Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Кәсіпкерлік палатасы

«Бастау» бағдарламасына қатысып бизнесiңiздi дамытыңыз!

Үстiмiздегi жылдың сәуiр айынан бастап Қызылжар ауданының тұрғындары үшiн «Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» мемлекеттiк бағдарламасы аясында «Бастау» жобасы басталды.

«Бастау» дегенiмiз не?

Егер қысқаша айтып кететiн болсақ, бұл «Бастау» бағдарламасы кiмде-кiм өзiнiң бизнесiн ашуға ниет еткен немесе табысы мен өмiр сапасын жаңа деңгейге көтерiп, өз бизнесiн әрi қарай дамытқысы келетiндер үшiн кәсiпкерлiкке бағытталған оқу бағдарламасы.

Оқу курсынан өтетiн жұмыссыздар, өз-өзiн жұмыспен қамтушылар сондай-ақ кәсiпкерлiктi жаңадан бастаушылар (3 жылға дейiн) кәсiпкерлiк қызметке бейiмделiк туралы алдын ала сынақ тапсырады.

Оқу мерзiмiнiң ұзақтығы бiр ай (20 жұмыс күнi). Түске дейiн интерактивтi түрде тренинг форматта топпен бiрге сабақ өтедi, онда тыңдаушылар маркетинг, нарық өтiмi, салық режiмiнiң ерекшелiгi, бизнестiң құқықтық негiзi, бизнес-жоспарлау, қаржылық-жоспарлау, мемлекеттiк қолдау шаралары, агрокомпетенция, шешендiк шеберлiк, бизнеске өз-өзiңдi қайрау, дағды мен құзiрет тақырыбы бойынша оқып бiледi.

Ал, түстен кейiн коуч-сессия тәлiмгерлiк элементтерiнен жеке-жеке кеңес өткiзедi, қатысушылар бизнес-жоспар құрып үйренедi.

Оқу мерзiмiнiң соңында барлық қатысушылардың өздерiнiң бизнес-жоспарлары болады және оны облыстық құзырлы комиссия алдында қорғайды. Егер ойдағыдай қорғаған жағдайда оқу курсын толық аяқтағаны үшiн және өз бизнесiн дамытуға жылына 6 пайызбен жеңiлдетiлген несие алу мүмкiндiгiне ие болатын сертификат алады.

Жуырда екiншi топ қатысушылары осындай оқу курсын аяқтады, бүгiнде олар қаржы институттарына несие алуға өтiнiш берiп, құжаттарын дайындап жатыр. Ал бiрiншi топтаға қатысушылардың көбi мамыр айының екiншi жартысында жеңiлдетiлген несие алып, өздерiнiң бизнес-жобаларын жүзеге асыруда.

Сонымен бiрге, айта кету керек «Бастау» бағдарламасы мұнымен ғана бiтпейдi, бұл бастамасы ғана, алда ең қызықты, тартымды және жауапты кезеңi тұр. Жыл бойы кәсiбiн жаңадан бастаушыларды сүйемелдеу кезеңiнде тәжiрибелi бизнес-жаттықтырушылар тәжiрибелерiмен бөлiсетiн болады.

«Бастау» жобасы қатысушыларына оқуда да, кәсiпкерлiк сласында да табыстар тiлеймiз!

Р.S. Дәл осы кезде үшiншi топ оқу курсы өтiп жатыр. Жыл соңына дейiн тағы үш топта сабақ жүргiзiледi. (жыл бойы алты топ) Ол үшiн, Бескөл ауылы камарова көшесi 2 үйде орналасқан Кәсiпкерлiк палатасына келiп оқуға өтiнiш жазу керек. Телефон: 7-90-71.

Асқар Нұрмұқанов
«Атамекен» кәсiпкерлiк палатасы
Қызылжар аудандық филиалының директоры

Бизнес-тренер Диаз Шорманов ведет занятие

Бизнес-тренер Диаз Шорманов ведет занятие

Участники 1-го потока на первом занятие

Участники 1-го потока на первом занятие

Ура-а…, мы защитились…

Ура-а…, мы защитились…

Кәсiпкерлiк

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасының Қызылжар аудандық филиалы — СҚО КП аумақтық құрылымы 2014 жылдан бастап жұмыс iстейдi.

Филиалдың басшылығы:

Директоры — Нұрмұқанов Асқар Запкенұлы

Байланыс мәлiметтерi:

Мекен-жайы: Бескөл ауылы Комаров көшесi, 2

Тел.: 8 (71538) 79071

Тимур Құлыбаевтың он қадамы

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасының Қызылжар аудандық филиалының қызметi кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдауға, кәсiпкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға, билiкпен бизнестiң сөйлесу үрдiсiн нығайтуға, кәсiпкерлердi нормативтiк-құқықтық актiлердi дайындау үрдiсiне тартуға бағытталған.

