Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Халықты жұмыспен қамту

«Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы» бойынша микрокредит беру

Осы бағдарлама Сiзге ауыл шаруашылығы саласында, жаңа жұмыс орындарын құрумен байланысты, қызмет көрсету саласында (сауда және мал шаруашылығы саласынан басқа) өз iсiн ашу немесе кеңейту үшiн қаржы алуға көмек көрсетедi. Бағдарлама Қызылжар ауданының ауылдарында iске асырылады.

Микрокредит алу шарты:

  • кредит сомасы: 19 млн. теңгеге дейiн;
  • кредит мерзiмi: 7 жылға дейiн;
  • сыйақы мөлшерлемесi: жылдық 6%
  • кепiлзатпен қамтамасыз ету мiндеттi түрде.

Егер, Сiз:

  • жұмыссыз болсаңыз;
  • өзiн-өзi жұмыспен қамтыған;
  • ауылдық жерде тұрсаңыз;
  • Өтiнiм берген уақытта бюджет салығы бойынша және басқа мiндеттi төлемдер бойынша қарызыңыз болмаса;
  • өтiнiм берген уақытта банктер және басқа қаржы ұйымдары алдында мерзiмi өтiп кеткен берешегiңiз болмаса;
  • кредиттiк тарихыңыз таза болса қатысуға қолайлы.

Кредиттi нысаналы пайдалануды растайтын барлық қажеттi құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырасыз. Бағдарлама бойынша микрокредит алу үшiн, үмiткер ауданның Халықты жұмыспен қамту орталығына өтiнiм бередi.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша микрокредит беру

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша микрокредит беру

2017.07.08 ж. Қызылжар ауданының кәсiпорын және мекемелерiндегi бос жұмыс орындары туралы ақпарат Zip (37.6 Kb)

27.01.2017 Қызылжар ауданының кәсiпорындар мен мекемелерiнде бос жұмыс орындарының болуы туралы ақпарат Zip (41.8 Kb)

Халықты жұмыспен қамту бойынша өткiзiлiп отырған жұмыстар туралы ақпарат

Қызылжар ауданы халқының саны 45854 адамды құрайды, оның iшiнде экономикалық белсендi халық — 24803, жалдамалы жұмысшылар — 18662, өзiн-өзi жұмыспен қамтылғандар — 5255, УО есепте тұрған жұмыссыздар — 114, экономикалық белсендi халықта тiркелген жұмыссыздар үлесi — 0,4% құрайды.

2017 жылы жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жоспарлы көрсеткiш 1758 құрайды, 10 ай iшiнде 1758 адам жұмысқа орналастырылды: өнеркәсiпте — 75 адам, құрылыста — 214 адам, ауыл шаруашылығында — 1121 адам, басқа салаларда — 64 адам және 284 адам жеке кәсiпкерлiк саласында жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыздар деңгейiн төмендету, халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, үй-үйдi аралау негiзiнде экономикалық белсендi халық базасы құрылды, оған электронды түрде мәлiметтер енгiзiлдi: селолық округтiң атауы, отбасы, тегi, аты, әкесiнiң аты, отбасы жағдайы, тұрғылықты мекенжайы, жасы, туған жылы, тұратын адамдар саны, соның iшiнде балалар (туған жылы) мекетпке дейiнгi, мектеп жасындағы сыныбы көрсетiледi, студенттер (курсы көрсетiледi) әлеуметтiк жәрдемақы алушы (АӘК, БМЖ, басқалар), мүгедектiгi, тобы көрсетiледi, бiлiмi, мамандығы, еңбек өтiлi көрсетiледi, соның iшiнде мамандығы бойынша, өткен жұмыс орны, ағымдағы жұмыс орны (тұрақты, уақытша жұмыс), қызмет түрi, марапаттары (Алтын алқа, Күмiс алқа және т.б.) әскери есеп, ерекше белгiлер, қосалқы шаруашылықтың барлығы (IҚМ, жылқы, ҰҚМ, шошқа, құс), аптасына ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң берiлуi (сүт, жұмыртқа, ет және басқалары), жердiң (үй жанындағы жер, шартты жер үлесi (га.) болуы, техниканың болу, кәсiби тексеру, флюрографиялық тексеру, АОА есебiнде болуы, есепке алу түрi, ескерту. Осы база бойынша жұмыс әрдайым жүргiзiледi, апта сайын ауылдық округ әкiмдерi Базадағы өзгерiстер туралы есеп бередi.

