017 жылы өңiрлiк жалпы өнiмнiң нақты өсiмi 2 пайызға жуық деңгейде болады (977,2 млрд. теңге) деп күтiлуде.

Агроөнеркәсiп кешенi

Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көлемi 2,3 пайызға өсiп, 510,6 млрд.теңгенi құрады.

Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-қазан айларында 14,5 млн. АҚШ долларына өсiп, 50,4 млн. долларға тең болды.

Елбасы өз Жолдауында атап өткендей, аграрлық саясат еңбек өнiмдiлiгiн түбегейлi арттыруға және өңделген ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек. Бұл үшiн облыста басымдыққа ие (рентабельдi) дақылдарды көбейтуге бағытталған егiс алқаптарын әртараптандыру жұмысы жалғасуда.

2017 жылы майлы дақылдар алқабы 40 пайызға кеңейтiлiп, 715 мың гектарды құрады, ал биыл оның көлемiн 1 млн. гектарға жеткiзудi жоспарлап отырмыз (1009 мың гектар немесе 41 пайызға артық). Бұл ауыл шаруашылығындағы жалпы өнiм көлемiн қосымша 60-70 млрд. теңгеге көбейтуге мүмкiндiк бередi, сонымен қатар еңбек өнiмдiлiгiн арттырып, жалақыны өсiрiп, салық салынатын базаны ұлғайтары анық.

2017 жылы бiздiң диқандар гектарынан орташа есеппен 18,2 центнерден, ал жалпы көлемi 5,6 млн. тонна астық жинады. Мұндай нәтижеге соңғы бес жылда алғаш рет қол жеткiзiлдi.

Бұл жетiстiкке озық технологияларды қолдану, ауыл шаруашылығы техникаларының паркiн жаңарту арқылы қол жеткiзiлдi. Биыл жалпы сомасы 32,2 млрд. теңгеге 1310 бiрлiк жаңа техника мен жабдықтар сатып алу жоспарланып отыр (лизингке 3,9 млрд. теңгеге 250 бiрлiк).

Бұл жұмыстың барлығы мемлекеттiң үлкен қамқорлығының арқасында атқарылуда. 2017 жылы өсiмдiк шаруашылығы саласына демеуқаржы түрiнде — 14,3 млрд. теңге, 2018 жылы 16,3 млрд. теңге бөлiндi.

Еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және шығындарды азайту ауыл шаруашылығын цифрландыру дәуiрiнде қол жеткiзiлуi тиiс негiзгi екi көрсеткiш болып табылады.

«АгроСтрим» ЖШС-мен бiрлесiп “Атамекен” компаниясы шаруашылықтарының негiзiнде барлық техникалардың жұмысын жоспарлайтын, минералдық тыңайтқыштарды енгiзу, өсiмдiктi қорғау тәсiлiн қолдану, астық қозғалысын есепке алу, фотобейне есептер мен кәсiпорындардағы әрбiр дақылдың өзiндiк құнын анықтау жұмыстарын автоматтандыратын 8 модульдi енгiзу бойынша қанат-қақты жоба iске қосылды. Тәжiрибе нәтижесi бойынша бұл технологиялар өзге шаруашылықтарға таратылатын болады.

Нақты мал шаруашылығы элементтерiн енгiзу жоспарланып отыр, ол техника мен бағдарламалық қамтамасыз етудi қолданып, сауылған сүт мөлшерi, дәрi-дәрмектiң қажеттiлiгi мен оны беру, жемдеу уақыты сияқты басқа да көрсеткiштердi анықтап отыру арқылы жануарларды автоматтандырылған түрде бағуға мүмкiндiк бередi.

Бүгiнде жаңа технологияларды қолданудың алқаптарға спутник арқылы мониторинг жүргiзу, дрондарды қолдану, жануарларға электронды чип тағу сияқты оң мысалдары бар. Өндiрiске «Ақылды технологияны» енгiзу жұмысын «Атамекен» компаниялар тобы, сондай-ақ «ҚазЭкспортАстық» холдингi жүргiзуде. «Атамекенде» жаңа технологияларды қолданудың арқасында соңғы 4 жылда барлық дақылдардың жалпы жиын-терiн көлемi 262,3 мың тоннадан 495 мың тоннаға дейiн артқан. Табыс 6,4 млрд. теңгеден 20,0 млрд. теңгеге дейiн өстi.

Облыстың агроөнеркәсiп кешенiндегi маңызды бағыттардың бiрi — ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу. Оның үлесi облыстың өңдеу өнеркәсiбiнiң 60 пайыздан астамын алады. 2017 жылы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу саласында 86 кәсiпорын жұмыс iстедi.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айында облыста азық-түлiк өндiрiсiнiң көлемi ақшаға шаққанда 93,6 млрд. теңгенi құрады (өткен жылдың деңгейiнен 7,5 пайызға көп), физикалық индекс көлемi 102,8 пайызға тең болды.

Статистика департаментiнiң мәлiметiнше, 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы өнiм көлемiнiң өсiмi мынадай: өсiмдiк майы — 24395 тонна (24 пайыз), сүт пен кiлегей — 117382 тонна (26 пайыз), сарымай — 2324 тонна (24 пайыз), iрiмшiк пен сүзбе — 1513 тонна (25 пайыз), құрғақ сүт — 1560 тонна (29 пайыз), макарон өнiмдерi — 19113 тонна (2 пайыз).

2017 жылы сүт өңдеу кәсiпорындарына тереңдете өңделген өнiмдер шығару үшiн 838 500 мың теңге демеуқаржы төлендi. Мемлекет тарапынан көрсетiлген бұл қолдау отандық қайта өңдеу кәсiпорындарын Кеден одағы елдерi кәсiпорындарымен тең жағдайға қояды. Нәтижесiнде бәсекеге қабiлеттi өнiм көлемiн арттырып, iшкi нарықта тұтынатын терең өңделген сүт өнiмдерiнiң импортын қысқартуға және кәсiпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметiне оң ықпал ету арқылы жалпы агроөнеркәсiп кешенi қайта өңдеу саласының дамуына жақсы әсер етедi деп күтiлуде.

Солтүстiк Қазақстан облысында 2016-2020 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу және тамақ өнеркәсiбiн дамытудың Жол картасы аясында 2018 жылы жалпы құны 35 млрд. теңге болатын 19 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 509 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Өңдеу өнеркәсiбiнiң өсiмi жоспар бойынша 4,1 пайыз деңгейiнде болып, өндiрiс көлемi 157,9 млрд. теңгенi құрайды.

Өнеркәсiп

Мемлекет басшысы «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауында өнеркәсiп, АӨК, көлiк пен логистика, құрылыс секторы сияқты дәстүрлi негiзгi салаларды дамытуға қарқын беру үшiн кешендi мiндет қойған болатын.

2017 жылдың қорытындысында өңiр өнеркәсiбi дамуының оң серпiнi сақталды. Облыстағы өнеркәсiп саласында 476 кәсiпорын жұмыс iстеп тұр, оның 40-ы өткен жылы ашылған болатын. Өнеркәсiп кәсiпорындарында 12 мыңға жуық адам еңбек етедi. Олардың орташа айлық еңбекақысы былтыр 9 пайызға өсiп, 106 мың теңгеге жеттi. Ол республика бойынша орташа деңгейдiң тек 50 пайызын құрайды (ҚР бойынша — 211,5 мың теңге).

Былтыр өңiрдiң өнеркәсiп кәсiпорындары 223 млрд. теңгенiң өнiмдерiн өндiрдi, өсiм 4,5 пайыз болды, бұл — республика бойынша алтыншы көрсеткiш. Өнеркәсiп өнiмдерiнiң 70 пайыздан астамын өңдеу кәсiпорындары (158 млрд. теңге) шығарды, физикалық индекс көлемi 4 пайызға өстi.

Мұндай өсiм тамақ өнiмдерi өндiрiсi көлемiнiң 2,8 пайызға, машина жасаудың 1,5 есеге, резеңке және пластмасса өнiмдерiнiң 10,4 пайызға, жеңiл өнеркәсiптiң 49,7 пайызға, химия өнеркәсiбiнiң 40 пайызға, оның iшiнде қорғаныс өнеркәсiбi, темiр жол және мұнай-газ кешендерiнiң зауыттарында тапсырыстың өсуi есебiнен мүмкiн болды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша машина жасау кәсiпорындарының тапсырыстар портфелi 16 пайызға артып, 42,7 млрд. теңгеге жеттi. Жасалған келiсiмшарттардың құрылымында барынша көп үлес темiр жол және мұнай-газ кешендерiне (тиiсiнше 58 пайыз және 22 пайыз) тиесiлi.

