Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (ZIP 1713 Kb)

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қайырымдылық акция

2017 жылдың 8 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар және балалар бастамалары орталығы» КММ Қызылжар ауданының ОСП-мен бiрге бостандықтан айыру орындарынан босатылған А.В. Алавердовқа материалдық көмек көрсеттi.

«Алтын қазына» атты көрме

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру шегiнде Қызылжар ауданы мектептерiңде «Алтын қазына» атты сәндiк-қолтанбалы шығармашылық көрмесi ұйымдастырылды. 

«Рухани жырау» бағдарламасы аясында «Тәуелсiздiк кезеңдерi» атты дөңгелек үстел

«Рухани жырау» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 9 қарашасында Налобинск орта мектебiнде жоғары сынып оқушыларының арасында «Тәуелсiздiк кезеңдерi» атты дөңгелек үстел өттi. Бұл iс-шараны тарих мұғалiмi Мусина Рауза Маратпаққызы жүргiздi. Спикерлер арасында нақты пiкiрталас туғызған қызықты сұрақтар таңдалды. Әрбiр студент өзiнiң көзқарасын қорғай алды. Балалар келген патриотизм, Отанға деген сүйiспеншiлiк, дәстүрлердi құрметтеу, бiздiң тәуелсiздiгiмiздiң негiзгi компоненттерi болып табылатын «дөңгелек үстел» нәтижесi.

«Қазақ әлiпбиiн латын графикасына көшiру ақталады» тақырыбында орыс тiлiнде дебат сайысы

2017 жылдың 9 қарашасы күнi «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Бескөл орта мектебi гимназиясында «Қазақ әлiпбиiн латын графикасына көшiру ақталады» тақырыбында орыс тiлiнде дебат сайысы өттi. 

Дебат ойындары мектеп оқушыларының интеллектуалды, коммуникативтi қабiлеттерiн ашу негiнде өткiзiлдi. Дебатқа қатысушылар америкалық парламент жүйесi негiнде ойнады. Парламент дебаттарының америкалық жүйесi. Екi топ. Бiрi жақтаушы, бiрi қарсы. Үкiмет және опозиция. Спикерлер, латын графикасына көшудiң негiзгi артықшылықтарын айтты. 

Турнирдың соңында ең үздiк спикер марапатталды. «Үкiмет» тобынан 11 сынып оқушысы Томирис Айтмұхамбетова, «оппозиция» тобынан 9 сынып оқушысы Дамир Бекайдар ең үздiк спикер атанды. 

Өткiзiлген сайыс негiзiнде — қатысушылар жақсы тәжiрбие алып, сондай-ақ өздерiнiң көзқарастарын жүйелеп дәлелдеу, дамыту мүмкiншiлiгiне ие болды. Қазақ әлiпбиiн латын графикасына көшiрудiң өзгешiлiктерi мен тапсырмасын түсiндiру мақсатында, аудандық тiлдердi дамыту бөлiмi ұйымдастырды.

Осындай дебат сайысы, алдыңғы жолы «Парасат» мектеп-лицейi оқушыларының арасында қазақ тiлiнде өттi.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының мақаласын талқылау бойынша Лесной ауылдық округ әкiмiнiң жастармен кездесуi

2017 жылдың 9 қарашасында Преснов орта мектебiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының мақаласын талқылау бойынша Лесной ауылдық округiнiң әкiмi жастармен кездесу өттi. Осы кездесуде «Жастар және балалар бастамалар орталығының» директоры Д.Закирин және «Жас Отан» ЖҚ аудан бөлiмшенiң жетекшiсi Мухамеджанов А. қатысты. Кездесудiң қатысушылары талқылау барысынд мақаланың барлық бағыттары бойынша тоқталды. 

Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаланы талқылау бойынша Қызылжар ауданының аграрлық-техникалық колледж студентермен кездесу

2017 жылғы 10 қарашада «Жастар және балалар бастамалар орталығы» КММ мен «Нұр Отан» аудандық филиалы партиясы, Қызылжар ауданының аграрлық-техникалық колледжiнде студентермен Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың негiзгi ережелерiн түсiндiрдi, бағдарлама барысында көшбасшылық дамыту және команда құру бойынша әр түрлi тренингтер өткiзiлдi, жиын сонында спортық iс-шара ұйымдастырылды, жеңiмпаздар естелiк сыйлықтармен марапатталды.

