Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тіл саясаты

Қызылжар ауданында тiл саясатының орындалуы туралы ақпарат

Мемлекеттiк тiлде iс жүргiзу

Iс қағаздарының мемлекеттiк тiлде жүргiзiлуi жұмыстың басты бағыттарының бiрi болып табылады. Аудан әкiмiнiң және ауылдық округтердiң әкiмi аппараттарында, сонымен қатар жергiлiктi атқарушы органдар арасында iс қағаздарының мемлекеттiк тiлде жүргiзiлуi бойынша ай сайын мониторинг жүргiзiлiп, қорытындысы тоқсан сайын облыстық тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармаға жолданып тұрады. Аталған мекемелердегi шығыс құжаттарының мемлекеттiк тiлдегi үлесi 5 айда 99%-ды көрсетсе, ал кiрiс хат-хабарлардың мемлекеттiк тiлдегi үлесi — 97%-ды құрады. Облыс әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 27 қазандағы №10 хаттамалық тапсырмасына сәйкес 2017 жылдың екiншi жартысынан мемлекеттiк органдардан шығатын құжатар көрсеткiшiн 100% жеткiзу қамтамасыз етiлетiн болады.

Мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiн оқытуды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасында Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының басты бағыты — мемлекеттiк тiлдi меңгерген тұрғындардың санын арттыру. Осы мақсатпен барлық мемлекеттiк мекемелерде 2016 жылғы қазанның 1-iнен мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша үйiрме жұмыстары өз жұмысын бастады.

Биыл ауданда қазақ және ағылшын тiлдерiн оқыту үшiн бюджет қаражаты есебiнен 32 топ ұйымдастырылды. 32 топтың 6-ы облыстық бюджеттен, қалған 26-ы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылады.

Ауданда қазақ және ағылшын тiлдерiн оқыту үшiн жергiлiктi бюджеттен 2016-17 жылға 3 млн 332 мың теңге ақша бөлiндi.

Жалпы ұйымдар мен мектептердi қоса есептегенде ауданда қазақ және ағылшын тiлдерiн оқыту үшiн 104 топ ұйымдастырылды. Өткен жылы тыңдаушылардың жалпы саны — 1278 болса, биыл олардың саны 153 адамға артып, 1431 тыңдаушыға жеттi.

Байқауларға қатысу және жетiстiктер

Ауданда жыл сайын мемлекеттiк және өзге де тiлдердi насихаттау бойынша түрлi конкурстар, байқаулар, дөңгелек үстелдер өткiзiлiп тұрады. 2017 жылдың өткен мерзiмiнде мемлекеттiк тiл және Қазақстан халқының өзге де тiлдерiн насихаттау бойынша 8 байқау өткiзiлдi. Бұл шараларды өткiзуге жергiлiктi бюджеттен 200 мың теңге бөлiндi.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк рәмiздердiң 25 жылдығына орай Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерiнiң облыстық байқауында «Парасат» мектеп-лицейiнiң оқушысы Кусаинова Айжан алғыс хатпен марапатталды. Орыс тiлi мен мәдениетiн жақсы меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында қазақ тiлiнде оқитын жастар арасында орыс тiлiнiң бiлгiрлерiнiң «Ой сана» республикалық байқауының облыстық кезеңiнде Парасат» мектеп-лицейiнiң оқушысы Мұхымтаев Әбдiжаппар «Көркемсөз оқуының шеберi» номинациясы иегерi атанды. «Шырайлы аты елiмнiң — қасиетiнде жерiмнiң» атты облыстық байқауында Боголюбов орта мектебiнiң 9-сынып оқушысы Салмина Татьяна жүлделi 2 орынға ие болды.

Мақаланың шыққан күні: 12.06.2017 11:11

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.07.2018 14:12

СҚО Қызылжар ауданының әкiмi
Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019  Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+