Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Регламент акимата

Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 28 сәуiрдегi № қаулысымен
бекiтiлген

Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң регламентi

1. Жалпы ережелер

1. Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң осы Регламентi (бұдан әрi — Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келiсу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентi актiлерi мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды iске асыру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 27 сәуiрдегi №976 Жарлығына және басқа Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.

2. Регламент мына тәртiптердi реттейдi:

  1. Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) қызметi;
  2. әкiмдiк отырыстарын дайындау және өткiзу;
  3. әкiмдiк және Қызылжар ауданы әкiмiнiң (бұдан әрi — аудан әкiмi) актiлерi жобаларын дайындау және ресiмдеу;
  4. заңнамалық актiлердiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдiктiң, облыс әкiмiнiң, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актiлерi мен тапсырмаларының орындалуына бақылау және тексеру ұйымдастыру.

3. Регламент мақсаты мыналар болып табылады:

  1. әкiмдiк қаулыларының, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерi жобаларын сапалы дайындауды қамтамасыз ету;
  2. ауданның барлық жергiлiктi атқарушы органдарының және лауазымды тұлғаларының үйлесiмдi әрекеттерiн қамтамасыз ету;
  3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдiктiң және аудан әкiмiнiң, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актiлерi мен тапсырмаларын орындау үшiн жергiлiктi атқарушы органдардың өзара байланысты жауапкершiлiгiн белгiлеу.

4. Әкiмдiк Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне енедi, Қызылжар ауданының даму мүддесi мен сұраныстарын астастыра отырып, жалпы мемлекеттiк атқарушы билiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi.

5. Әкiмдiктi аудан әкiмi басқарады. Әкiмдiк құрамы аудан әкiмiмен аудан әкiмiнiң орынбасарлары, әкiмнiң аппарат басшысы, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың (бұдан әрi — атқарушы органдар) бiрiншi басшыларынан қалыптастырылады.

Әкiмдiк мүшелерiнiң саны аудан әкiмiмен айқындалады.

Әкiмдiктiң дербес құрамы аудан әкiмiнiң ұсынымы бойынша аудандық мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi.

6. Әкiмдiктiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республиксындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен және осы Регламентпен реттеледi.

7. Аудан әкiмiнiң аппараты (бұдан әрi — аппарат) әкiмдiктiң қызметiн ақпараттық-талдауды, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi iске асырады.

8. Әкiмдiктiң iс қағаздарын жүргiзу және әкiмдiкке түсетiн хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледi және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес әзiрленетiн және аудан әкiмi (бұдан әрi — әкiм) бекiтетiн тәртiппен iске асырылады. Кiрiс хат-хабарларды қабылдау және шығыс хат-хабарларды жөнелту электрондық құжат айналымы жүйесi, сондай-ақ өзге де тәсiлдер арқылы iске асырылады.

9. Мемлекеттiк органдарға және меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдарға, жеке және заңды тұлғаларға (соның iшiнде электрондық құжаттар нысанында) мемлекеттiк тiлде елтаңбалы бланкте ресiмделедi (қажет болған жағдайда орыс тiлiндегi нұсқасы қоса берiледi).

2. Жұмысты жоспарлау

10. Аудан әкiм орынбасарлары мен аппарат басшысы әкiмдiкке және әкiмнiң қарастыруына енгiзiлген осы Регламентпен белгiленген нормативтiк құқықтық актiлер жобалары өту тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.

Әкiмдiк мәжiлiстерiнде қаралатын мәселелердiң жыл сайынғы тiзбесiн әкiмдiк мүшелерi және аппараттың құрылымдық бөлiмшелер, жергiлiктi атқарушы органдары басшыларының ұсыныстары бойынша ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiмен жасалады.

11. Тiзбе аудан әкiмi орынбасарымен, аудан әкiмiнiң аппарат басшысымен, аудан әкiмi аппаратының заң мәселелерi жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысымен келiсiледi.

Тiзбе жыл сайын 10 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде аудан әкiмiмен бекiтiледi.

12. Бекiтiлген тiзбе әкiмдiк мүшелерiне, сондай-ақ қажет болған жағдайда, атқарушы органдар басшыларына, ауылдық округ әкiмдерiне және басқа да лауазымды тұлғаларға таратылады.

13. Әкiм тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысы не аппарат басшысы ұсынатын анықтама негiзiнде жоспарланған мәселенi тiзбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа да мерзiмге ауыстыру туралы шешiм қабылдайды.