Жергiлiктi ақын И. Петровтың шығармашылық кешi

2017 жылдың 10 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, жергiлiктi ақын И. Петровтың мерейтойына арналған, «Свой край родной в стихах мы славим» шығармашылық кешi, аудандық кiтапханада өттi. Осы iсшараны ұйымдастырушы — мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi. 

Iсшараға — жоғарғы сынып оқушылары, әрiптестерi, ақынның туыстары мен туғандары қатысты. Iсшара — ақын өмiрi жайлы слайдт презентациялардан басталды. Кiтапхананың дәрiзiнде қонақтарға арналған фуршет устелi жайылды. 

Бұл кеште, Қызылжар ауданының әкiмi Б.С. Жұмабековтен, аудандық маслихат хатшысы А.А. Молдахметовадан, мәдениет бөлiмiнiң басшысы С.Т. Алдаевадан, сондай-ақ орыс халық хорының ардагерлерiнiң қатысушылары Н.П. Масловодан, Н.Г. Ивановтан, Б.Ж. Галеевадан, Волкова-Сероводан, Ю. Зайберттен бiрталай жылы сөздер мен құттықтаулар айтылды. Ақынның өлең жолдары және әдемi әуендер тыңдалып кiтапхана залында жылы әрi татулы атмосфера болды. 

Мерейтой иесiне, өздерiнiң музыкалық әуендерiн — Мәдениет үйiнiң және орыс халық хорының ардагерлерi сыйлады. Мерейтой иесi И. Петровтiң әндерi мен өлеңдерi орындалды. 

Iсшара соңында мерейтой иесi И. Петров iсшараны өткiзушiлер мен қатысушыларға алғысын бiлдiрдi.

«Ауыл шаруашылығы жұмысшылар күнiне»арналған «Ауылдағы еңбек әрдайым құрметтеледi» мерекесi

2017 жылдың 18 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламысы аясында Новоникольск МҮ «Ауыл шаруашылығы жұмысшылар күнiне»арналған «Ауылдағы еңбек әрдайым құрметтеледi» мерекесi тойланды. 

Ауылшаруашылық жұмысшыларын ауыл округi әкiмi Е.И. Захарова мен «Зенченко және К» КТ директоры Г.Г. Зенченко құттықтау лебiздерiн бiлдiрдi. 

Еңбекқор деген Командиттiк серiктестiк жұмысшыларын Г.Г. Зенченко Құрметтi Мадақтамалармен марапаттап, ақшалай сыйлықтар табыстады. 

Қатысушылар үшiн ән айтылып, би ұжымы би билеп, ясли–сад «Ажар» Балабақшасы тәрбиеленушiлерi өз өнерлерiн көрсеттi. 

«Қазақстан, туған жер патриоттық әндер» сайысы

2017жылдың 20 қарашасында «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан, туған жер патриоттық әндер» сайысы. Мектеп оқушыларының арасында Бугровое селолық клубында әндер сайысы өткiзiлдi. Сайысқа 32 адам қатысты. Үздiк орындаушыларға дипломдар марапатталды.

«Туған жерге тағзым!» атты дөңгелек үстел

2017 жылдың 22 қарашасында АОК қызметкерлерi балалар кiтапханасының оқырман залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым!» дөңгелек үстелiн өткiздi. 

Мәдениет және тiлдер бөлiмiнiң басшысы С.Т. Алдаева тапсырмаларды шешу бойынша, негiзгi төрт бөлiм жайында айтып өттi.

ОКЖ директорының м.а. Э.Е. Кабиева «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты аспектiлерiн кiтапханашылар iс-шаралар өткiзу барысында қолдана алатыны жайлы айтты.

Кейiн, мәдениет бөлiмiнiң бас маманы С.А. Кушкумбаева, «Бiрiншi кезекте жастардың қызығушылығын арттырып, оларды түрлi iс-шараларға қатыстыру бiздiң басты мiндетiмiз болып табылады» екенi жайлы сөз сөйледi. 