Саланың жетекшi кәсiпорындары «Петропавл ауыр машина жасау зауыты», «ЗИКСТО», «С.М. Киров атындағы зауыт» және «Мұнаймаш» акционерлiк қоғамдары 2017 жылы 26,7 млрд. теңгенiң өнiмдерiн өндiрдi. «ЗИКСТО» АҚ-ы өндiрiс қарқынын 2,2 есеге, ал «ПЗТМ» АҚ-ы 2 есеге өсiрдi.

2018 жылдың басында да машина жасау кәсiпорындары өткен жылдан ауысқан және жаңадан жасалған келiсiмшарттар нәтижесiнде 38 млрд. теңге деңгейiндегi тапсырыспен жұмыс iстеп жатыр, бұл 2017 жылғы келiсiмшарттардың 90 пайызын құрайды.

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» және «С.М. Киров атындағы зауыт» акционерлiк қоғамдары секiлдi саланың iрi кәсiпорындары үстiмiздегi жылы бюджет қаржысы есебiнен жаңа қондырғылар сатып алып, өндiрiстi одан әрi жаңғыртуды жоспарлаған, бұл еңбек өнiмдiлiгiн 2 есеге ұлғайтып қана қоймайды, сонымен қатар бұйымдардың жаңа үлгiлерiн игерумен бiрге шығарылатын азаматтық өнiмдердiң түрлерiн айтарлықтай кеңейтпек.

Тұтастай алғанда, 2017 жылы өнеркәсiп кәсiпорындары жаңғырту жұмыстарына 6,5 млрд. теңге мөлшерiнде қаржы жұмсады.

Мәселен, өткен жылы «ЗИКСТО» АҚ-ы 80-футтық контейнер тасымалдағыштың жаңа моделiн игердi, «Казнефтегазмаш» АҚ-ы жүргiзiлген жаңғырту жұмыстарының арқасында энергетика саласының кәсiпорындары үшiн ысырманың жаңа түрлерiн шығаруды бастады, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ-ы бiлiм мекемелерiне арналған металл шкафтар өндiрiсiн жолға қойды.

«Мұнаймаш» АҚ-ы осызаманғы станоктарды сатып алды, ол жаңа өнiм түрлерiн, оның iшiнде ұңғымаларды күрделi және ағымдағы жөндеуге қажет пакерлердi шығаруға мүмкiндiк бередi. Бұл жерде мынаны айта кеткен жөн, Қазақстанда пакерлер шығарылмайды. Бұл кәсiпорынға қазақстандық өнiмдердi өндiрудi дамыту және экспортқа шығару арқылы импортты алмастыру саясатын жүргiзiп, нарықта белгiлi бiр орынды алуға мүмкiндiк бередi.

(Пакер — мұнай, газ, су, геологиялық барлау скважиналарының кейбiр бөлiктерiн жауып, герметизациялауға қажет тығыздағыш құрал).

Елбасы өзiнiң Жолдауында елiмiзде Индустрияландыру бағдарламасының табысты жүзеге асырылып жатқанын атап көрсеттi. Егер индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында бiз 32 млрд. теңгенiң жобасын жүзеге асырсақ, екiншi бесжылдықтың соңғы үш жылында жобаларды iске қосуға жұмсалатын инвестиция сомасы (31 млрд. теңгеден 67 млрд. теңгеге жеттi) және ашылған жұмыс орындары (1,4 мың орыннан 2,2 мыңға жеттi) екi есе ұлғайды.

Осы бағдарламаларға қатысып отырған кәсiпорындарға көрсетiлетiн мемлекеттiк қолдау өткен үш жыл iшiнде облыс үшiн өзектi болып саналатын ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру, майлы және дәндi дақылдарды өңдеу, құрылыс материалдарын шығару сияқты 27 жобаны табысты аяқтауға мүмкiндiк бердi, 7 жоба сүт, ұн үгу, нан-тоқаш өнiмдерi өндiрiсiн жаңғыртуға бағытталған.

Бұл жобаларды өндiрiске енгiзу 700-ден астам жұмыс орнын ашуға және 16 млрд. теңге сомасында инвестиция тартуға мүмкiндiк бердi. 2017 жылы 5,7 млрд. теңгенiң 8 жобасы жүзеге асырылып, 200-ден астам адам еңбекке араласты, соның арқасында облыс үшiн лего-кiрпiш, сип-панель, жылдам дайындалатын тамақ өнiмдерi iспеттi жаңа өндiрiстер игерiлдi.

2017 жылы Елбасына «Маслодел» ЖШС-нiң Швейцарияның «ТЕТРА ПАК» қондырғысымен жабдықталған сүт өңдеу зауыты таныстырылды. Өндiрiстiк процесi толық автоматтандырылған жоғары технологиялық қондырғысы бар кәсiпорын тәулiгiне 300 тоннаға дейiн сүттi өңдей алады. Зауыттың жылдық жалпы өндiрiстiк қуаты 40 мың тонна дайын өнiм шығаруға жетедi. Жүргiзiлген осындай жаңғырту жұмыстарының нәтижесiнде кәсiпорын Қазақстандағы сүт өнеркәсiбi көшбасшыларының бiрiне айналды.

Бизнес бастамаларға мемлекет тарапынан көрсетiлген қолдаудың нәтижесiнде Индустрияландыру картасына кiрген жобалардағы өндiрiс көлемiнiң өскенiн көремiз, олардың үлесi 2014 жылғы 23 пайыздан бүгiндерi 32 пайызға жеттi. Былтыр iске қосылған жобалардың барлығы бойынша 50 млрд. теңгенiң өнiмi шығарылды (2014 жылы — 28 млрд. теңге). Бұл — облыстағы өңдеу өнеркәсiбiндегi барлық көлемiнiң 32 пайызы.

2016 жылы Президент Әкiмшiлiгi Индустрияландыру картасындағы жүктемесi аз жобалардың тiзiмiн жасады, оған Солтүстiк Қазақстан облысынан 12 өндiрiс орны кiрдi. Осы кәсiпорындардың жұмысын жандандыруды қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы әр нысан бойынша Жол картасы жасалды. Өткен жыл iшiнде қабылданған шаралардың нәтижесiнде барлық жобалардың тұрақты жұмыс iстеуiне қол жеткiзiлдi.

Өңдеу өнеркәсiбiнде еңбек өнiмдiлiгi өстi, 2017 жылдың тоғыз айында ол 13 пайызға артып, 15 мың АҚШ долларына жеттi.

Тамақ өнеркәсiбiнiң дамуына «Молпродукт», «Зенченко», «Маслодел», «Богатырский продукт» кәсiпорындары сүбелi үлес қосуда, олар 2017 жылы 20 млрд. теңгеден астам сомаға өнiмдер шығарды.

Машина жасау саласында 2016 жылы iске қосылған Петропавл трактор зауыты табысты жұмыс iстеп жатыр. Бүгiндерi ол өздерi жасаған жобамен 28 бiрлiк әртүрлi ауыл шаруашылығы техникасын шығарды.

«Солтүстiк Раблер Ресайслинг» кәсiпорны өңiрiмiздiң экологиясына оң ықпал етуде, ол бiр жылда 2 мың тоннаға жуық резеңкетехникалық бұйымдарды, оның iшiнде тозығы жеткен көлiк доңғалақтарын ұнтаққа айналдырып, жол-құрылыс саласына арналған едендiк төселiмдер шығарады.

Үстiмiздегi жылы кәсiпкерлiктi қолдау картасы шеңберiнде тағы сегiз жобаны iске қосу жоспарланып отыр, олардың барлығы жаңа өндiрiс орындарын ашуды көздейдi, оның iшiнде облысымызда тұңғыш рет импорт алмастыратын өнiмдер: полипропилен жәшiгiн, қайың шпонын шығару игерiлмек, қайталама полимерлердi өңдеу ұйымдастырылмақ.

Бiздiң облыста шығарылған өнiмдер Қазақстанның барлық дерлiк өңiрлерiне жеткiзiледi, шетелдерге тамақ өнiмдерiнiң, көлiк құралдарының, аспаптар мен аппараттардың бiрнеше түрлерi экспортталады. Тұтастай алғанда, 2017 жылдың 11 айында өзара сауданы есепке алғанда облысымыздағы кәсiпорындардың экспорт көлемi 147,8 млн. АҚШ доллары болды және ол 10 пайызға жуық өстi.