3. Әкiмдiк мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу тәртiбi

14. Әкiмдiк мәжiлiстерiне дайындықты және өткiзудi аудан әкiмi аппаратының ұйымдастыру-бақылау және жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiмен iске асырылады;

15. Әкiмдiк мәжiлiстерi айына бiр реттен кем өткiзiлмейдi және оны аудан әкiмi шақырады. Қажет болған жағдайда аудан әкiмi әкiмдiктiң шұғыл отырысын шақырады.

16. Әкiмдiк мәжiлiстерiнде әкiм, ал ол болмаған жағдайда, әкiмнiң мiндетiн атқарушы орынбасары төрағалық етедi.

17. Әкiмдiктiң мәжiлiстерi, әдетте, ашық болып табылады және мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.

Қажеттi болған жағдайда, жекелеген мәселелер әкiмдiктiң жабық мәжiлiстерiнде қаралуы мүмкiн, сондай-ақ әкiмдiктiң көшпелi отырыстары өткiзiлуi ықтимал.

18. Әкiмдiк мәжiлiсi, егер оған әкiмдiк мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды саналады.

19. Әкiмдiк отырысында мәселенi қараудың нәтижелерi бойынша қаулы қабылданады.

Қаулы әкiмдiктiң қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.

20. Әкiмдiк отырыстарына аудан әкiмiмен келiсiлген тiзбе бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкiмдерi, сондай-ақ орталық мемлекеттiк атқарушы органдары аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары және өзге лауазымды тұлғалар кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.

21. Аппараттың және атқарушы органдардың әкiмдiк отырыстарында қаралуға тиiстi мәселелер дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып iске асырылады:

  1. қолы осы органның ресми орнын растайтын, құжатты енгiзетiн органның бiрiншi басшысы, болмаса оны алмастыратын тұлға (бұдан әрi — бiрiншi басшы) әкiмдiк мәжiлiсiне енгiзiлетiн анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына алдын ала бұрыштама қояды;
  2. әдетте, қаулы жобасы мен анықтама мәтiнi 5 парақтан аспауы тиiс;
  3. күн тәртiбiнiң әрбiр мәселесi бойынша жоба және анықтама тақырыптары бiрдей болуы тиiс;
  4. әкiмдiк мәжiлiсiне енгiзiлетiн материалдарға, қажет болған жағдайда, қосымша ақпараттық мәлiметтер қоса берiледi;
  5. талқыланатын мәселелер бойынша әкiмдiк мәжiлiсiне шақырылғандардың тiзiмiн айқындауды және нақтылауды қаулы жобасын әзiрлеушiлер iске асырады.

22. Аудан әкiмi аппаратының басшысы әр айдың бесi күнiне дейiнгi мерзiмде жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше ұсынған аудан әкiмдiгi мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн аудан әкiмiне бекiтуге ұсынады. Әкiмдiк мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн аудан әкiмi бекiткеннен кейiн жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше ай сайын онына дейiнгi мерзiмде жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше басшысы бекiткен тарату көрсеткiшiне сәйкес күн тәртiбiн әкiмдiк мүшелерiне және шақырылғандарға таратуды қамтамасыз етедi.

Аудан әкiмдiгiнiң кезектен тыс мәжiлiсiн өткiзу кезiнде жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше аудан әкiмi бекiткен күн тәртiбiн мәжiлiске үш күн қалғанда жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше басшысы бекiткен тарату көрсеткiшiне сәйкес әкiмдiк мүшелерiне және шақырылғандарға таратуды қамтамасыз етедi.

Тиiстi органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда, аппарат басшысы бұл туралы әкiмге немесе оны алмастыратын тұлғаға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершiлiк тиiстi органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.

Шұғыл түрде әкiмдiк мәжiлiсiн өткiзген кезде қаралатын мәселелер жөнiндегi материалдар аппаратқа ол өткiзiлетiн күнi енгiзiлуi мүмкiн, болмаса үштен екi бөлiгi қағидатын сақтай отырып, әкiмдiк мүшелерiне сауалдама жүргiзу жолымен қабылданады.

23. Әкiмдiк мәжiлiсiне қатысушы лауазымды тұлғаның, талқылау кезiндегi баяндамашылар мен сөз сөйлеушiлердiң аты мен талқыланатын мәселенiң мәнi (қажет болған жағдайда  — олардың сөздерiнiң, ескертулерiнiң негiзгi мазмұны) көрсетiлетiн хамттама және әкiмдiк мүшелерiмен қабылданған қаулылар жүргiзiледi. Мәжiлiстерде қарастырылатын мәселелердi талқылау ақпараттарды электронды тасымалдаушыларға жазылады.

Жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше әкiмдiк мәжiлiсiнде қабылданған шешiмдер, мемлекеттiк тiлде елтаңбалы бланкте хаттамамен (қажет болған жағдайда орыс тiлiндегi нұсқасы қоса берiледi) мәжiлiс аяқталған күннен бастап үш күн мерзiмде хаттаманы ресiмдейдi, оған аппарат басшысы, әкiмдiкте мәселелердi қарау құзыретiне енетiн аудан әкiмiнiң орынбасары бұрыштама қояды және мәжiлiсте төрағалық етушi қол қояды.

Әкiмдiк мәжiлiстерiнiң хаттамаларына күнтiзбелiк жылға реттiк нөмiрлер берiледi. Қаулыларда көрсетiлген және аудан әкiмдiгi мәжiлiсiнiң барысында берiлген тапсырмалар тiкелей орындаушыларға, басқа да мүдделi органдар мен лауазымды тұлғаларға жiберiледi. Таратудың тiзбесiн жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше басшысымен бекiтiледi.

Әкiмдiк мәжiлiстерiнiң хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшеде сақталады.

Әкiмдiк мәжiлiстерiнiң хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзiмдерi өткеннен кейiн ведомстволық мұрағатқа өткiзiледi.

4. Аудан әкiмдiгiнiң және әкiмнiң актiлерiнiң жобаларын дайындау және ресiмдеу тәртiбi, шығарылған актiлер мониторингi

24. Тиiстi қаулы қабылдау үшiн әкiмдiк атына жiберiлетiн ұсыныстар атқарушы органдармен мына мәселелер бойынша енгiзiледi:

  1. әкiмдiк құзыретiне енетiн;
  2. жергiлiктi атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерi қызметiн үйлестiрудi талап ететiн;

25. Аппарат және жергiлiктi атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын ресiмдеу және келiсудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 16 тамыздағы №773 қаулысына, осы Регламентке сәйкес әкiмдiк қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын (бұдан әрi — жобалар) дайындауды iске асырады.

Мүдделi органдармен келiсiлген, бiрiншi басшылар немесе оларды алмастыратын тұлғалар қол қойған жобалар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынылады.

Жобаның келiсу парағында «ескертулермен» деген белгi болған жағдайда, бiрiншi басшылар немесе оларды алмастыратын тұлғалар қол қойған келiспеушiлiктер туралы қажеттi түсiндiрмелермен анықтама қосылады.

Жазбаларды әзiрлеуге қатысушы органдар арасында келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, қаралып отырған мәселелердiң мән-жайы құзыретiне кiретiн аудан әкiмнiң орынбасары, аппарат басшысы болмаса оның орынбасарларымен кеңес шақырылуы мүмкiн.

Келiспеушiлiктер жойылған жағдайда тиiстi орган белгiленген мерзiмде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселелер бойынша келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда, ақтық шешiм қабылдау үшiн аудан әкiмiнiң орынбасары, аппарат басшысы ол туралы аудан әкiмiне болмаса, оның алмастыратын тұлғаға хабарлайды.

26. Жобалардың уақытылы, сапалы әзiрленуiне және әкiмдiкке белгiленген мерзiмдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнiң бiрегейлiгiне оны әзiрлеудi iске асырушы органның бiрiншi басшысы дербес жауапкершiлiк тартады.

27. Жобалар мiндеттi түрде мыналармен келiсiледi:

  1. құзыретiне орай мүдделi атқарушы органдармен қаралатын мәселелердiң мән-жайын ескере отырып, атқарушы органдармен;
  2. бюджеттiк жоспарлау, экономикалық мақсаттылығы және ел мен өңiрдiң экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарына және бағдарламасына сәйкестiгi, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлерiмен бюджеттiк бағдарламаны iске асыру, тауарларды, жұмысты және қызметтi мемлекеттiк сатып алу, коммуналдық меншiк мәселелерi бойынша — аудандық экономика және қаржы бөлiмiмен;
  3. нормативтiк құқықтық актiнi әдiлет органдарында тiркеген жағдайда жоба мәтiндерiнiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде бiрегейлiгi мәселесi бойынша — мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен.

28. Жобаны әзiрлеушi жобаның барлық мүдделi атқарушы органдарымен келiсiлуiн ұйымдастырады.