Iс-шара ауданымыздың барлық кiтапханашылары жұмыс жасап жатқан «Туған жер» бағдарламасын қызу талқылаумен аяқталды.

«Бiз болашағымызды таңдаймыз» атты 1 ауылдық әйелдер Форумы

2017 жылдың 30 қараша күнi Қызылжар ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Солтүстiк Қазақстан облысы iскер әйелдер Ассоциациасының бастауымен «Бiз болашағымызды таңдаймыз» атты 1 ауылдық әйелдер Форумы өткiзiлдi.

Форумға Қызылжар ауданының iскер әйелдерi, депутаттар, қоғамдық ұйымдардың мүшелерi, кәсiпкер әйелдер және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң гендерлiк сұрақтары бойынша кеңесшiсi, АҚ «СҚО iскер әйелдер Ассоциясы» төрағасы Бахытжан Мағжанқызы Самиева Форумға қатысушыларды құттықтай отыра: Елбасының салиқалы саясатының арқасында бүгiнде гендерлiк құқыққа қол жеткiзiп отырмыз. Бүгiнде қоғамдық саяси жұмыстарға араласып жүрген нәзiк жандардың саны көптеп артуда.

Қызылжар ауданында 44 411 адам тұрады, оның iшiнде 22 461 әйел азаматшалар. 38 әйел басшы лауазымда жүрген әйелдердiң, 26 бiлiм саласында жұмыс атқарады. Тек қана биылғы жылдың өзiнде 11 әйел кәсiпкерлiкпен айналысу үшiн үкiметтiк қолдауға ие болып отыр.

Бүгiнгi Форум бiздiң әйел қауымына елiмiздiң тұрақтылығына және ертеңiне деген сенiмдiлiктi ұялататыны сөзсiз-деп атап айтты.

Жиналыс барысында «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қорының бас менеджерi Жақыпова Г.Х., АҚ «Цесна Банк» директорының орынбасары Қарабеков М.Т., КТ «Есиль» ЖШС басқармасының төрағасы Бiләлова Ш.С. сөз сөйледi.

Халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту бағдарламалары аясында аудандағы атқарылған жұмыстарды жұмыспен қамту орталығының директоры Тикибаева Р.Е. баяндап бердi.

Ары қарай өз iсiн қалай дөңгелетiп жүргенi жайлы, қалай бастағаны туралы Якроь селосының жеке кәсiпкерi Безуглова М.А. баяндап бердi.

Форум соңында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң гендерлiк сұрақтары бойынша кеңесшiсi, АҚ «СҚО iскер әйелдер Ассоциациясы» төрағасы Бахытжан Мағжанқызы Самиева осы Форумды өткiзуге қолдау көрсеткен аудан әкiмi Б.С. Жұмабековке алғысын бiлдiрiп, келе жатқан елiмiздiң ерекше мерекесi тұңғыш Президент күнiмен құттықтады.

«Тарих Көшбасшымен жазылады» атты кiтап көрме

2017 жылдың 30 қараша күнi Бескөл ауылындағы Мәдениет үйiнде Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiне арналған салтанатты шара өттi. Сонымен қатар, ауылдық кiтапханаларда 29-30 қараша күндерi «Тарих Көшбасшымен жазылады» атты кiтап көрмесi ұйымдастырылды.

Аудандық Мәдениет үйiнiң фойесiнде «Ел жүрегi- Астана», «Ғасыр адамы», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «ЭКСПО- болашақ энергиясы» ақпараттық көрмесi ұйымдастырылды. Көрме барысында ҚР Президентi туралы фильм, «Елбасының Қызылжар ауданындағы саяхаты», «Бiр ел — бiр тағдыр», «Ақ тiлекпен Елбасына» акциясы және электронды кiтаптар желiсi көрсетiлдi.

Көрермендер залында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев туралы фильм көрсетiлдi. 

Жиналған қауымды аудан әкiмi Б. Жұмабеков құттықтап, мерекеге орай, ел экономикасының дамуына қосқан үлес қосқан бiрқатар жерлестерге облыс және аудан әкiмiнiң Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары мен Қызылжар ауданының 20-жылдығына орай мерейтойлық медальдарын табыс еттi. 

