Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сауда, кәсіпкерлік және бизнес

«Атамекенiм» акциясы кәсiпкерге жаңа мәртебе бередi

«Атамекенім» акциясы кәсіпкерге жаңа мәртебе береді

11 Қыркүйекте «Атамекен» алаңында Ұлттық кәсiпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, кәсiпкер Қайрат Құдайбергеннiң қатысуымен баспасөз мәжiлiсi өттi. Баспасөз мәжiлiсiнде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Ұлттық палатаның бастамасымен «Атамекенiм» акциясының басталғаны туралы хабарлады.

Акцияның мақсаты — әлеуметтiк жауапкершiлiк мәселелерiнде бизнестiң бастамаларына қолдау көрсету. Акция Қазақстанның 16 өңiрiнде өтедi.

«Елiмiзде «Туған жер», «Туған жерге тағзым» атты шаралар өткiзiлiп келедi. Бiз Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру, бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында «Атамекен» акциясын ұйымдастырып отырмыз. Бұл акция аясында Ұлттық палата бiрнеше бастамаларды көтерiп отыр», — деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

БАҚ өкiлдерiмен кездесу барысында Абылай Мырзахметов қайырымдылықты ынталандырудың экономикалық шаралары бар екенiн еске салды. Әлеуметтiк мәселелердiң шешiлуiне атсалысқан кәсiпкерлер белгiлi бiр салық жеңiлдiктерiн пайдаланады.

«Қолдағы ақпаратты қарайтын болсақ, салық жеңiлдiктерiн пайдаланудың тиiмдiлiгi, қайырымдылықтың қоғам дамуына әсерi туралы бағалау мен мониторинг жоқ. Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң мәлiметiнше, қайырымдылық бойынша салық салудың жеңiлдiк нормасын пайдаланған кәсiпорындар саны 2015 жылы 2 мыңға жеткен, ал салық салынатын табысты азайту сомасы — шамамен 46 млрд теңге», — дедi Басқарма Төрағасы.

Абылай Мырзахметов сонымен қатар «Атамекен» ҰКП бастамалар жайында таныстырып өттi.

«Бiз «Парыз» мемлекеттiк сыйлығын бекiтудi, «Үздiк әлеуметтiк кәсiпкер» аталымын беру туралы бастама көтерiп отырмыз. Басты мақсат — қайырылымдылық жасау, жақсылыққа шақыру идеясын таратып, әлеуметтiк жобаларды жүзеге асыруға үлес қосқан кәсiпкерлердiң үлесiн бағалау, ынталандыру», — деп түсiндiрiп өттi Басқарма Төрағасы.

Ал кәсiпкер Қайрат Құдайберген қайырымдылық жасаған, әлеуметтiк мәселелердi шешуге үлес қосқан кәсiпкерлер туралы ақпаратты тарату көпшiлiктi игi iстердi атқаруға үндеу екенiн атап өттi. Ал кәсiпкерлердiң көбi салық саласында белгiлi бiр артықшылыққа ие болатыны туралы хабарсыз екенiн айтқан бизнесмен ынталандыру шараларының ауқымы кең болуы керектiгiн ұсынды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев Ұлттық палата әзiрлейтiн Әлеуметтiк мәселелер тiзiмiн түсiндiрiп өттi.

«Бiз Қазақстан бойынша қандай әлеуметтiк мәселе бар екенiн жинақтағымыз келедi. Өңiрлер бойынша жеке-жеке сараланған мәселелер кәсiпкердiң әлеуметтiк мәселелердi шешуiне көмек болады. Кәсiпкер қандай да бiр көмек бере отырып, салықтық артықшылықтарды пайдалана алады», — дедi Эльдар Жұмағазиев.

«Атамекен» ҚР ҰКП ресми интернет-ресурсында «Қайырымдылық» айдары ашылады және осы айдарда Әлеуметтiк мәселелер тiзiмi жарияланады. Қандай да бiр көмекке немесе қолдауға мұқтаж азаматтар онлайн-режимде осы тiзiмге өтiнiм қалдыруға мүмкiндiгi бар. Кәсiпкерлер өтiнiм-тiлектермен таныса алады. Өтiнiм қалдыратын немесе керi байланысқа тапсырыс беруге болатын арнайы батырма да iске қосылады.

Бүгiнде «Атамекен» ҚР ҰКП Павлодар облысының әкiмдiгiмен бiрге Екiбастұз қаласы мен Шарбақты ауданын мысалға ала отырып, елдiмекендер жеке-жеке енгiзiлген Әлеуметтiк мәселелер тiзiмiн дайындады. Ұлттық палата облыстарда және әрбiр елдiмекенде жекелей атаулы қайырымдылық жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн мәселелерге сұрыптау жүргiзудi ұсынып отыр.

Баспасөз мәжiлiсiнде «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов атап Ұлттық палата кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, жас ұрпақтың қаржылық сауатын ашу, интеллектуал ұлт қалыптастыру мәселесiне көңiл бөлiп отырғанын екреше атап өттi. Сонымен қатар меценаттардың, қайырымдылықпен айналысатын кәсiпкерлердiң де тiзiмiн дайындау туралы бастама көтерiлгенiн хабарлады.

«Атамекен» акциясы аясында Facebook пен Instagram әлеуеметтiк желiлерiнде жалпыға ортақ топтар ашылады. Аталған топтар әлеуеметтiк жауапкершiлiк танытатын азаматтар мен көмектесуге дайын бизнесмендердiң басын қосады. Аталған акция 2017 жылдың соңына аяқталады.

atameken.kz

Мақаланың шыққан күні: 14.06.2017 17:13

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.07.2018 11:37

СҚО Қызылжар ауданының әкiмi
Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов

Промышленная Революция 4.0

Желтоқсан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыБолашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2018  Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+