Бұл ретте атқарушы органдарда келiсу мерзiмi бiр мезгiлде есептеледi және жобалардың түскен және тiркелген сәтiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

Әкiмнiң, әкiм орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмалары бойынша шешiмдердi неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдар басшылары немесе кеңестегi (мәжiлiстегi) олардың орынбасарлары жобаға бұрыштама қоюы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген лауазымды тұлғалар жобаға өздерiнiң бұрыштама қойғандығы туралы тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысына баяндайды.

Жобаны келiсуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделi органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеулермен келiсуден бас тартуға тиiс емес.

29. Келiсушi орган жобаны қараудың нәтижелерi бойынша әзiрлеушiге бiрiншi басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бiрiн ұсынуы тиiс:

  1. жоба ескертулерсiз келiсiлген (жоба бұрыштамасы бар);
  2. жоба ескертулермен келiсiлген (жобадағы қоса берiлуге тиiс ескертулермен бұрыштама);
  3. жобаны келiсуден бас тартылды (дәлелдi бас тарту қоса берiледi).

30. Келiсудiң мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн жобаны әзiрлеушi жобаның түпкiлiктi нұсқасына мүдделi органдардың барлық ұсыныстарын жинақтайды (ескертулердi жояды). Бұл ретте түпкiлiктi нұсқаны дайындау үдерiсiнде әзiрлеушi өзi келiскен, атқарушы органдардың ескертулерiн мiндеттi түрде жояды.

Қажет болған жағдайда, әкiмнiң, әкiм орынбасарларының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келiсуге жiберiлуi мүмкiн.

31. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттiлiгiн, әлеуметтiк экономикалық салдарын, ол қабылдаған жағдайда, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржылық шығыстар негiзделген түсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкiмдiктiң және әкiмнiң қандай актiлерi қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi мiндеттi түрде жобаға қоса бередi.

Мемлекеттiк органның басшысы–жобаны әзiрлеушi екi парақтан аса көлемдегi жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына алдын ала қол қоюы тиiс.

32. Жобаны әзiрлеушi жобада бұрын бiр мезгiлде қабылданған актiлердi қабылданатын актiлерге сәйкес келтiру бойынша норма көздейдi және нақты орындалу мерзiмiмен тапсырмалар тұжырымдайды.

33. Әзiрленген (пысықталған) жоба (оған тиiстi материалдармен бiрге) жоба бойынша сараптама жүргiзу және қорытынды дайындау үшiн (бұдан әрi — тексерiс) аппаратқа енгiзiледi.

Аппаратта тiркелер алдында жобаның iс қағаздарын жүргiзу талаптарына сәйкестiгi тексерiледi.

Жобаның iс қағаздарын жүргiзу талаптарына сәйкес еместiгi туралы ескертулер болған жағдайда, аппарат жобаны тiркеуге дейiн әзiрлеушiге қайтаруға хақылы.

Жоба тiркелгеннен кейiн оның мәтiндерiнiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi бiрегейлiгi аппараттың жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнде тексерiледi және құрылымдық бөлiмшелерде тексерiстен өтедi. Жобаға тексерiс жүргiзу мерзiмi 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

34. Аппарат оның мәтiндерiнiң сәйкестiгiн тексеру, тексерiс жүргiзу барысында немесе оның нәтижелерi бойынша жобаны төмендегi негiздер бойынша әзiрлеушiге пысықтауға қайтаруға хақылы:

  1. жобаның мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде мәтiндерiнiң бiргейлiгiнiң болмауы;
  2. оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкеспейтiндiгi;
  3. осы Регламенттiң талаптары бұзыла отырып ұсынылуы.

Басқа желеулер бойынша терiс қорытынды жобаны қайтару үшiн негiз бола алмайды.

35. Жобаларды әкiмнiң орынбасарларында келiсу мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес iске асырылады. Оларда мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, әкiмнiң орынбасарлары қажет болған кезде нәтижелерi хаттамамен ресiмделетiн кеңес шақырады.

Жоба әкiм орынбасарларының келiсуiнен өткеннен кейiн аудан әкiмi аппараты басшысымен келiсiледi.

36. Аудан әкiмi әкiмдiк қаулыларына, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiне қол қояды. Оларға қол қойғаннан кейiн көрсетiлген құжаттардың түпнұсқаларына түзетулер енгiзуге жол берiлмейдi.

36-1. Аудан әкiмi қол қойған аудан әкiмдiгiнiң қаулысы, әкiмнiң шешiмi мен өкiмдерi оларды есепке алуды және тiркеудi iске асыратын жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшеге түседi.