Шара барысында көрермендерге «Ұлт Көшбасшысының жолы» атты Елбасының өмiр жолынан үзiндi мен қатар театрланған қойылым көрсетiлдi. 

Салтанатты шараға жиылған қауым «Мерей» өнер мектебiнiң ұстаздары, мектеп мұғалiмдерi және аудандық Мәдениет үйiнiң өнерпаздарының өнерлерiн тамашалады.

Шара қортындысын Е. Карипов пен Д.Досболовтың орындауындағы «Елiм менiң» әнiмен аяқталды.

«Сананы жаңғырту — тұрақты рухани дамудың негiзi» атты дөңгелек үстел

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымды жылдың 6 желтоқсанында сағат 11-де Асаново орта мектебiнде «Сананы жаңғырту — тұрақты рухани дамудың негiзi» тақырып бойынша дөңгелек үстел өткiзiлдi. Осы iс-шараға бюджеттiк сала қызметкерлерi, мектеп оқушылары қатысты. 

Қоғамдық келiсiмiн, қазақстандық бiрегейлiгi мен бiрлiгiн нығайту, «Мәңгiлiк Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын енгiзу, өскелең ұрпақты жаңа қазақстандық отаншылық рухында тәрбиелеу — осы iс-шараның мақсаты. Барлық қатысушыларда өз көзқарасын, өз пiкiрлерiн бiлдiруге мүмкiндiк болды. 

«Менiң Қазақстаным, жайнайбер және гүлденебер» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне арналған кiтап көрмесi

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылжар аудандық кiтапханасында «Менiң Қазақстаным, жайнайбер және гүлденебер» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне арналған кiтап көрмесi ұйымдастырылды. Барлық ауылдық кiтапханаларда 7 желтоқсанда «Елiмiз, Тәуелсiздiгiм және бiз туралы» кiтап көрмелерi ұйымдастырылып, ондағы әдебиеттерге шолу жүргiзiлдi.

«Атамекен — бабалар жерi» атты тарихи сағаты

2017 жылдың 13 желтоқсанындаТәуелсiздiк күнiне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық балалар кiтапханасы «Атамекен — бабалар жерi» атты тарихи сағатын өткiздi. Қатысушылар Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiне орай Отан туралы тақпақтар айтып, шылы шырайларын жеткiздi. 

Атаулы шараға байланысты «Қазақстан — бiздiң мақтанышымыз» атты кiтап көрмесi ұйымдастырылып, «Тәуелсiз ел — Қазақстан» тақырыбына шолу жасалды. «Мерей» өнер мектебiнiң тәрбиеленушiлерi «Күршiлер» және «Түркiмен» күйлерiн орындады. 

Бiздiң елiмiздiң табиғаты өте әсем және халқы мейiрiмдi. Осы тұрғысында мектеп оқушылары Эльвира Ашпекова, Дiнислам Турагельдиев, Болат Бекбулатов және Медрес Кенесов өлең шумақтарынан үзiндi оқыды.

Республикамыз көп ұлтты мемлекет. Әрбiр ұлттың өз өркениетi мен салт-дәстүрлерi сақталған. Осы орайда қатысушылар арасында «Өз туған жерiңдi бiл» атты викторина сонымен қатар, «Сақина салу», «Ұшты-ұшты» ойындары өткiзiлдi.

Қазақ салт-дәстүрi бойынша салтанатты шара соңында «Шашу» дәстүрi орындалды. Шара соңында қатысушылар елiмiзге деген патриоттық сезiмдерiн жеткiздi.

Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне арналған салтанатты жиын

2017 жыл 14 желтоқсан күнi Бескөл ауылындағы Мәдениет үйiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне арналған салтанатты шара өттi. 

Аудандық Мәдениет үйiнiң фойесiнде стендтерден құралған «Тәуелсiз Қазақстан» экспозициясы, библио-кафе жұмысы және Қазақстан туралы бейнебаян көрсетiлдi. Осы жерде «Рухани жаңғыру» логотипi және жазба-тiлекпен фотосуретке түсiп, тез арада сол суреттi алу мүмкiндiгi болатын фотоакция ұйымдастырылды. 