Бұл жерде көлемi 1,6 млрд. теңге болған машина жасау зауыттары өнiмдерiнiң экспорттық жеткiзiлiмi 20 пайызға өскенiн атап көрсетуге болады. Мәселен, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ы Ресей Федерациясына күрделi АПРС-40 мұнай-газ техникасын және энергетикалық қондырғысын жөнелттi, «Мұнаймаш» АҚ-ы мұнай өндiру қондырғыларына қосалқы бөлшектер экспорттады, «ЗМО» кәсiпорны бұрғылау қондырғысының жинақтаушы бөлшектерiн жiбердi.

Бүгiндерi облысымызда бұрынғы Калинин атындағы зауыттың 19 гектар аумақта орналасқан 26 өндiрiстiк және әкiмшiлiк ғимараттары бар кешенiнiң негiзiнде Қытайдың Хубэй провинциясындағы бiр компанияның қатысуымен индустриялық аймақ құру жөнiндегi мәселе талқыланып жатыр. Оның бiрiншi кезеңiнде 15 түрлi арнаулы техника түрлерi (өртке қарсы, коммуналдық, жүк тиеп-түсiретiн, құрылыс және т.б.) орналасатын екi өндiрiстiк ғимарат қалпына келтiрiлмек.

2017 жылдың желтоқсан айында Петропавл қаласында «Радуга» ЖШС-нiң жекеменшiк индустриялық аймағы ашылды. Кәсiпорын 300-ге жуық жұмыс орнын ашу арқылы 10 млрд. теңге сомасына 14 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл дымқыл майлық, кiр жуу құралдары, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаздар шығарудың жаңа желiсiн iске қосуға, сондай-ақ көтерме-бөлу орталығының құрылысын жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Жұмысы тоқтап қалған кәсiпорындарды iске қосу ерекше назарда болмақ. Өндiрiсi жүрмей тұрған кәсiпорындарды қалпына келтiру жөнiндегi Жол картасы шеңберiнде соңғы үш жыл iшiнде 19 жоба, оның төртеуi былтыр («Стройкомплекс Керамос» ЖШС-нiң кiрпiш өндiрiсi, «Жапаров» ЖК-нiң темiр-бетон сақиналарын шығару, «Есiл құс фабрикасы» ЖШС-нiң құс фабрикасы, «Био Оперейшен» ЖШС-нiң диiрменi мен элеваторының 1-кезеңi) iске асырылды.

Қазiр қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлiп жатқан екi кәсiпорын биыл iске қосылмақ, олар:

«Тоқшын май зауыты» ЖШС-i ағаш өңдеу жөнiндегi жобаны «Казахстанская Фанерная Компания» ЖШС-мен бiрлесiп өз алаңында жүзеге асырмақ;

«Био Оперейшен» ЖШС-i кешендi қалпына келтiрудiң екiншi және үшiншi кезеңдерiн жүзеге асыруды жоспарлап отыр, соның нәтижесiнде крахмал мен балауыз, сондай-ақ биоэтанол өндiру жөнiндегi цехтар пайдалануға берiлмек. 2018 жылы оған 2,5 млрд. теңге инвестиция тарту көзделген.

Инвестициялар

Қолайлы инвестициялық климат құру өңiрiмiзге инвестиция тартудың маңызды бөлiгi болып табылады.

Инвестиция тарту бойынша республикалық орташа көрсеткiш 105,5 пайызды құрайды. Солтүстiк Қазақстан облысында бұл көрсеткiш айтарлықтай жоғары — 111,5 пайыз, атап айтқанда, 188,9 млрд. теңге тартылды. Бұл өсу көрсеткiшi бойынша өңiрiмiздiң елiмiзде төртiншi орынға ие болуына мүмкiндiк бердi.

Жеке инвестициялар 80 пайызды (151,2 млрд. теңге), бюджет қаражаты 20 пайызды (37,7 млрд.теңге) құрады. Осылайша, 1 теңге бюджет қаржысына 4 теңге жеке инвестиция тартылды. Инвестиция бюджет қаражаты емес, жеке салымдардың есебiнен өсуi тиiс.

Инвестиция тартуда негiзгi басымдық ауыл шаруашылығы (38,2 пайыз) мен өнеркәсiп (25,9 пайыз) салаларына берiледi.

Бiздiң өңiр ауыл шаруашылығына инвестиция тарту бойынша көшбасшылық танытуда. Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға 352,5 млрд. теңгенiң инвестициясы тартылса, оның 20,5 пайызы Солтүстiк Қазақстан облысына тиесiлi.

Өткен жылы өңiрiмiзге тартылған тура инвестиция 1,2 пайызды, яғни 2,2 млрд. теңгенi құрады.

Инвестиция тарту жөнiндегi өңiрлiк кеңес аясында және шетелдiк компаниялармен екiжақты кездесулердiң нәтижесiнде қазақстандық және шетелдiк инвесторлармен 30-дан астам меморандумға қол қойылды.

Қытай, Ресей, Австралия, БАӘ мемлекеттерiнiң 20-дан астам компаниялары өңiрiмiздiң инвестициялық мүмкiндiгiне қызығушылық танытуда.

2017 жылдың 7 шiлдесiнде облыс делегациясы Қытайдың Шаньси провинциясында қытай делегациясының қатысуымен өткен конференцияға қатысса, 2017 жылдың 10-11 шiлде күндерi 8 адамнан тұратын облыс делегациясы Астана қаласында Қытай Халық Республикасының ауыл шаруашылығы министрi Хан Чанфумен кездестi.

2017 жылдың 8 тамызында облыс делегациясы Астана қаласында Хэнань провинциясына арналған Қазақстан — Қытай бизнес-форумына қатысты.

Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесi аясында облыс әкiмдiгi Қытайдың «Ишэбэй» ғылыми-техникалық корпорациясымен «Жасыл технология» дамыту бойынша, «Tielin Logistics Co., LTD» компаниясымен кедендiк логистика аймағын құру бойынша бiрлескен жобаны жүзеге асыру, Дунъин қаласының Халық Үкiметiмен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша тәжiрибе алмасу жөнiндегi ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бiз елiмiзде алғашқылардың бiрi болып инвестициялық портал құрып, жаңғырттық. Порталда өңiрдiң инвестициялық әлеуетi, бос өндiрiс орындары мен жер телiмдерi, инвесторлар мен кәсiпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетiлетiн қолдау шаралары, НХА, жүзеге асырылатын жобалар туралы мәлiметтер топтастырылған.

Қазiргi уақытта облысымызды дамытудың басым бағыттарын айқындайтын, инвестиция тарту үшiн қолайлы жағдай тудыратын инвестициялық стратегияны жүзеге асыру бойынша Жол картасы жасалуда.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бизнестi қолдау және дамытудың бiрегей бағдарламасы шағын және орта бизнестi дамытудың тиiмдi шараларының бiрi болып отыр.

2017 жылдың қорытындысы бойынша кәсiпкерлiк субъектiлерiнен түскен 198 өтiнiшке бағдарламаның барлық тетiктерi бойынша қолдау көрсетiлiп, 30 жаңа өндiрiс құрылды, 153 жұмыс орны ашылды. Бағдарламаның қатысушылары 5,7 мың жұмыс орнын сақтап, 568 жаңа жұмыс орнын ашты және бюджетке 1,6 млрд. теңгенiң салығын төледi.

Осындай жұмыстардың нәтижесiнде бизнестi жүргiзудiң жеңiлдiгi бойынша өңiрлердiң рейтiнгiсiнде бiздiң облыс төртiншi орыннан көрiне бiлдi.

Көлiк-логистикалық инфрақұрылымды дамыту

Облысымыздың экономикалық дамуында көлiк-логистикалық инфрақұрылымның маңызы айтарлықтай мәнге ие. Тек соңғы 2 жылдың iшiнде салаға 3 есе көп инвестиция құйылып, ол шекара аймағында, автожолдарда құрылыс пен жөндеу жұмыстарын жүргiзуге бағытталды. Бүгiндерi оның көлемi 80 млрд. теңгенi құрады.

Қазақстан мен Ресейдiң шекаралық облыстарын жалғастыратын, Астана қаласына шығатын жолдың 200 шақырымын қайта қалпына келтiру жұмыстарына 70 млрд. теңге (212 млн. АҚШ доллары) бөлiндi. Жалпы, 143 шақырым (70 пайыз) жол салынды. Қайта қалпына келтiру жұмыстарынан кейiн автокөлiк құралдары, жүк қозғалысын бақылауға және мониторинг жүргiзуге мүмкiндiк беретiн арнайы автоматтандырылған өлшеу құрылғылары орнатылатын болады.

2017 жылдан берi Қорған қаласы бағытындағы «Петропавл-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 60 шақырым учаскесiне жаңарту жұмыстары жүргiзiлуде. Бұл жұмысты 2019 жылы аяқтау жоспарланған.