36-2. Қол қойылған әкiмдiк қаулыларына, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне мыналардан тұратын тiркеу номерлерi берiледi:

  1. қаулылар мен шешiмдер үшiн — күнтiзбелiк жылдың басынан реттiк номер, өкiмдер үшiн — сызықша арқылы «ө» әрпi көрсетiле отырып, күнтiзбелiк жылдың басынан реттiк номер;
  2. құпия немесе өте құпия мәлiметтерi бар қаулылар, шешiмдер (өкiмдер) үшiн — сызықша арқылы құпия үшiн «қ» әрпiн және өте құпия қаулылар, шешiмдер (өкiмдер) үшiн «өқ» әрiптерiн, құпия мәлiметтерi бар қаулылар, шешiмдер (өкiмдер) үшiн реттiк номер қоя отырып, құпия емес қаулылар, шешiмдер (өкiмдер) үшiн реттiк номер.

37. Жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше басшысы бекiткен тарату көрсеткiшiне сәйкес аппараттың жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесi әкiмдiк қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң расталған көшiрмелерiн таратады.

Әдiлет органдарында тiркелуге жататын әкiмдiктiң және аудан әкiмiнiң актiлерi тiркелгеннен кейiн алушыларға жөнелтiледi.

Әкiмдiк қаулыларының, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң түпнұсқалары жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнде сақталады.

Құжаттардың уақытылы шығарылуына және алушыларға жөнелтiлулерiне жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше жауапкершiлiк тартады.

38. Техникалық қателер табылған жағдайда, әкiмдiк қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ауыстырылуы мүмкiн. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылуы тиiс.

39. Әкiмдiкпен және әкiммен қабылданған актiлердiң бақылау даналарын есептеу, жүйелеу және жүргiзу, оларға ағымдағы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшенiң шешiмдер шығару жөнiндегi секторымен iске асырылады.

40. Әкiмдiктiң және аудан әкiмiнiң жалпы мiндеттi мәнi бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандығына және мiндеттерiне қатысты барлық актiлерi әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелуге және ресми жариялау құқығын алуға конкурста жеңiмпаз болған «Маяк» және «Қызылжар» аудандық газеттерiнде мiндеттi жариялануға жатады.

Актiлердi мемлекеттiк тiркеуге таңдау және оларды (ZIP) мұрағаттық нысанын сақтаумен электронды пошта арқылы баспалық және электрондық түрде әдiлет органдарына жiберудi заңнамада белгiленген тәртiпте аппараттың заң мәселелерi жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесi iске асырады.

Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген актiлердi жариялауға жiберудi аппараттың заң мәселелерi жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесi заңнамада белгiленген тәртiпте iске асырады. Нормативтiк құқытық актiлердi ресми жариялау кезiнде мемлекеттiк тiркеу номерi мен датасын көрсету мiндеттi болып табылады.

Нормативтiк құқықтық актiлер күшiн жойды деп танылған жағдайларда жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiмен бiр апталық мерзiмде әдiлет басқармасына және актiнi растайтын көшiрмесiнiң қосымшасымен жариялау үшiн ресми баспалық баспасөздерге хабарланады.

41. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторинг жүргiзiлуiнiң толықтығын қамтамасыз ету үшiн заң мәселелерi жөнiндегi құрылымдық бөлiмше тоқсан сайын әдiлет органдарына ай сайын, 10 күнiне, есептi кезеңнен кейiнгi, болмаса, қажет болған жағдайда заңнамамен белгiленген тәртiпте басқа мерзiмде әкiмдiк қаулылары мен әкiм шешiмдерiнiң тiзбесiн ұсынады.

42. Мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкiмдiк және әкiм қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлермен танысу үшiн мүдделi тұлғаларға рұқсат беру мiндеттi болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртiппен жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмше iске асырады.

5. Заңнамалық актiлердiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдiк пен облыс әкiмi актiлерi мен тапсырмаларының орындалуына бақылау және тексерiс ұйымдастыру тәртiбi

43. Заңнамалық актiлердiң, Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi, Премьер-Министрi, әкiмдiктiң және облыс әкiмiнiң, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актiлерiнiң орындалуын ұйымдастыру заңнамамен көзделген тәртiпте iске асырылады.

44. Заңнамалық актiлер, Республика Президентiнiң, Республика Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдiктiң, әкiмнiң, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актiлерi мен тапсырмалары және өз құзыреттерi шегiнде мемлекеттiк органдардың және лауазымды тұлғалардың өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.