Жиынның салтанатты бөлiмiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәмiздерiн алып кiру және шығару рәсiмдерi өттi. 

Жиналған қауымды аудан әкiмi Б. Жұмабеков құттықтап, мерекеге орай, ел экономикасының дамуына қосқан үлес қосқан бiрқатар жерлестерге облыс және аудан әкiмiнiң Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары мен Қызылжар ауданының 20-жылдығына орай мерейтойлық медальдар табыс еттi. 

Салтанатты бөлiм аяқталған соң шақырылған қонақтар мен аудан тұрғындарының назарына мерекелiк концерт ұсынылды. Мерекелiк бағдарламаны «Қызылжар» халық би ансамблiнiң орындауындағы «Дала мұрасы» би композициясы ашты.

Концерттiк бағдарламаға Якорь, Новоникольск ауылдық округтерiнiң, аудандық Мәдениет үйi мен «Мерей» өнер мектебiнiң шығармашылық ұжымдары қатысты.

28 қыркүйек 2017 жыл

«Латын әлiпбиiне көшу: мәселе, пiкiр, ұсыныс» атты дөңгелек үстел

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әлiпбиiне көшуге кiрiсуiмiз керектiгiн және болашақта барлық саладағы iс қағаздар мен оқулықтар да осы қарiппен жазылуы тиiс екенiн айтты. Сондай-ақ, Үкiметке қазақ тiлiн латын әлiпбиiне көшiрудiң нақты кестесiн жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазiрден бастап қолға алу қажеттiгiн атап өттi.

Күн тақырыбында өткiр тұрған, бүгiнде қоғамда қызу талқыланып жатқан латын әлiпбиiне көшу мәселесiне байланысты ой қозғау үшiн Қызылжар аудандық тiлдердi дамыту бөлiмiнiң ұйымдастыруымен аудандық орталық кiтапханасында аудан орталығы мектептерiнен қазақ тiлi мұғалiмдерi Бақтыбаева Ә.Л., Жанабеков А.Ж., Абдулманова С.А., Құлатаева А.Ж., Қорғанбаева Б.Б., Қажымұратов Ж.С.; Бәйтерек орта мектебiнiң қазақ тiлi мұғалiмдерi Киiкбаева Г.А., Көксеген Д. және кiтапхана қызметкерлерi Жаутаева А.М., Кабиева Э.Е., Садвакасова Ә.Е. қатысуымен «Латын әлiпбиiне көшу: мәселе, пiкiр, ұсыныс» атты дөңгелек үстел өттi.

Дөңгелек үстелге қатысушылар латын әлiпбиiне көшуге байланысты өз ой-пiкiрлерiмен бөлiсiп, оның жақсы тұстарын атап өттi. Пiкiр алмасу соңында қатысушылар төмендегiдей түйiнге келдi:

  1. Ғалымдардың көмегiмiен қазақ әлiпбиiнiң бiрыңғай стандартты нұсқасы қабылданып, әдiстемелiк жұмыстар жүргiзiлуi керек.
  2. Жаңа әлiпбидi үйрететiн сапалы мамандар қатарын көбейтiп, мектептерге арналған оқулықтар дайындалуы қажет.
«Латын әліпбиіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» атты дөңгелек үстел «Латын әліпбиіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» атты дөңгелек үстел «Латын әліпбиіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» атты дөңгелек үстел «Латын әліпбиіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» атты дөңгелек үстел

8 қыркүйек 2017 жыл

Петропавл қаласындағы Қызылжар ауданының мәдениет күндерi

2017 жылғы 7-8 қыркүйек күндерi «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесi мен «Туған жер» бағдарламасының шеңберiнде Петропавл қаласында «Солтүстiктiң ақ таңы — Қызылжар» атты Қызылжар ауданының Мәдениет күндерi өттi.

7 қыркүйек күнi СҚО облыстық мұрағатында «Менiң елiм — менiң мақтанышым» атты Қызылжар ауданы мұрағаты көрмесiнiң тұсаукесерi өттi.