Осы бөлiмде бiз Сiз және Сiздiң кәсiпорныңыз үшiн бизнестi дамыту үшiн максимальдi сервистiк мүмкiндiктердi орналастырып, оны көрсетуге тырыстық.

Сiз бiзден толық, пайдалы және шынайы ақпаратты оқытудан бастап Сiздiң жобаңызды, бинесiңiздi, iсiңiздi қаржыландыру туралы ала аласыз.

Бизнестi қосымша қолдау келесi бағыттар бойынша ұсынылған:

«Бизнес-мектеп» компонентi кәсiпкерлiк бастамашылдығымен шағын және орта бизнес субъектiлерi және тұрғындар үшiн оқыту жобаларын ұсыну. Бизнес-оқыту экономиканың барлық секторларындағы шағын және орта бизнес өкiлдерi субъектiлерiне тегiн ұсынылады.

«Iскер байланыстар» компонентi. Жобаның мақсаты — халықаралық және шетелдiк ұйымдардың қолдауымен шетелдiк әрiптестермен iскер байланыс орнату есебiнен шағын және орта бизнес субъектiлерiне қолдау көрсету.

«Аға сеньорлар» компонентi экономиканың басымды секторларында өз қызметiн жүзеге асыратын қолданыстағы кәсiпорындарға өз кәсiпорындарына шетелдiк сарапшыны шақырып, кәсiби ұсыныстар ала алады.

Сарапшылық көмек бизнестi жүргiзу мәселелерi бойынша пайда болған мәселелердi шешуде практикалық машықты қалыптастыру мақсатында техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы проблемаларды шешуде практикалық көмек көрсету мен персоналды оқытумен шектеледi.

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасының Қызылжар аудандық филиалы өз қызметiн келесi негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырады:

  1. кәсiпкерлiк қауымдастығын бiрiктiру;
  2. кәсiпкерлiк субъектiлерiн ұсыну, қамтамасыз ету және құқығын қорғау және заңды мүдделерiн қорғау;
  3. кәсiпкерлiк субъектiлерi мен олардың ассоциацияларының (одақтарының) мемлекеттiк органдармен өз-ара iс-әрекетi;
  4. Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк бастамашылдықты жүзеге асыру үшiн оңтайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдай жасауға ықпал ету;
  5. кәсiпкерлердiң мүддесiне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамалаоын жетiлдiру үрдiсiне қатысу;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен көзделген басқа мiндеттер.

Қызылжар ауданы бизнес субьектiлерiнiң назарына!

Кәсiпкерлер палатасының Қызылжар аудандық филиалы жанынан «Аудандық кәсiпкерлiк кеңесi» және «Iскер әйелдер кеңесi» құрылды және жұмыс iстейдi. Олар өткiзетiн отырыстарда кәсiпкерлiк саладағы әкiмшiлiк кедергiлер мен проблемалық мәселелер қаралады.

Кәсiпкерлер кеңесiнде:

№р-н ТЕӘ Жұмыс орны телефоны
1 Төраға Ақтаев Оразбек Наурызбайұлы «БЭМЗ» ЖШС директоры

8-778-328-47-77

8(71538) 2-20-24

2 Сермұхамет Оралұлы «Ахмутдинов» ЖК басшысы

8(71538) 22710

8-701-748-46-58

3 Воевутко Игорь Васильевич   «Воевутко» ЖК 8-705-576-22-24
4 Касимова Бибзара Сырымбетқызы «Кызылжар Жер» ЖШС директоры 8-777-609-53-60
5 Исаков Шуми Рамбоевич «Загот Интер» ЖШС директоры  

8(71538) 21145

8-701-525-15-28

6 Косяненко Николай Борисович «Косяненко»ЖК басшысы

8(71538) 2-06-33

8-777-326-65-61

7 Бодрова Нина Васильевна «Бодрова» ЖК басшысы 8(71538) 2-15-02
8 Садуов Жаңабек Жұманғалиұлы «Садуов»ЖК басшысы 8-777-310-51-41
9 Исмаилова Надиям Нуркиновна «Исмаилова»ЖК басшысы 8-701-748-92-02

Iскер әйелдер кеңесi:

