Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Әлеуметтік қорғау

Атаулы әлеуметтiк көмек

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек тұрмысы төмен азаматтарға немесе отбасыларға көрсетiлетiн қолдаудың үш түрiн бiр пакетпен ұсыну болып табылады.

Бұл дегенiмiз, тек атаулы әлеуметтiк көмектi төлеп қана қоймай, мемлекет тарапынан жұмысқа тұруға жәрдемдесудi бiлдiредi, яғни жұмыссыз жүрген отбасы мүшелерi мемлекет есебiнен оқуға жiберiледi, жастар тәжiрибесiне, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтiк жұмыс орындарына орналастырылады, сондай-ақ жеке iсiн ашуға немесе бизнесiн кеңейтуге микрокредит берiледi.

Егер отбасындағы адамдар қиын өмiрлiк жағдайға тап болса, мемлекет кепiлдiк берген арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетiледi.

Осылайша, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек аз қамтылған отбасыларды немесе азаматтарды кедейлiктен шығаруға бағытталған кешендi қолдау тәсiлдерiнен тұрады.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 50%-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрiнде тағайындалады. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша кедейлiк шегi 2018 жылғы 1 тоқсанға 10971 (он мың тоғызжүз жетпiс бiр) теңгенi құрады. Жыл басынан АӘК 88 отбасыға оның iшiнде 404 адамға жалпы соммасы 9 298,8 мың теңге көлемiнде тағайындалды.

Жұмыспен қамту орталығы мен қызмет алушылар арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады. Әлеуметтiк келiсiмшарт 6 айға қол қойылады және оны тағы 6 айға дейiн создыру мүмкiндiгi берiледi. Жыл басынан 71 әлеуметтiк келiсiмшарт жасалынды.

Әлеуметтiк келiсiмшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара мiндеттер алады: әлеуметтiк қызметтер — жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге күш салуға және төлемдердi төлеуге, ал отбасының еңбекке қабiлеттi мүшелерi — отбасын аз қамтылған топ құрамынан шығаруға бағытталған әлеуметтiк бейiмдеу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына адал қатысуға мiндеттенедi.

Анықтама үшiн тел.: 2-21-07, 2-27-03.

«Қызылжар аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi» КММ

Қазақстан Республикасы әлеуметтiк қызметкерлерiнiң форумы

2017 жылғы 20 қыркүйек күнi Астана қаласында алғаш рет Қазақстан Республикасы әлеуметтiк қызметкерлерiнiң форумын өткiзу жоспарланып отыр.

Әлеуметтiк қызметкерлер — олардың арқасында мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге мұқтаж мыңдаған адамдарға көмек көрсететiн адамдар.

Өкiнiшке орай, қазiргi кезде қарт адамдарды және мүгедектердi ең жақын адамдары назарынан тыс қалдыруда. 

Бiздiң ешкiмдi сөгуге құқығымыз жоқ, мұқтаж адамдарға қажеттi әлеуметтiк көмек көрсету және қолдау көрсету — бiздiң мiндетiмiз. Бұл ретте, әлеуметтiк қызметкер жүрегi жылы, жаны жайсаң адам болуы тиiс, өйткенi осындай адамдар бiрiншi кезекте қамқорлық жасап, көңiл бөлуге мұқтаж жандар ғой.

Қарттар мен ерекше қажеттiлiктерi бар адамдардан басқа, қорғау және қолдау көрсету қажет болып отырған — тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, адам саудасы құрбандары, белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар, бас бостандығынан айыру орындарын босатылған адамдар бар.

Осылардың барлығы бiздiң отандастырымыз, ал әлеуметтiк қызметтiң мiндетi олардың қоғамда лайықты өмiрге оралуларына жағдай жасау үшiн оларға уақытылы көмек көрсету болып табылады.

Ағымдағы жылы Қазақстанда алғаш рет Әлеуметтiк қызметкерлердiң форумы өткiзiлетiн болады, оның негiзгi мақсаты — халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнде әлеуметтiк қызметкерлердiң рөлiн арттыру, заманауи қоғамда олардың рөлiн, әлеуметтiк қорғау жүйесiн дамытуда олардың қосқан үлесiн тану, жинақталған тәжiрибенi қорытындылау және саланың дамуының негiзгi бағдарларын белгiлеу болып табылады.