Осы күнi С. Мұқанов атындағы ҰКОБ облыстық қазылар алқасының назарына Қызылжар аудандық орталықтандырылған кiтапханалар жүйесiнiң «Туған жер деген, осындай екен!» бағдарламасы ұсынылды. Бағдарлама барысында «Кiтапханашының бiр күнi» атты бейнебаян, «Кәне,кiтапханаға жазылайық» сахналандырылған көрiнiсi қойылып, «Қызылжар ОКЖ күмбезiнiң астында» атты слайдтық тұсаукесер көрсетiлiп, Қызылжар ауданының 20 жылдығына арналған «Туған жер деген, осындай екен!», жергiлiктi ақындар Ғалеева Б.Ж., Петров И.А., Зайберт Ю.Ф. шығармашылықтары бойынша «Қалам ұшындағы шабыт» атты «жанды көрмеге» шолу жасалды.

8 қыркүйек күнi Н. Погодин атындағы облыстық драма театрында келушiлерге жан-жақты дайындалған бағдарлама көрсетiлдi.

Драма театрының алдында «Барлығы да Қызылжардан», «Спорт, мәдениет,кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы жетiстiктерi» тақырыптағы баннерлiк жазулары бар 5 жартылай киiз үй орналастырылып, ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының, қолөнер шеберлерiнiң өнiмдерi мен бұйымдары көрмесi қойылды.Одан әрi келесi 5 жартылай киiз үйде этникалық көрме ұйымдастырылып, ауданның 10 этномәдени орталықтарының ұлттық асүй тағамдары ұсынылды. Әр этномәдени орталық өзiнiң шағын бағдарламасын көрсеттi.

Драма театрының кiре берiс бөлiгiнде аудан кiтапханасының, мұрағатының, мектеп және қоғамдық мұражайларының көрмелiк материалдары орналастырылды. Көрме материалдарының тақырыбы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесi мен Қызылжар ауданының 20 жылдығына арналды.

Драма театрының концерт залында ауданның ең үздiк шығармашыл ұжымдарының «Солтүстiктiң ақ таңы — Қызылжар» атты гала-концертi өттi. Бағдарлама бойынша әр түрлi жанрдағы нөмiрлер ұсынылды: хормен ән айту мен жеке орындау; фольклорлық, домбыра ансамбльдернiң; трио, квартет, дуэт, квинтет; хореография, вокалды-аспапты ансамбль орындауында.

Петропавл қаласындағы Қызылжар ауданының мәдениет күндері Петропавл қаласындағы Қызылжар ауданының мәдениет күндері Петропавл қаласындағы Қызылжар ауданының мәдениет күндері Петропавл қаласындағы Қызылжар ауданының мәдениет күндері Петропавл қаласындағы Қызылжар ауданының мәдениет күндері

25 тамыз 2017 жыл

«Менiң туған жерiм» аумақтық фестиваль

25 күнi Новокаменко ауылдық Мәдениет үйiнде Қызылжар ауданының құрылғанына 20 жыл толуына арналған «Менiң туған жерiм» атты аудандық аумақтық фестиваль өттi. Ағымдағы жылдың сәуiр айында Соколов, Якорь, Вагулин, Лесной, Рощинск және Бугровой ауылдық округiнiң мәдениет мекемелерiнiң қатысушыларымен өткiзiлген аумақтық фестивальдiң жалғасы.

Фестивальдiң мақсаты: өскелең ұрпақта рухани-адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыру, ата-бабалар жерiне, туған жерге деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу, туған жердiң мәдени дәстүр байлығын игеруге тарту, үздiк шығармашылық ұжымдар мен орындаушылармен таныстыру, олармен шығармашылық байланысқа түсу, көркемдiк тәрбие беру бағытында өзара тәжiрибе алмасу.

Концерттiк бағдарламада Новоникольск, Боголюбово,Рассвет,Вознесенск, Чапаев ауылдық клубтарының көркемөнерпаздары сондай-ақ Водопровод Мәдени бос уақыт орталығы өнер көрсеттi.

Концерттiк бағдарламада ауылдық округтер «Северяночка» вокалдық тобы, Куйбышев «Хуторянка» дуэтi, «Иволга» вокалдық тобы, Рассвет «Вечерка» вокалдық тобы, Новоникольск «Зажигалка» би ұжымы, Қызылжар «Ромашка» триосы қатысты.