№пп     ТЕӘ Жұмыс орны телефон
1 Билялова Шынар Сагындыковна Басқару төрайымы «Есіл» КС 8701-325-67-05
2 Андрух Татьяна Владимировна «Андрух» ЖК магазин «Ника» 8705-255-34-85
3 Семченко Анастасия Владимировна «Семченко» ЖК таксопарк 8747-970-73-00
4 Бодрова Наталья Анатольевна «Бодрова» ЖК дәмхана «Мечта» 8777-901-35-24
5 Безуглова Марика Анварбековна «Марика» ЖК Жартылай ет фабрикаттары 8771-211-64-61
6 Митянина Ирина Владимировна «Кызылжар» ШҚ басшысының орынбасары 8705-650-36-59
7 Еремина Валентина Григорьевна «Еремина» ЖК дәмхана «Рубин» 8747-130-50-93
8 Клименова Татьяна Анатольевна (ЖК Мандрыгина) «Мандрыгина» ЖК 8777-326-78-10
9 Амаева Тамила Асаб-Алиевна «Амаева» ЖК «Сұлу» әсемдік салоны 8705-107-65-66
10 Сеилова Бақыт Серікқызы «Сеилова» ЖК «Бахыт» тігін цехы 8777-326-08-03
11 Жакенова Жанылкеш Каиркеқызы «Жакенова» ЖК «Жеңіс» дәмханасы 8702-133-13-94

Тiкелей эфир: кәсiпкерлiктiң тынысы бағамдалды
СҚО Кәсiпкерлер палатасының директоры «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының тiкелей эфирiнде солтүстiкқазақстандықтар алдында есеп бердi

Тұрар Ысқақов өткен жылы тындырылған шаруаларды бағамдады. Жыл санап кәсiпкерлiк қауымдастықтың Палатаға деген сенiмi артып келедi. Дәйектердi тергiштесек, 2016 жылы солтүстiкқазақстандық кәсiпкерлер тарапынан 3,5 мыңнан астам өтiнiм жолданды. 312-сi кәсiптi қорғауға байланысты болып, 245-i бойынша жағымды шешiм қабылданды. Кәсiпкерлердiң мүддесi 360 млн. астам теңге деңгейiнде қорғалды. Өткен жылы Палатаның филиалымен 39 әкiмшiлiк кедергi анықталды. Оның iшiнде 23 жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк кедергiлердiң 16-сы оң шешiлдi. 14-i бойынша ақпарат Мәселелердiң республикалық тiзiлiмiне енгiзу үшiн ҚР ҰКП жолданды.

Палатаның басқа қызметтерi бағытында да қол жеткен жiтiстiктер бар. «Бiздiң бастамамыз бойынша облыс әкiмдiгiнiң өкiлдерiнен жұмыс комиссиясы құрылды. Оның құрамына облыс әкiмiнiң орынбасары, басқармалардың басшылары және кәсiпкерлер кiрдi. Жалпы комиссияның бiлiм беру, денсаулық сақтау, тұрғын үйлер мен жолдарды салу бағытында мемлекеттiк сатып алу бойынша 8 отырысы ұйымдастырылды. Оған кәсiпкерлер шақырылып, азық-түлiк өнiмдерiн, тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуда туындайтын мәселелер қарастырылды. Мемлекеттiк сатып алу бойынша 17 компанияға 2 млрд. астам теңгеге 150 шарт жасасуға қолғабыс етiлдi», — деп атап өттi Тұрар Ысқаков.

Кәсiпкерлер палатасының өкiлдерi 147 ККО жұмысына қатысады. Олардың 100-i аудандық деңгейде болып табылады. 2016 жылы басымдыққа ие ККО 102 отырысы өттi. Онда 5 мыңнан астам сұрақ талқыланған. Олардың 1,5 мыңы кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты. 60% бойынша оң шешiм қабылданды.

Аймақта АӨК басымдыққа ие. О&#11#1171;ан баса назар аударылады. 2016 жылы кооперация бойынша ауылшаруашылық тауар өндiрушiлермен 138 жиын ұйымдастырылды.

Бүгiнде аудандарда 14 АӨК жұмыс жасайды. Олардың 1 дәндi және майлы дақылдарды өндiруге, 13 iрi қараны көбейтуге. Әлi де аграрлық салада бiлiктi мамандардың тапшылығы байқалып отыр. Мәселенi шешудiң жолдарын Палата мықтап қолға алды. Жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрге дуалды оқытудың жол картасы жүзеге асырылуда.

Тікелей эфир: кәсіпкерліктің тынысы бағамдалды

Мақаланың шыққан күні: 15.06.2017 09:43

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.07.2018 11:44

СҚО Қызылжар ауданының әкiмi
Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыБолашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2018  Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+