Былтырғы жылы автокөлiк жолдарына жүргiзiлетiн жөндеу жұмыстарының көлемi ұлғайтылып, жергiлiктi маңыздағы 640 шақырым автожолға 10,7 млрд. теңге қаржы жұмсалып, жөнделдi.

2018 жылы жергiлiктi маңыздағы жолдарды жөндеуге 10,8 млрд. теңге жұмсау жоспарланған. Оның 6 млрд. теңгесi республикалық бюджеттен, ал 4,8 млрд. теңгесi жергiлiктi бюджеттен бөлiнедi. Жоспарлы жөндеу жұмысы 369,2 шақырымды қамтиды. 2018 жылы барлық жоспарымыз орындалатын болса, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автокөлiк жолдары 60 пайызды құрайтын болады. Бұл 2017 жылғы көрсеткiштен 2 пайызға жоғары.

Облысымыз үшiн тауар айналымының күретамыры болып табылатын Оңтүстiк Орал темiр жолы үлкен маңызға ие. Тек 2017 жылы транзиттiк тасымалдау 14,5 пайызға артты. Бұл серпiн үстiмiздегi жылы да сақталатын болады.

2016 жылы темiр жолдың солтүстiкқазақстандық учаскесi инфрақұрылымын жаңартуға 5,8 млрд. теңге құйылды.

2018 жылы Петропавл темiр жол вокзалының орталық шатырын жөндеу жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ ғимараттың қасбетi, фойе мен жолаушылар залы жаңартылмақ. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыра түсетiн эскалатор мен лифт орнату жұмыстары басталады.

Бүгiндерi шетелдiк инвесторлардың қатысуымен өңiрiмiзде көлiк-логистикалық орталықтар құру бойынша жобалар қарастырылуда. Қазiргi уақытта Мамлют ауданындағы Ресейдiң темiр жолына шығатын республикалық жолдардың қиылысында осындай орталықтың құрылысы жүргiзiлуде.

7,6 млрд. теңгеге (23 млн. АҚШ доллары) жаңғырту жұмыстары жүргiзiлген Петропавл әуежайы былтырғы жылдан бастап барлық үлгiдегi ұшақтарды қабылдай алады. Биылғы жылы әуе кемелерi тұрағын кеңейтуге қосымша қаржы бөлу жоспарлануда. Ресейлiк әуе компанияларымен транзиттiк рейстердi ұйымдастыру бойынша келiссөздер жүргiзiлуде.

Энергетика саласы

Өзiнiң экономикалық және қаржылық көрсеткiштерiн тұрақты түрде жақсарту арқылы Солтүстiк Қазақстан облысының энергетика саласы табысты дамуда.

Жыл сайын жүргiзiлетiн жөндеу және жаңарту жұмыстарының арқасында 2016 жылы жылу-электр орталығының негiзгi құрал-жабдықтарының қуаттылығы 471-ден 541 МВт-ға дейiн арттырылды.

2017 жылы «СевКазЭнерго» АҚ-ның №2 ЖЭО-ы құрал-жабдықтарын жаңғыртуға 5 млрд. теңге бөлдi. Жүргiзiлген шаралар 47,5 мың тонна көмiр, 55,6 млн. кВт/сағ. электр энергиясын және 27,4 мың тонна отынға тең болатын 16,5 мың Гкал жылу энергиясын үнемдеуге мүмкiндiк бердi.

2018 жылы электр энергиясы кешенiн дамытуға 10 млрд. теңге бөлу жоспарланды. Ол кәсiпорынның негiзгi құрал-жабдықтарын жаңартып, электр энергиясымен қамтудың сенiмдiлiгiн арттыруға, электр және жылу желiсiнiң тозуын азайтуға септiгiн тигiзетiн болады.

Облыста жаңартылатын энергетика дәстүрлi энергетикамен қатар дамуда. 2017 жылы бес жаңа нысан iске қосылды. Петропавл қаласындағы №13 мектепте геотермалды жылу сорғысы, Айыртау мен Ақжар аудандарындағы фермерлiк шаруашылықтардың шалғайдағы мал қораларын электр энергиясымен қамту үшiн төрт фотоэлектр панелi орнатылды.

2017 жылы барлық жаңартылатын энергия көздерiнен алынған жалпы қуат 20,5 млн. кВт/сағ. құрады.

Тайынша ауданында «Greencity KZ» компаниясы қуаттылығы 35 МВт, ал «Ventac Group» компаниясы қуаттылығы 7,5 МВт болатын жел-электр станциясының құрылысын жүргiзуде, ал Қызылжар ауданында “Био-ТЭС” компаниясы қуаттылығы 1 МВт биогаз қондырғысын пайдалануға берудi жоспарлап отыр.

Облыс экономикасының аграрлық сипатта болуының арқасында дәндi және майлы дақылдардың сабанын пайдалану мүмкiн болып отыр. Бүгiндерi биомассамен жылытылатын 73 қазандық орнатылып, қолданылуда. Осындай қазандықтарды көбейту үшiн Жол картасы жасалды. 2018 жылы 130-дан астам нысанды биомассамен жұмыс iстейтiн қазандықтарға қосу жоспарланып отыр.

Сумен жабдықтау

Ауыл тұрғындарының өмiр сүру деңгейiн жақсарту, оның iшiнде таза ауыз-сумен қамту мәселесiне басымдық берiлуде.

2017 жылы су және жылумен қамту желiлерiнiң құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына 3,5 млрд. теңге бөлiндi. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1,1 млрд., ал өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасы бойынша 2,4 млрд. теңге қарастырылған.

2017 жылы өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасы аясында 8 сумен қамту нысанының құрылысына 2 млрд. теңге бөлiндi. Үш нысан (Дмитриевка, Шаховское, Береке ауылдары) пайдалануға берiлiп, 5 жоба 2018 жылы аяқталатын болады.

2017 жылы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi арқылы Пресновка (1, 2 кезектегi) және Соколовка су торабын жаңғыртуға, сондай-ақ 4 апаттық учаскенiң топтық су құбырларын жаңартуға 4,9 млрд. теңге бағытталды.

2018 жылдың 1 қаңтарына сәйкес, ауылдардың орталықтандырылған суға қолжетiмдiлiгi 57,5 пайызды құрайды. Бұл — ауыл тұрғындарының 78,9 пайызы.

2018 жылы «2020 жылға дейiн өңiрлердi дамыту» бағдарламасы аясында өткен жылдан ауысқан бес жобаны аяқтауға, сумен жабдықтау және су тарту бойынша 7 жаңа жобаны жүзеге асыруға 1,1 миллиард теңге қарастырылды.

Бұл жобаларды жүзеге асырудың нәтижесiнде 11 ауылды сумен қамтамасыз етiп, облыс бойынша ауыл тұрғындарының орталықтандырылған суға қолжетiмдiлiгiн 1,7 пайызға арттыруға мүмкiндiк туады.

Құрылыс

Соңғы жылдары өңiрде құрылыс жұмыстарының қарқын алғаны байқалады. Құрылыс жұмыстарына жұмсалған қаржы 64,5 миллиард теңгенi құрады. Физикалық индекс көлемi — 104,5 пайыз. Биылға жоспарланғаны — 69,5 миллиард теңге немесе 102,4 пайыз. Өткен жылы 200,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлсе, 2018 жылға жоспарланғаны — 229 мың шаршы метр.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы мен «Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламасы аясында 2017 жылы жалпы аумағы 118,3 мың шаршы метрдi құрайтын 19 тұрғын үй (1463 пәтер) пайдалануға берiлдi.

Бағдарламаның басты бағыттарының бiрi тұрғындардың әлеуметтiк жағынан әлжуаз тобы үшiн сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлер қорын құру болып табылады. 2017 жылы Ұлттық қордың қаражаты есебiнен төрт тұрғын үй немесе 400 пәтер пайдалануға берiлдi. 2018 жылы осындай 200 пәтердi пайдалануға беру жоспарланған. Облыс әкiмдiгi осы бағыт бойынша пайдалануға берiлетiн тұрғын үйлердiң аумағын арттыру жұмысын жалғастырып келедi.

Петропавл қаласында үй кезегiнде тұрғандарды сатып алу құқығы бар жалдамалы баспанамен қамтамасыз ету үшiн «КИК» АҚ-ы 116 пәтерлi тұрғын үйдi пайдалануға бердi. 2018 жылы 96 пәтерлi тағы бiр үйдiң құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Нұрлы жол» мемлекеттiк инфрақұрылымды дамытудың бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде 7 несиелiк үйдiң немесе 603 пәтердiң құрылысы аяқталды. 2018 жылы 1 тұрғын үй кешенiн және 5 тұрғын үйдi (974 пәтер) пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл шараларды қаржыландыру мақсатында 8,1 млрд. теңге көлемiндегi Ұлттық қордың қаржысы тартылған болатын.