20 тамыз 2017 жыл

Новоникольск ауылдық округiнiң Новоникольское ауыл күнi

Новоникольское ауылы жыл сайын дәстүрлi түрде ауыл мейрамын тойлайды. Қызылжар ауданының құрылғанына 20 жыл «Туған жер» жобасы аясында аталып өтiлдi. Тұрғындар таңертеңнен берi «Саябақ» көшесiнде қонақтарды қарсы алуға дайындалды. Алаңда шағын сахна, безендiрiлген гүлдер, шарлар, «Жайнай бер, менiң ауылым» және «Спорт ауыл өмiрi» атты 2 стенд орнатылды. Осы көше тұрғындары дайындаған бәлiш, құймақ, торт, тоқаш т.б. дәмдi тағамдардан дастархан жайылды. Сондай-ақ көкөнiстер мен гүлдерден көрме көрсетiлдi.

Новоникольск ауылдық округiнiң әкiмi сөз сөйледi. Ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, абаттандыру бойынша қорытындылады, үлгiлi аула, үздiк аула, ерекше безендiрiлген аула, үздiк гүл өсiрушi, үздiк бақша бойынша жеңiмпаздарға сыйлықтар табысталды.

Мерекелiк iс-шара Новоникольск ауылдық округiнiң шығармашылық ұжымымен жалғасты. Әндер мен билер орындалды.

Мерекенiң соңында «Саябақ» көшесiнiң тұрғындарына мақтау қағаздары мен сыйлықтар тапсырылды. Көп жылдан берi тұратын ауыл тұрғындары, мерейтой отбасылық жұптар, 6 — жасқа дейiнгi балалар, студенттер, осы жылы зейнеткерлiкке шыққан жас зейнеткерлер, 1 — сыныпқа баратын оқушылар, жаңа қоныс иелерi белгiлендi.

Мерекелiк iс-шара би кешiмен аяқталды. 180 адам қатысты.

Новоникольск ауылдық округiнiң Новоникольское ауыл күнi Новоникольск ауылдық округiнiң Новоникольское ауыл күнi Новоникольск ауылдық округiнiң Новоникольское ауыл күнi Новоникольск ауылдық округiнiң Новоникольское ауыл күнi Новоникольск ауылдық округiнiң Новоникольское ауыл күнi

20 тамыз 2017 жыл

Куйбышев ауылдық округiнiң Боголюбово ауылы күнi

2017 жылдың 20-шы тамызында Боголюбово ауылының туған күнi тойлаңды. Қызылжар ауданының 20 жыл құрылғанына «Туған жер» жобасы аясында аталып өтiлдi. Ауыл мерекесiнде 100-ден аса адам бiрiктiрдi.

Мәдениет үйi алаңында көңiлдi әуен ойнады. Белгiленген проектор және экран арқылы ауыл тұрғындары мен қонақтар «Үздiк аула» жеңiмпаздарын өздерi анықтады. Жүргiзушiлер мерекенi екi тiлде ашты.

Ауылдық округi әкiмiнiң мiндетiн атқарушы Баркитов К.А. сөз сөйледi. Ауылдық округi абаттандыру бойынша қорытындылады, ауыл тұрғындарына алғыс хаттар тапсырды.

Мерекелiк бағдарламада спорттық жарыстар, ауылдың мерейтойы, жас жұбайлар және жаңа туған нәрестелердi құттықтау, мерекелiк концерт.

Кешкi бағдарлама ауыл тұрғындарының күткен би кешi.

Куйбышев ауылдық округінің Боголюбово ауылы күні Куйбышев ауылдық округінің Боголюбово ауылы күні Куйбышев ауылдық округінің Боголюбово ауылы күні Куйбышев ауылдық округінің Боголюбово ауылы күні

12 тамыз 2017 жыл

Якорь ауыл күнi тойланды

2017 жылы 12-шi тамыз күнi Якорь ауылында дәстүрлi,халық мерекесi «Ауыл күнi» өткiзiлдi. Мерекелiк кеш әдемi әуен, гүлдердiң хош иiсi, кәуап иiсi және үлкен қазанда дайындалған палау, сауда жәрмеңкесi, батут, тәттi мақта мен дәмдi попкорнға ұласты.