Форум аясында мынадай бағыттар бойынша секциялық отырыстар ұйымдастырылады: 

  1. Мүгедектермен, соның iшiнде мүгедек балалармен және қарт адамдармен әлеуметтiк жұмыс;
  2. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен әлеуметтiк жұмыс;
  3. Адам саудасы құрбандарымен әлеуметтiк жұмыс;
  4. Түрме саласындағы әлеуметтiк жұмыс;
  5. Белгiлi тұрағы жоқ адамдармен әлеуметтiк жұмыс. 

Секциялық отырыстардың негiзгi мiндеттерi — жекелеген тақырыптарды тереңiрек талқылау, тәжiрибемен алмасу, тиiмдi шешiмдер қабылдау, әлеуметтiк қызмет көрсету саласын әрi қарай дамыту жөнiнде ұсыныстар қалыптастыру.

Алдағы уақытта өтетiн Қазақстан Республикасы әлеуметтiк қызметкерлерiнiң форумы аясында ауданда әлеуметтiк қызметкерлердiң рөлi және әлеуметтiк қызметкерлердiң жұмысын танымал ету туралы сюжеттер мен репортаждарды, бiр қатар мақалалар мен жарияланымдарды жарыққа шығару қарастырылған.

Әлеуметтiк сала-мемлекеттiң ең маңызды саласы

Бiздiң мемлекетте қарттар мен мүгедектерге, мүгедек балаларға, өмiрлiк қиын жағдайдағы отбасыларға үлкен көңiл бөлiнедi. Оңалту тиiмдiлiгi кешендi тәсiлдемемен қамтамасыз етiлген үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерi құрылған.

Жыл сайын бiздiң ауданның әлеуметтiк қызметкерлерiнiң еңбегi аудан, облыс деңгейiнде ғана емес, сонымен бiрге республикалық деңгейде бағаланады.

«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы N3827 Жарлығымен (2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығымен) «Әлеуметтiк қызметкерлер күнiн», қазақстандықтар қазанның соңғы жексенбiсi мерекеленедi деп тағайындалды.

Бұл мереке өзгенiң мұң-мұқтажына бейжай қарай алмайтын және оларды шешуге көмектесетiн мейiрбан жандардың мерекесi. Олар аз қамтамасыз етiлген азаматтармен, мүгедектер және зейнеткерлермен жұмыс iстейдi.

Өз еңбектерiмен жалғыз басты қарттарға, мүгедек балаларға және басқа мұқтаж азаматтарға көмек көрсетедi. Кәсiптiк мереке кезiнде оларға құрмет көрсетiледi, көңiл бөлiнедi.

Үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiнде әлеуметтiк қызметкерлермен арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес көрсетiледi.

Қызылжар ауданының аумағында 4 үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi жұмыс iстейдi, онда 4 меңгерушi, әлеуметтiк мәселелер бойынша 2 кеңесшi жұмыс iстейдi, жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн 70 әлеуметтiк қызметкер, мүмкiндiгi шектеулi балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурумен ауыратын мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға көмек көрсететiн 24 әлеуметтiк қызметкер жұмыс iстейдi.

Үйдегi күтiм жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету арқылы өмiрлiк қиын жағдайдағы тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсетiледi.

Үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiмен 410 адамға оның iшiнде: 360 қарттар мен мүгедектер, 33 мүгедек балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурумен ауыратын 17 тұлғаға қызмет көрсетiледi. 2017 жылы медико-әлеуметтiк мекемеге 7 қарт адамдар мен мүгедектер ресiмделдi. Меңгерушiлер, әлеуметтiк қызметкерлер, үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiнiң кеңесшiлерi бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлау курстарынан мерзiмдi түрде өтедi. Тоқсан сайын әлеуметтiк қызметкерлерге әдiстемелiк көмек көрсету үшiн семинарлар өткiзiледi.

Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету саласында теориялық және практикалық заманауи әдiстердi меңгерген жоғары бiлiктi мамандар жүйесiмен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтiк қызметкерлер үшiн бес жылда бiр рет аттестация өткiзiледi.

Әлеуметтiк қызметкерлерге қатысты жыл сайынғы мерекелiк iс-шараларды өткiзу нәтижесiнде өмiрлiк қиын жағдайдағы тұлғалар үшiн арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету деңгейi арта түседi.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Мақаланың шыққан күні: 12.06.2017 14:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.07.2018 12:52

СҚО Қызылжар ауданының әкiмi
Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019  Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+