Бiздiң облысымызда үй құрылыстарында ДСК технологиясы сияқты инновациялық әдiстер қолданыла бастады. 2017 жылы 3 iрiпанельдi тұрғын үй (231 пәтер) құрылысы аяқталды. Үстiмiздегi жылы 4 көппәтерлi тұрғын үй пайдалануға берiлсе, 7 үйдiң жобасы жасалып жатыр.

Жыл сайын пайдалануға берiлетiн тұрғын үйлердiң басым бөлiгi жеке тұрғын үй құрылысына тиесiлi болады.

Облыс орталығында осы бағыттағы тұрғын үйлердiң құрылысын бiрыңғай сәулеттiк стильде салуға басымдық берiлiп келедi.

Әрқайсысының жалпы алаңы 70,61 шаршы метр болатын алғашқы 72 бiрпәтерлi баспана «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ-ның несиелендiру жүйесi арқылы 2018 жылдың бiрiншi жартыжылдығында сатылатын болады.

2017 жылы 500 орындық қазақ театрының, прокуратураның заманауи ғимараттарының, Оқушылар сарайының, теннис кортының, мектеп пен емхананың құрылыстары жоспарланған «Жас өркен» шағынауданының құрылыс жоспарына түзетулер енгiзiлдi. Онымен қоса, бұл жерде көпқабатты тұрғын үйлердiң (шамамен 1500 пәтер) құрылысы жоспарланған.

Бiлiм беру

Өңiрдiң әлеуметтiк-мәдени дамуы — өзектi мәселелердiң бiрi. Бүгiнде, бiлiм беру жүйесi мүлде жаңа ойлауға негiзделген iргелi реформалар кезеңiнде.

Жыл қорытындысы бойынша облыста бiлiм беру саласында 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқумен қамту мәселесi толығымен шешiлiп, 100 пайызға жеттi.

Өңiрде 22160 баланы қамтыған 522 мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемесi бар. 2017 жылы мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк аясында бұл сала қарқынды дамып, «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында қараша-желтоқсан айларында 230 орындық екi балабақша пайдалануға берiлдi.

Қазiр 70533 оқушы бiлiм алатын 497 күндiзгi мемлекеттiк мектеп бар. Жыл сайын облыста мектеп қызметiнiң кепiлдендiрiлген нормасына оқушылар санының сәйкес келмеуiне байланысты мектептер саны қысқаруда. Өткен жылы 20 мектеп жабылып қалды. Оның 19-ы — бастауыш мектеп. Үш мектеп қайта құрылып, негiзгi екi мектеп — бастауышқа, бiр орта мектеп негiзгi бiлiм беруге көштi.

Шағын комплектiлi мектептер мәселесi өткiр қалпында тұр. 2017 жылы — 393 мектеп (79 пайыз), 2016 жылы 413 мектеп (79,88 пайыз) шағын комплектiлi болды. Сапалы бiлiм беру қызметтерiн алуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы екi ресурстық орталық Уәлиханов және Мамлют аудандарында (2016 жылы — үш ресурстық орталық) ашылды. Облыста шағын комплектiлi мектептерге арналған барлығы 19 ресурстық орталық бар.

Өңiрдегi төрт мектепте оқушылар үш ауысымда оқиды. Қазiргi таңда бұл мәселенi шешу жолдары қарастырылып, Петропавл қаласында 1500 орындық екi мектептiң құрылысы («Жас өркен» шағынауданында 900 орын, «Береке» шағынауданында 600 орын) басталды.

Республикалық бюджет комиссиясының шешiмiмен — 200,0 миллион теңге, жергiлiктi бюджеттен 1,0 миллион теңге бөлiндi.

Он екi жылдық бiлiм беруге көшу мақсатында екiншi жыл бiлiм берудiң жаңартылған бағдарламасы енгiзiлуде. 2017 жылдың бiрiншi қыркүйегiнен 2, 5, 7-сыныптардағы 21364 оқушы жаңа бағдарламалар бойынша (2016 жылы 1-сыныпта — 8014 оқушы) бiлiм ала бастады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 79-қадамды жүзеге асыру аясында өңiрдегi 57 мектепте вариативтi компонент есебiнен жаратылыстану — ғылыми цикл пәндерi (химия, биология, информатика және физика) бойынша 99 мұғалiм ағылшын тiлiнде сабақ бередi. Оның iшiнде В1, В2 деңгейлiк сертификатқа ие 18 ұстаз базалық лауазымдық қызметақының 200 пайызы мөлшерiнде үстемеақы алады.

Педагогикалық ұжымдар бiлiм беру қызметiнiң және оқушылардың бiлiм сапасын арттыру бағытында белсендi жұмыс жүргiзуде.

Ғаламторға 497 мектеп қосылып, 100 пайыз көрсеткiшке жеттi. Кең жолақты интернетке қосылған мектеп саны — 474 немесе 95,4 пайыз. «Күнделiк.kz» жүйесiнде электронды журналмен жұмыс iстеудiң жалпы көрсеткiшi бойынша СҚО бесiншi орында (2016-2017 оқу жылдарында — жетiншi орын).

«BilimLand» электронды бiлiм беру платформасына қосылуға облыстағы 497 мектеп келiсiмшарт жасады. 288 мектеп — онлайнда, 209 мектеп оффлайн режiмде.

Облысымыздың 52 мектебiнде IT-технология енгiзу үшiн «Робот техникасы» элективтi курсы өткiзiледi, 162 робот техникасының жиынтығы сатып алынды.

Облыста 25 кәсiптiк-техникалық бiлiм беру ұйымы жұмыс iстейдi. Оның 22-сi мемлекеттiк және үшеуi — жекеменшiк. Өңiр экономикасына қажеттi құрылыс, көлiк, ауыл шаруашылығы, энергетика, қызмет көрсету, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларына 112 бiлiктiлiк пен 75 мамандық бойынша кадрлар даярланады.

«Барлығы үшiн тегiн кәсiптiк-техникалық бiлiм беру» жобасы аясында 2017-2018 оқу жылдарында 3562 адам қабылданды. Оның iшiнде жергiлiктi бюджет есебiнен 3136 адам және «Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламасы бойынша 426 адам республикалық бюджет есебiнен оқытылуда.

«Мәңгiлiк ел жастары — индустрияға!» — «Серпiн — 2050» әлеуметтiк жобасы аясында өткен жылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстiк Қазақстан облыстарынан 50 адам келдi. Бүгiнгi таңда бес колледжде 11 мамандық бойынша жұмыс күшi мол өңiрлерден келген 324 студент техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы бейiнiндегi мамандықтар бойынша бiлiм алуда.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстың 6 колледжiнде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлерi бойынша)», «Ақпараттық жүйе (қолданылу салалары бойынша)», «Радиоэлектроника және байланыс» IT-мамандықтары бойынша мамандар даярланады. Үстiмiздегi оқу жылында бiлiм алушылардың саны 661 адамды құрады.

Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру мекемелерi және кәсiпорындар арасында 987 келiсiмшарт жасалған. Оның iшiнде дуалды оқыту бойынша 283 келiсiмшарт бар.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды құрамдас бөлiгi — IT-мамандарын даярлау. Бұл мақсатта үстiмiздегi жылы қаладағы Бiрiншi жалпы бiлiм беру лицейiн IТ лицей ретiнде қайта бағдарлау жоспарлануда. Оған сәйкес оқу бағдарламасы әзiрлендi.

2017 жылы «Жас өркен» шағынауданында құрылысы басталған Оқушылар сарайы биыл тамыз айында пайдалануға берiлетiн болады. Құрылыстың жобалық құны шамамен 3,6 миллиард теңгенi құрайды. Петропавл қаласындағы болашақ Оқушылар сарайы мектептен тыс қосымша бiлiм берумен айналысатын мекемелер арасында алдыңғы қатарда болмақ. IT-квантум/Робоквантум/VR-квантум/Лазер-квантум/Авиа-квантум/Агро-квантум бағыттары бойынша балалар мен жасөспiрiмдердiң интеллектуалдық дамуына және бос уақытына арналған заманауи инновациялық алаң құру мен дамыту мақсатында балалар IT-орталығы жұмыс iстейтiн болады. Оған қоса, инновациялық технопарк құру қарастырылуда.

Денсаулық сақтау

Қазақстанның барынша бәсекеге қабiлеттi 30 елдiң қатарына енуi денсаулық сақтау сапасының жоғары деңгейiн көрсетедi, Қазақстанда өмiр сүрудiң ұзақтығын 2020 жылға қарай 73 жасқа дейiн арттыру көзделген.

Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2017 жылы 1,2 млрд. теңге бөлiндi. 132 бiрлiк медициналық жабдық, 23 бiрлiк санитарлық көлiк сатып алынып, 21 жоба бойынша күрделi жөндеу жүргiзiлдi.

Құны 177 миллион теңге тұратын электрофизиологиялық және жүректi картаға түсiру жүйелерi секiлдi екi аппараттың Кардиологиялық орталықта орнатылуы өткен жылғы маңызды жетiстiктiң бiрi болды. Бұған дейiн жүрек соғу ырғағының бұзуылуымен барлық сырқаттар квота бойынша Астана және Алматыдағы ғылыми-зерттеу орталықтарына жiберiлетiн. 2017 жылы радиожиiлiк абляция әдiсiмен 37 ота өткiзiлдi, биыл мұндай 50 ота жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау саласының негiзгi көрсеткiштерi жақсарды:

  • жарақат алу, бақытсыздық және улану жағдайларынан болатын өлiм-жiтiм көрсеткiшi 17,5 пайызға төмендедi;
  • онкологиялық аурулар көрсеткiшi 8 пайызға төмендедi;
  • онкологиялық ауруларды ерте деңгейiнде (I-II) анықтау 67,4 пайызға дейiн артты;
  • туберкулезбен сырқаттану көрсеткiшi 8,2 пайызға төмендедi.

Үстiмiздегi жылдың I тоқсанында денсаулық сақтау саласын цифрландыру аясында медицина ұйымдарын компьютерлiк техникамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс аяқталды. Барлық медицина ұйымдарында ақпараттық жүйелер енгiзiлдi.

Қалалық емханаларда онлайн-кеңес, дәрiгердi үйге шақыру, дәрiгердiң қабылдауына жазылу үшiн мобильдi қосымша жұмыс iстейдi.

«Антиинсульт» және «Онкоскрин» мобильдi қосымшаларының жұмысы орта және жоғары инсульт туындау қатерiмен 3310 адамды, сондай-ақ қатерлi iсiкке шалдыққан сырқаттарды анықтауға мүмкiндiк бердi.

Барлық «Жедел жәрдем» көлiктерi GPS-навигатормен жабдықталған, бұл шақыртудың уақытын қысқарту үшiн көлiктi дер кезiнде бағыттауға мүмкiндiк бередi.

Аурудың тарихына, анамнезге, тағайындауларға, рецептерге және т.б. сырқаттың бiрыңғай қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында «Ақылды емхана», «Электронды рецепт», «Денсаулық паспорты» және басқа да жобалар жүзеге асырылатын болады.

Жаңа оқу жылынан бастап М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде медициналық факультет ашуға дайындық жүргiзiлуде, бұл өңiрiмiздегi медицина мамандарының жетiспеушiлiгiн қысқартуға жағдай туғызады.

Мәдениет

Облысымызда тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, мәдениеттi дамыту бойынша мақсатты жұмыстар атқарылуда. Мәдениет нысандарын ашу Жол картасына сәйкес 2017 жылы 33 нысан қолданысқа берiлдi, соның iшiнде 24 демалыс орталығы және 9 кiтапхана бар.

2017 жылы Солтүстiк Қазақстан облысында түрлi форматтағы 20 мыңнан аса iс-шара өткiзiлдi: көрмелер, мұражай сабақтар, еске алу кештерi, тұсаукесер кештерi, концерттiк бағдарламалар және тағы басқалар.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесi аясында Астана қаласында Солтүстiк Қазақстан облысының мәдени күндерi жоғары деңгейде өттi.

ҚХР-ның Шихэцзы, сондай-ақ БАӘ-нiң Әбу-Даби, Ресей Федерациясының Түмен, Воронеж, Беларусь Республикасының Брест қалаларында өткен халықаралық, республикалық фестивальдар мен конкурстарда шығармашылық ұжымдар бiздiң облысымызды лайықты деңгейде таныстырды.

Алғаш рет бiздiң облысымызда Қазақстан Республикасының ХIII Ұлттық Дельфий ойындары өттi, нәтижесiнде солтүстiкқазақстандықтар 26 медаль иеленiп, жеңiмпаз атанды.

Өңiрiмiзде жалпыхалықтық патриотизмге, өзiнiң тарихына, мәдениетiне, халқына сыйластық сезiм қалыптастыруға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргiзiлуде.

Былтыр бiздiң өңiрiмiздiң бiртуар тұлғаларының есiмiн есте қалдыру мақсатында Петропавл қаласында Солтүстiк Қазақстан облысының Құрметтi азаматы, мемлекет және қоғам қайраткерi Бәйкен Әшiмовтiң ескерткiш-мүсiнi ашылды.

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кiтапханада латын әлiпбиiн үйрену бойынша орталық ашылды, бұл тұрғындарға қазақ алфавитiн латын әлiпбиiне көшiру бойынша түсiндiру жұмысын қолжетiмдi етуге мүмкiндiк бередi. Бұл жерде республикадағы және өңiрiмiздегi алғашқы коворкинг-орталық ашылды. Осындай орталықтарды облыстың ауылдық кiтапханаларында ашу жоспарланып отыр.

2018 жылға көптеген мәдени шаралар жоспарланған. Соның iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысы жерлестерiнiң құрылтайы, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы, ақын, сазгер, әншi Сегiз серiнiң 200 жылдығы, Қожаберген жыраудың 355 жылдығы, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелу, Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойы шеңберiнде Солтүстiк Қазақстан облысының мәдени күндерi, 2018 жылы Петропавл қаласында өтетiн Қазақстан мен Ресейдiң ХV өңiраралық ынтымақтастық форумы аясындағы мәдени-бұқаралық шаралар бар.

Сондай-ақ 2018 жылы 500 орындық қазақ театрының жаңа ғимаратының құрылысы және Петропавл қаласында жерлесiмiз, ақын, қолбасшы Қожаберген жырау Толыбайұлының 355 жылдық мерейтойына орай ескерткiш-мүсiнiн орнату жоспарланып отыр.

Спорт

Бүгiнгi таңда Солтүстiк Қазақстан облысында 172453 адам немесе тұрғындардың 30,8 пайызы спортпен айналысады.

2017 жылы өңiрiмiзде Қызылжар ауданының Новоникольск ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенi, Айыртау ауданының Шалқар ауылында және Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылында 150 орындық көрермендер мiнберiмен 2 спорттық алаң, «Streetworkout» күштiк гимнастика жаттығуларына арналған 5 алаң, 12 көше тренажерлер кешенi (1 — Жамбыл ауданының Пресновка ауылында, 11 — облыс орталығында), жасанды жабын төселген 15 шағын футбол алаңы, жарақаттандырмайтын жамылғысы бар 2 баскетбол алаңы орнатылып, қолданысқа берiлдi.

Былтыр Петропавл қаласындағы «Қарасай» орталық стадионында футбол алаңының жасанды төселiмiн ауыстырып, қайта жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ «Жастар» стадионында жабық футбол манежiнiң құрылысы аяқталуда.

Қысқы спорттық маусым басталғаннан берi 385 хоккей корапшасы құйылды. «Солтүстiк» спорттық мерекесiнiң ақтық кезеңiн өткiзу үшiн Есiл ауданында жабық хоккей қорапшасы салынды.

Спорт имараттары желiсiн кеңейту бойынша жұмыстар 2018 жылы да жалғасын табады. Спорт имараттарын 28 бiрлiкке ұлғайту жоспарланып отыр, соның iшiнде: Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында стадион құрылысы; Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда еркiн күреске арналған спорт залының құрылысы; Жамбыл ауданының Пресновка ауылында волейбол алаңы; облыс орталығында жасанды жабындысы бар 10 шағын футбол алаңы және спорттық 10 көше тренажерi.

Петропавл қаласында «КазЭдемСтрой групп» ЖШС-i мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк механизмiн қолдану арқылы салған әмбебап теннис орталығының, «Фэнтэзилэнд» ЖШС-нiң қолдауымен Есiл ауданының Явленка ауылында жабық хоккей қорапшасының, Уәлиханов ауданының Кiшкенекөл ауылында, Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерiнiң құрылысы аяқталды. Мұндай кешеннiң құрылысы Ақжар ауданының Талшық ауылында да жоспарланып отыр.

2017 жылдың басынан облыста 312 мыңнан аса адамды қамтыған 1371 бұқаралық спорттық шара өттi.

Бүгiнгi күнi Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына әртүрлi спорт түрлерi бойынша облысымыздың 356 өкiлi енiп отыр.