Якорь ауылы әкiмiнiң мiндеттiн атқарушы Гүлнар Жанахметқызы жиналған қауымды құттықтады. Ардагерлер кеңесiнiң төрайымы Раиса Зотова «Үздiк аула» абаттандыру бойынша жеңiмпаздарға гүл шоқтары мен дипломдар табысталды. Биыл алғаш рет ауыл күнiне орай «Жаз тартуы» байқауына үш топ сынға түстi. Олар ардагерлер тобы, аппарат әкiмiнiң қызметкерлерi және мәдениет үйiнiң қызметкерлер тобы, Якорь орта мектебiнiң ұжымы.

Бүгiнгi мерекенiң ерекшелiгi Қызылжар ауданының 20 жылдығына арналған «Жер және адамдар» атты сурет көрмесi ашылды оған қатысқандар фирма «Алекри» ЖШС, мәдениет үйi, дәрiгерлiк амбулатория, Якорь ауылының тарих мұражайы, Махаббат Внукова, Дмитрий Цыганов, Бикен Капетов және Галина Куц мұражай басшысы және көрме ұйымдастырушылары. Барлық қатысушыларға диплом мен сыйлықтар табыс етiлдi.

Мерекелiк бағдарлама Якорь ауылының мәдениет үйi және көркем өнерпаздардың қатысуымен көрермендерге ән, би, құттықтаулар мен тiлектерiн арнады. Бiздiң кешiмiз аяқталғанмен мерекелiк бимен жалғасты

Якорь ауыл күні тойланды Якорь ауыл күні тойланды Якорь ауыл күні тойланды Якорь ауыл күні тойланды Якорь ауыл күні тойланды Якорь ауыл күні тойланды

Долматово ауылына археологиялық экспедицияның ашылуы

Қызылжар аудандық бiлiм бөлiмiнiң бастамасымен, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қолдауымен 2017 жыл 18 шiлде күнi дәстүрлi түрде археологиялық экспедиция өз жұмысын бастады. Оған Пеньков, Большемалышенка орта мектептерi мен Долматово негiзгi мектебiнiң 25 оқушысы шақыртылды.

Эспедиция Долматово ауылынан алыс емес жердегi темiр ғасырынан қалған «Ақ ерей» сақ қалашығында ұйымдастырылды. Ауданның оқушылары оқу-ғылыми археология оралығының жетекшiсi, тарих ғылымдарының кондидаты Анатолий Плешаковпен жыл сайын ашық аспан астында мұражай ұйымдастыруды жақсы әдетке айналдырған.

«Ақ ерей» сақтардан қалған қалашық. Ғалымдардың айтуы бойынша ол б.з.д 5-1 дәуiрлерде салынған екен. Аумағы 25 мың шаршы метрдi құрайды. Тарих беттерiне сүйенсек осы қалашық арқылы сол уақытта Ұлы Жiбек жолы өткен екен. Сондықтан университеттiң оқытушыларымен мектеп оқушылары бiрiгiп көне тоз күндерден қалған бұйымдарды қалпына келтiредi. Мысалы ұлдар еңбекке қолданылған құрал-саймандарды, қыш ыдыстарды, балық аулауға арналған бұйымдарды тауып, оларды қалпына келтiредi. Ал қыздар жағы сол ғасырдағы адамдардың көйлектерiн, бас киiмдерiн тiгедi.

Эспедициядан бөлек оқушылар ашық аспан аясында табиғатпен үйндесiм өмiр сүрудi үйренедi. Қызықты байқаулар өткiзiп, домбыра сияқты аспаптарда ән айтып уақыттарын көңiлдi өткiзедi. Осының өзi оқушыларды ұйымшылдыққа, табиғатты аялауға, ұжым болып жұмыс iстеуге баулиды.

Долматово ауылына археологиялық экспедицияның ашылуы Долматово ауылына археологиялық экспедицияның ашылуы Долматово ауылына археологиялық экспедицияның ашылуы Долматово ауылына археологиялық экспедицияның ашылуы

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2017 12:07

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.01.2018 12:43

СҚО Қызылжар ауданының әкiмi
Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыБолашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2018  Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+