45. Заңнамалық актiлер, Республика Президентiнiң, Республика Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдiктiң және әкiмнiң, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актiлерi мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына жауапкершiлiк, осылар орындауға жiберiлген, атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.

46. Әкiмдiктiң және аудан әкiмiнiң, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актiлерi мен тапсырмалар, белгiленген атқарылу мерзiмiн ескере отырып, төмендегi бақылау түрлерiне қойылады:

  1. шұғыл — «аса шұғыл» белгiсi барлары — үш жұмыс күнi iшiнде, «шұғыл», «жылдамдатылсын» — бес жұмыс күнiне дейiн;
  2. қысқа мерзiмдi — он жұмыс күнiнен бiр айға дейiн;
  3. ортамерзiмдiк — бiрден алты айға дейiн;
  4. ұзақ мерзiмдi — алты айдан астам.

Мерзiмдерi белгiленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнiнен есептелетiн орындаудың бiр айлық мерзiмi белгiленедi.

Атына тапсырма берiлген мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, өкiлдерi отырысқа қатысқан, тапсырманы орындауға мәжiлiстен кейiн дереу, отырыс хаттамасы немесе облыс әкiмi қол қойған тапсырмасын күтпестен кiрiсуге мiндеттi.

47. Бiрнеше атқарушыға берiлген тапсырмаларды орындауды, тапсырмада бiрiншi тұрған немесе оның қасында «(шақыру)» деген белгi тұрған лауазымды тұлға үйлестiредi.

48. Егер, тапсырманың белгiленген мерзiмiнде орындалуы мүмкiн болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бiрiншi басшысы (болмаса оның мiндетiн атқарушы тұлға) дер уақытында, алайда белгiленген мерзiмiне дейiн үш күннен кешiктiрмей кiдiрудiң себептерi туралы хабарлауға және белгiленген тәртiппен оны орындау мерзiмiн ұзарту туралы осы тапсырманы берген лауазымды тұлғаға жазбаша хабарлауы тиiс.

49. Әкiмдiктiң, аудан әкiмiнiң, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актiлерiнiң және тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзiмiн ұзарту, соның iшiнде оларды ортамерзiмдiк және ұзақмерзiмдiк бақылауға ауыстыруға облыс әкiмiнiң немесе аппарат басшысының шешiмi бойынша бер реттен асырмай жол берiлмейдi.

50. Әкiмдiктiң, облыс әкiмiнiң, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актiлерiнiң және тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзiмiн екiншi қайтара ұзартуға, аудан әкiмiнiң немесе аппарат басшысының шешiмiмен айырықша жағдайларда, жергiлiктi атқарушы орган басшыларының тәртiптiк жауапкершiлiгi туралы мәселенi қарай отырып, жол берiледi.

Аппаратқа әкiмдiктiң, аудан әкiмiнiң оның орынбасарларының және аппарат басшысының актiлерi мен тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзiмiн ұзарту туралы екi реттен артық ұсыныс енгiзiлген жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар басшыларын тәртiптiк жазалау туралы мәселе қаралады.

51. Актiлер мен тапсырмалар тармақтарын бақылаудан алу үшiн мыналар негiз болып табылады:

  1. толық және сапалы орындалуы;
  2. туындаған объективтi жағдайға қарай атқарудың мүмкiн болмауы.

52. Аппаратпен, аудан әкiмi айқындаған тәртiппен заңнамалық актiлердi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдiктiң және аудан әкiмiнiң, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актiлерi мен тапсырмаларын орындау мерзiмдерiн бақылау жөнiндегi қызметтi қамтамасыз ету.

53. Аппараттың ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөнiндегi құрылымдық бөлiмше аудан әкiмiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдiктiң және аудан әкiмiнiң заңнамалық актiлерiнiң орындалу барысы туралы жүйелi түрде хабардар ете отырып, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi.

54. Аудан әкiмiнiң орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмаларын орындауға бақылауды сәйкесiнше аудан әкiмi орынбасарларының және аппарат басшысы орынбасарының бас мамандары, ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы тапсырманы орындау құзыретiне енетiн бөлiмдермен бiрлесiп iске асырады.

Аудан әкiмiнiң орынбасарлары, аппарат басшысы заңнамалық актiлердi, Республика Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмдiктiң және әкiмнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындаудың белгiленген тәртiбiнiң өрескел бұзылу фактiлерi бойынша кiнәлi лауазымды тұлғаларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзе алады.

Мақаланың шыққан күні: 18.08.2017 11:32

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.08.2017 14:05

СҚО Қызылжар ауданының әкiмi
Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019  Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+