Жерлестерiмiз республикалық және халықаралық жарыстарда 429 медаль жеңiп алды, соның iшiнде 261 медаль — спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша, 168 медаль — олимпиадалық емес спорт түрлерiнен.

Республикалық және халықаралық деңгейде жоғары көрсеткiшке қол жеткiзген 90 спортшыға ай сайын шәкiртақы төленедi.

Тұрғындарды әлеуметтiк қолдау

Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк саясаттың басымдықтарының бiрi жұмыспен қамту саласын дамыту болып табылады. 2017 жылы 30714 адам жұмыспен қамтылып, 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2016 жылдың деңгейiнен 27 пайызға артық. Экономикалық белсендi тұрғындардың арасынан тiркелген жұмыссыздардың үлесi 2017 жылы 0,6 пайызды құрады.

2017 жылы «Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламасының шараларын жүзеге асыруға 4,5 млрд. теңге бөлiндi, оның iшiнде 2,8 млрд. теңге — республикалық бюджеттен, 1,7 млрд. теңге — жалпы сипаттағы трансферттер.

Бағдарламаның бiрiншi бағыты аясында қыркүйек айынан бастап техникалық және кәсiби оқуға 426 қатысушы жiберiлдi.

Бағдарламаның екiншi бағыты «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бойынша 1,839 млрд. теңге сомасында 394 несиесi, қайтарылған қаражат есебiнен 129,3 миллион теңгенiң 43 несиесi берiлдi. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 937 қатысушы оқытылды.

Бағдарламаның үшiншi бағыты «Еңбек ресурстарының икемдiлiгiн және тұрғындарды жұмыспен қамтуды қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту» шеңберiнде әлеуметтiк жұмыс орындарына 369 адам орналастырылды, Жастар тәжiрибесiне 470 қатысушы жiберiлдi.

Тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы арқылы 13482 адам жұмысқа қабылданды. 2017 жылдың басынан облысымызға қоныс аудару бойынша атқарылған жұмыстардың аясында 802 адамнан тұратын 181 отбасы көшiп келдi.

Бағдарламаның үшiншi бағыты шеңберiнде 43 жоба бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, 318 жұмыс орны құрылды, соның 183-i бағдарламаның қатысушылары үшiн.

Өзiн-өзi жұмыспен қамтығандарды және жұмыссыздарды өнiмдi еңбекпен айналысуға тарту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыспен қамтуға ықпал етудiң кешендi жоспары жасалды. 2018 жылы өзiн-өзi жұмыспен қамтығандарды рәсiмдеу және тарту жөнiндегi Жол картасы бекiтiлдi.

Облыс кәсiпорындарында цифрландырудың өндiрiстiк процесiне байланысты жұмысшыларды жұмыстан босату қатерiн есепке ала отыра барлығы 27,5 мың адам, соның iшiнде өзiн-өзi жұмыспен қамтыған 14,3 мың және жұмыссыз 13,3 мың адамды еңбекпен қамту көзделген, сондай-ақ 2 мың адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiктiң негiздерiне оқытылатын болады, 1850 адам жеңiлдетiлген микрокредит алады.

Азаматтарға қолжетiмдi болу және жаңа жұмыс орнын табу мүмкiндiгiн кеңейту үшiн «Бiрыңғай электронды еңбек биржасы» жобасы енгiзiлу үстiнде. Ол Жұмыспен қамту орталықтарының, жеке агенттiктердiң, жұмыс берушiлер мен жұмыс iздеушiлердiң күштерiн бiрiктiре отырып, тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етiлуiне оң ықпалын тигiзедi.

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес үстiмiздегi жылы аз қамтылған отбасыларға жұмыспен қамту бағдарламаларына белсендi қатысқан жағдайда ғана ұсынылатын атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң жаңа тәртiбiне көшу жүзеге асырылды. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң жаңа форматын енгiзу үшiн 4196 аз қамтылған отбасының iшiнен көмек алудан ықтимал үмiткер ретiнде 16716 азамат анықталды.

Тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар үшiн 319 млн. теңгеден астам сома көлемiнде әлеуметтiк көмек қарастырылған. Атаулы әлеуметтiк көмектiң жаңа форматының енгiзiлуi көмек алушылардың жауапкершiлiгiнiң, жұмыс iздеп, өзiн-өзi еңбекпен қамтамасыз етуге деген ынтасының, қоғамдық өмiрге араласу деңгейiнiң артуына жағдай тудырады.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң талаптарына сәйкес және әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi бас келiсiм бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi, облыстық кәсiподақтар кеңесi, жұмыс берушiлер және кәсiпкерлер қауымдастығы арасында 2015-2017 жылдарға арналған келiсiм жасалды.

Келiсiмде үш жылға арналған әлеуметтiк әрiптестiктi дамытудың негiзгi басымдықтары көрсетiлiп, облыстың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын кешендi жүзеге асыру, әлеуметтiк-еңбек саласы қызметкерлерiн қорғау, әлеуметтiк әрiптестiктiң одан әрi даму бағыттары анықталды.

Тараптардың мүдделерiн, еңбек қатынастарын барынша есепке алу мақсатында өндiрiстiк процестердi тұрақтандыру, қызметкерлердiң еңбек құқықтары мен кепiлдiгiн қамтамасыз ету жөнiнде меморандумдар жасалуда.

2018 жылдың 1 қаңтарында облыстың 1959 кәсiпорыны мен ұйымдарында меморандум өз күшiне ендi.

Заңдылық және құқық тәртiбiн қамтамасыз ету

Өңiрiмiзде заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету бойынша жоспарланған жұмыстар жалғасын табуда және соның нәтижесiнде барлық негiзгi бағыттарда қылмыс деңгейiнiң тұрақты төмендеу үрдiсi байқалып келедi. 2017 жылы жалпы қылмыстардың 19,2 пайызға (9031-ден 7295-ке дейiн) кемiгенi байқалып отыр. Барлық дерлiк қылмыс түрлерiнiң, соның iшiнде ауыр (91,4 пайыз) және аса ауыр санаттағыларының (96,8 пайыз) ашылуының өсiмiне қол жеткiзiлiп отыр. Барлық қоғам назарына iлiнген қылмыстар ашылды.

Қоғамдық орындар мен көшелердегi жедел жағдай оңалып, балалар арасындағы және қайта жасалған қылмыстар, мас күйде жасалатын қылмыстар саны азайды.

2015 жылы iшкi iстер департаментiнiң бюджетi 4,4 млрд. теңгенi құраса, ал өткен жылы бұл көрсеткiш 5,9 млрд. теңгеге жеттi. Республика бойынша алғашқы болып облыстық iшкi iстер департаментi Мағжан Жұмабаев пен Қызылжар аудандарының iшкi iстер бөлiмдерi базасында бейнебақылау орталықтарын ашты. Мұндай жұмыс облысымыздың барлық аудандарында жалғастырылады.

2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Петропавл қаласында 74 бейнекамера орнатылған болса, қазiр олардың саны 410-ға жетiп отыр. Қала аумағының 70 пайызы бейнекамералар арқылы бақылануда. Бұл көрсеткiш 100 пайызға дейiн жеткiзiлмек.

Тұрғындар арасында кез келген құқық бұзушылыққа “төзбеушiлiк” қағидасының нығаюына қол жеткiзiлдi. Былтыр 135 мыңнан астам тұлға әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Өткен жылдың iшiнде барлық әкiмшiлiк учаскелердегi полицияның учаскелiк инспекторлары қызмет ететiн аумақтарындағы тұрғындардың алдында есеп бердi.

Бүгiнгi таңда Петропавл қаласындағы әлеуметтiк және мәдени-ойын-сауық саласының нысандарын қоса алғанда, iшкi iстер департаментiнiң жедел басқару орталығына 1995 бейнебақылау камерасы қосылған. Петропавл станциясының темiр жол вокзалы мен автовокзалда бет-жүздi тану жүйесi қолданылады және ол жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесiне бiрiктiрiлген.

Жолда келе жатқан көлiктердiң нөмiрлiк белгiлерiн танушы 11 жүйе, сонымен қатар «Интеллектуалды қиылыстар» мен тiркеудiң автоматтық жүйесi жұмыс iстейдi. Өткен жылы олардың көмегiмен 2 мың құқық бұзушылық анықталып, нәтижесiнде жүргiзушiлер 20 млн. теңге айыппұл төледi. Осындай тиiмдiлiктердi ескере отырып, алдағы уақытта құқық бұзушылықты анықтайтын 10 құрамдастырылған жүйенi, 4 интеллектуалды қиылыс және жолдағы көлiктердiң нөмiрлiк белгiлерiн танушы 5 мобильдiк жүйенi енгiзу бойынша мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жергiлiктi полиция қызметiнде қанатқақты режiмде электронды хаттама толтыруға арналған 19 планшет пен принтер бар. Бұл жобаның iске асырылуы адам факторын мейлiнше шектеп, сыбайлас жемқорлық деңгейiн түбегейлi төмендетуге, осылайша полицияға деген сенiмнiң артуына мүмкiндiк бередi.

Цифрландыру

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыста цифрландыру бойынша жүйелi жұмыс жүргiзiлiп келедi. Өңiр тұрғындарының 78 пайызы тұрақты түрде интернеттi қолданады, бұл, өз кезегiнде, күн санап интернет саудасы мен онлайн-қызметтердi қолдану аясының кеңеюiне тiкелей әсер етедi.

Бүгiннiң өзiнде облыс тұрғындарының 62 пайызы төлем карталарын қолданады. Былтыр 2016 жылмен салыстырғанда карточкамен төлем жасау саны 2 есе, яғни, 2,7 млрд. теңге сомаға артты. Өткен жылы электронды форматта көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны 650 мың өтiнiштi құрап, 11 есе өстi.

Қазiргi кезде мемлекеттiк қызметтердiң басым бөлiгi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы көрсетiледi. 2017 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк корпорация арқылы электронды форматта — 823831, ал қағаз түрiнде 499252 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Бүгiнгi таңда «Электронды үкiмет» порталы арқылы 746 мемлекеттiк қызметтiң 400-ден астамын, атап айтсақ, барлық лицензия түрлерiн, рұқсат қағаздарын алу үшiн өтiнiш беру, мекенжай және сотталмағандығы туралы анықтамаларды және тағы басқа қызметтердi электронды форматта алуға болады.

Желтоқсан айында жаңа жоба iске қосылды — проактивтiк форматта «Баланың тууы» композиттiк қызметi көрсетiле бастады. Ол үйден шықпай-ақ СМС-хабарламаларға жауап бере отырып, баланың тууы туралы куәлiгi мен жәрдемақысын алуға, балабақшаға кезекке қоюға мүмкiндiк бередi.

Бұл жұмыс адами факторды шектеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелiн төменгi деңгейге дейiн жеткiзуге жол ашады.

Облыстағы цифрландырудың бүгiнгi жағдайына сараптама жүргiзiп, тұжырымдамасын жасау мақсатында «Есiл» өңiрлiк даму орталығының базасында цифрландыру жөнiндегi кеңсе құрылып, оған қалада осы бағытта жекелей жұмыс iстейтiн IТ-кәсiпорындар мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң жоғары бiлiктi мамандары тартылған

Цифрландыру кеңсесi аясында әр саладағы мекемелер базасында — бiлiм саласы бойынша — Бiлiм берудегi ақпараттық технологиялар орталығында, денсаулық сақтау бойынша «Надежда» медициналық жүйесiн жасаған «Профит» компаниясында жұмыс топтары құрылды. Бұған СҚМУ-дiң Ақпараттық технологиялар департаментi де қатыстырылады.

«Зерде» холдингiмен бiрге алдын ала жүргiзген жұмыс бойынша үстiмiздегi жылы «Quick Wins» форматында жүзеге асырылатын 49 жоба белгiлендi. Бұл жобалар облысымыздың цифрландыру тұжырымдамасына енгiзiлiп, 8 басым бағытты қамтиды. Олар ауыл шаруашылығы, туризм және «Smart Петропавл» тұжырымдамасына бiрiктiрiлетiн қауiпсiздiк, көлiк, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, бiлiм беру, денсаулық сақтау, қаланы басқару сынды алты бағыт болып саналады.

Үстiмiздегi жылы өңiрiмiздiң туристiк нысандары бойынша мобильдiк қосымша жасап, темiр жол вокзалында, әуежай және Петропавл қаласының орталық көшелерiнде мәдени-тарихи, ойын-сауық орындары мен тамақтану, орналасу (онлайн броньдаумен) нысандары көрсетiлетiн 5 мультимедиалық тақтаны орнату жоспарланып отыр.

«Қызыл сызық» және «Солтүстiк Қазақстан облысының қасиеттi орындары бойынша 3D-турлар» жобаларының жүзеге асырылуы жергiлiктi азаматтар мен өңiр қонақтарының заманауи гаджеттер мен виртуалды турлар арқылы өлкемiздiң тарихи маңызды және көрiктi орындары туралы ақпараттар алып, бiлiмiн арттыруына мүмкiндiк бередi.

«Ашық әкiмдiк» жобасы қолдау тауып отыр.

«Smart City» аясындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жобалары бойынша Петропавл қаласы «пилоттық» нысан болмақ. Осыған орай, қалада жұмыстың ашықтығы мен тұрғындармен керi байланыстың жеделдiгiн қамтамасыз ету үшiн «Электронды ПИК» жобасы iске қосылды.

Барлық коммуникация желiлерiн, қалалық люктар мен энергия үнемдеудi мониторингiлеу жүйесiн көрсететiн ситуациялық картаны жасау жобасы және қала ғимараттарында QR-кодтарын пайдалану жоспарланып отыр.

Петропавл қаласын дамыту

Заманымыз қарқынды түрде өзгеруде. Облыс және аудан орталықтары өмiр сүру үшiн қолайлы орынға айналып, өзiне тән танымал келбетке ие болуы тиiс. Петропавл қаласының абаттандырылуы әлемдiк трендтерге сәйкес болуы керек. Облыс орталығын заманға сай, көрiктi әрi жайлы ету — бүгiнгi күнгi басты мiндеттердiң бiрi.

Соңғы жылдары қалада көптеген әлеуметтiк маңызды нысандар бой көтердi. Ескi тұрғын үйлердiң орнына жаңа, қажеттi жағдайлардың барлығы қарастырылған әлдеқайда жайлы баспаналар тұрғызылып жатыр. Петропавл күн сайын өзгерiп, көрiктi және заманауи қалаға айналып келедi.

2018 жылы жалпы алаңы 7,5 мың шаршы метр «Hampton by Hilton» сауда-қонақүй кешенiнiң құрылысы аяқталады. Әлемдiк стандарттарға сай болатын нысан 300 адамды жұмыс орнымен қамтиды.

Үстiмiздегi жылдың соңында пайдалануға берiлетiн және 500 адамды жұмыспен қамтамасыз ететiн «Dostik Mall» сауда-ойын-сауық орталығының құрылысы да ауқымды жоба.

«Жас өркен», «Береке», «Кiрпiштi», «Солнечный», «Орман» шағынаудандары ауқымды құрылыстар мен дамудың алаңдары болып табылады. Облыс орталығында аулаiшiлiк жолдардың, аулалардың, балалардың ойын алаңқайларының асфальт-бетон жабындыларына орташа жөндеу жүргiзу және көшелердi жарықтандыру жұмыстары жалғасатын болады.

Жамбыл көшесiнiң бойында салынып жатқан 500 орындық қазақ театры қаламыздың көркiн аша түспек. Театр сәулетi неоклассика стилiнде болмақ, яғни осызаманғы трендтер мен классика үйлесiм табады. Осызаманғы театрда халықаралық деңгейдегi кез келген шараларды өткiзуге болады. Құрылысшылар 2018 жылы ғимараттың корпусын көтерiп, 2019 жылы iшкi әрлеу жұмыстарын аяқтауды көздеп отыр.

Сонымен қатар биыл бiз жол үстiнен өтетiн көпiрдiң құрылысын аяқтаймыз. Ол жерде қалалықтар мен шаһар қонақтарының айналаны тамашалауларына арналған көру алаңы пайда болады.

Қалалық Мәдениет және демалыс саябағын қалпына келтiру бойынша кешендi жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, жаңа демалу аймақтары, спорттық және балалар ойын алаңдары, автоқалашықтар, гүлзарлар, жаяужолдар салынып, көше спорттық жаттығу құрылғылары қойылды, қылқанды және жапырақты ағаштар отырғызылды.

Құрметтi жерлестер! Солтүстiк Қазақстан облысының 2017 жылғы жалпы даму қорытындысы осындай. Елбасымыз үстiмiздегi жылға жаңа ауқымды мiндеттердi қойып отыр. Барлық мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру жұмысы жалғасын табатын болады. Солтүстiк Қазақстан облысы елiмiздiң гүлденуiне бағытталған мақсаттарға жетуге өзiнiң лайықты үлесiн қосатындығына сенiмдiмiн.

Мақаланың шыққан күні: 19.02.2018 16:52

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.07.2018 12:26

СҚО Қызылжар ауданының әкiмi
Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыБолашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2018  Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+