Ауданда тоқсан сайын бос орын жәрмеңкесi өткiзiледi, оған, бос орындары бар басшылар (кадр бөлiмi), жұмыссыздар iшiнен жұмыс iздеушi тұлғалар, сондай-ақ Петропавл қаласының бос орын жәрмеңкесiне де барады. Ауданның және Петропавл қаласының бос жұмыс орындары туралы ақпарат селолық округ әкiмдiгi аппаратына ұдайы жiберiледi, аудан әкiмiнiң және жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң сайтына орналастырылады. Сондай-ақ, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi және жұмыспен қамту орталығының ғимаратына ауданның және Петропавл қаласының барлық бос орындары жарияланған терминал орнатылған.

Ауданда өз бетiмен жұмыспен қамтылғандар — 5255, оның iшiнде 4353 нәтижелi жұмыспен қамтылған, нәтижесiз жұмыспен қамтылғандар — 903 адам. 82 өз бетiмен жұмыс қамтылғандар ЖК, ШҚ рәсiмделiндi.

Ауданда жұмыспен қамту, жалақы төлемi мәселесi бойынша жұмыс комиссиясы тұрақты негiзде жұмыс iстейдi. Оған ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары ауылдық округ әкiмдерiмен бiрге шақырылады (аудан әкiмi-комиссия төрағасы, комиссия мүшелерi — жергiлiктi атқарушы орган басшылары, прокуратура, Мемлекттiк кiрiстер Департаментi). МКД және ауылдық округ әкiмдерiнiң мәлiметтерi бойынша жасырын жұмыспен қамтылу анықталады. Аудан әкiмiнiң тапсырмасы бойынша селолық округтерге бару ұйымдастырылды, заңдастыру бойынша үлкен жұмыс жүргiзiлдi, нәтижесiнде мемлекеттiк кiрiстер Департаментiнде тiркелген 579 еңбек шарты заңдастырылды.

Ауданда мемлекеттiк бағарламалармен қатар селолық округ әкiмдерi, жұмыс берушiлер, жұмыссыздар немесе өзiн өзi жұмыспен қамтығандар арасында келiсiм меморандумын жасасу бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Ағымдағы күнге ауданда 151 жұмыс орнын құруға 83 келiсiмге: мал шаруашылығын дамытуға — 36 қатысушы (IҚМ төлiн өсiрiп жеткiзу үшiн беру), 17 адам құс өсiруге, 30 бақша өсiруге қол қойылды.

Өнiмдi өткiзуден жоспарланған табыс мал шаруашылығынан — 150,0 мың теңге, құс қсiруден — 88,0 мың теңге, бақша өсiруден- 60 мың теңге құрайды.

Осы келiсiм ауданның барлық селолық округтерiнде құрылған, осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Армандар орындалады!

Өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы биылғы жылы бiздiң елiмiзде жұмыс iстейдi. Ол Жұмыспен қамту жол картасы-2020 қисынды жалғасы болды. Ол шағын қалалар мен ауылдық жерлерде микрокридиттау кепiлдiк, кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау, «Бастау Бизнес» жоба бизнестiң негiздерiн оқыту сияқты тапсырмалардың шешiмiн қарастырады. Жаппай кәсiпкерлiктi дамытуды жүзеге асыру деп аталатын операторлар, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министiрiнiң — «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асыру мәселесi бойынша және 2018 жылдан бастап қалаларда микрокредиттау Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министiрiнiң — «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асыру мәселесi бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлiгiнде жобаны жүзеге асыру «Бастау Бизнес» және селоларда және шағын қалаларда микрокредиттау. «Бастау Бизнес» оқу бағдарламасы ауыл шаруашылығы кооперативтерiн қалыптастыру қағидаттарын қоса алғанда, кәсiпкерлiк дағдыларына қатысушыларды тартады. Әр қарай оператор қаржылық емес қолдауды алу үшiн өтiнiштi «Бастау Бизнес» жабасына қатысушы несие немесе микрокредит алуға өтiнiшiн қарастыруды өтiнедi. Жоба бойынша оқуды өту, кеңес алу үшiн аудандық аймақтық кәсiпкерлiк палатасы филиалына, халықты жұмыспен қамту орталығына, селолық округ немесе тұрғындық округ әкiмдерiне қатысуға өтiнiш беруге жүгiнулерi керек. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiктiң негiзiн оқыту ережесi қарастырылған, Кәсiпкерлiк мәселесi бойынша уәкiлеттi орган бекiткен,тiзiмдер бойынша құжаттар ұсыну. Уәкiлеттi құрылым өкiлдерi халықты жұмыспен қамту орталықтарына үмiткерлер құжаттар және өтiнiштерiн бередi. Халықты жұмыспен қамту орталығына «Еңбек нарығы» автоматталған ақпаратық жүйесi арқылы үмiткерлер тiзiмi тексерiледi және аудандық аймақтық кәсiпкерлер палатасы филиалына бередi. Қаржылық емес қолдау оператаорлары үмiткерлерге тестiлеу жүргiзедi, оқитын тұлғалардан топ құрайды және уәкiлеттi орган кәсiпкерлiк мәселесi бойынша белгiлеген «Бастау Бизнес»жобасы , кәсiпкерлiктiң негiзiн оқыту Ережесi белгiлеген нысанға сәйкес, халықты жұмыспен қамту орталығықтарына хабарлайды. Әр қарай, микрокредит алу үшiн Бағдарламаға қатысушы салық заңдарына сәйкес, салық органдарына тiркелу қажет. Микрокредиттар, өткен, оның iшiнде, микробизнестi ашу, қолданыстағы бизнестi кеңейту, ауыл шаруашылық кооперативтерi ашуға ұсынады. Олар тұрақты жұмыс орындарын құру шарттары арқылы ұсынады. Бұл «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы, сонымен қатар микро қаржылық ұйымдар мен несие серiптестерi, «Агрорлық кредиттiк коорпарация» АҚ арқылы қорлау жүргiзiледi.

Бағдарламаға қатысушылар мал шаруашылығы саласындағы микрокредиттiк жобаларды төлеу және ауыл шаруашылығы кооперативтерiн құру бойынша мерзiмi 7 жылға дейiн екенiн бiлуi тиiс. Максималды несие сомасы — 8 мың теңге еселенген ең төменгi есептелген көрсеткiштердiң дейiн. Номиналды сыйақы мөлшерлемесi — жылына көп дегенде 6%. Акша беретiн қаржы ұйымдары микрокредит бағдарламасына қатысушылардын қандай да болсын комиссия алу, жинау тиым салынған. Микрокредит бойынша бағдарлама мiндеттемелерi, сонымен осындай комиссия мөлшерлемелерi, жинау немесе басқа да төлемдедi алдын ала жазбаша микрокредиттау ұйымдарымен келiсiлген, АШҚҚҚ АҚ қоспағанда. Микрокредит селолық тұрғындық пунктерде орта және iрi кәсiпкерлiк өкiлдерiне айқындалған Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк Кодексiне сәйкес берiлмейдi. Негiзгi борышты өтеу бойынша жеңiлдiк кезең қарастырылған. Ол несие алушының шешiмi бойынша микрокредит мерзiмiнiң ұзақтығы үштiн бiр бөлiгiн құрайды. Егер адам өз бизнесiн ашу үшiн шешiм қабылдады, оны «нөлден» бастамайды, қаржыландыру ұйымдары мен бағдарламаға қатысушылар арасында микрокредит алу келiсiмiнде мiндеттi түрде жаңа жұмыс орындарын ашу жағдайы мәлiмденедi. Әрбiр бағдарлама қатысушысына қарыздың мерзiмi мен соммасы жеке, оның қызмет бағытына сәйкес анықталады. Егерде бағдарламаға қатысушы бөлiнген қаражатты көрсетiлген мерзiмде игермесе, онда олар қаржыландырған ұйым бюджетiне қайтарады. Бағдарламаның қатысушылары үшiн төлем кепiлдiк берiледi. Кәсiпкерлiктi бастап жатқандар кепiлдiк мөлшерi микрокредит соммасына 85% жоғары болмауы тиiс. Қолданыстағы кәсiпкер үшiн кепiлдiк мөлшерi микрокредит сомасының 85% аспауы тиiс. Қолданыстағы кәсiпкерлер үшiн — микрокредит сомасының 50% аспауы тиiс. Кепiлдiк болу соммасы, сегiз мың АЕК аспауы тиiс. Кепiлдiк 6% жоғары болуы мүмкiн емес, ол бойынша сыйақы микрокредиттер номиналды мөлшерлемесi.

Тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы осы жылы 124 млн 800 теңге соммасында 55 қатысушыларға шағын несие беру жоспарланып отыр. Сондықтан, 58 қатысушылардың тiзiмiн «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өз iсiн ашуға және кеңейтуге жiберiлдi. Бүгiннiң өзiнде 83 млн 590 мың соммасында 22 шағын несие берiлген. Мал шаруашылығын дамытуға 14 микрокредит 44 млн. 600 мың теңге соммасында, құс шаруашылығына-3 несие 6 млн 490 теңге соммасында, өсiмдiк шаруашылығына — 1 несие- 9 млн теңге соммасында, қызмет көрсетуге — 4 несие 23 млн. 500 мың теңге соммасында берiлдi. Бiздiң аудан тұрғындарымыз белсендi ауыл шаруашылығын дамытуға « Өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы » арқылы несие алып жатыр. Бiрнеше жыл бұрын, Жамбыл ауданы Благовещенка селосының тумасы Сарбай Жанғужин Малое Белое селосына, ол уакытта балалары тұратын көшiп келдi. 40 жылдан астам Сарбай Исламұлы ауыл шаруашылығында жұмыс iстедi, бiрақ ол өз iсiн бастауға жер болмады. «Тығыс болды», -еңбек ерi деп жауап бердi. Оның жасына қарамастан, жаздың ортасында, ол өз арманын орындауға шешiм қабылдады және өнiмдi жұмыспен қамту мен жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы арқылы 5 млн теңге көлемiнде несие алды. Сарыбай Исламұлы — өте белсендi адам. Ол өзiнiң болашақтағы жоспарларымен бөлiстi: «Бiзде отбасылық бизнес болады. Ендi мен сауылатын сиыр әкелу үшiн, бөлме дайындап жатырмын. Облыс шегiнде ақ-қара және қызыл бұқа аламын. Бұл жағдайда,көлiк құны маған Қазақстанның басқа облыстарынан қарағанда, арзанға түседi. Ендi бие алып жатырмын. 5-6 бас алғым келедi. сиырлар табында болады, биенi қымызға сауатын боламын. Қазiр, әрине, бұған әлi кешiрек, әзiрше сүт және сүт өнiмдерiн сатамын-көремiн, кайсысы тиiмдi. Әкiмшiлiк және жер бөлiмiнiң өкiлдерiмен шабындық жердi жалға алу туралы сөйлесемiн. Шындап, көктемнен бастап мал шаруашылығымен айналысамын. Сенiмдiмiн, 7 жылға алған несимдi уақытлы төлеймiн.

Биыл, Якорь ауылының тұрғыны Ноян Төлегенов өсiмдiктi өсiрудi дамытуға 5 жыл мерзiмге 9 млн теңге көлемiнде микрокредит алды. Ол 11 гектар егiс алқабында сәбiз және қызылша өсiруде. Әр күнi ол Новокаменкадан еiстiк алқабтарын өңдеуге, жұмысшылар әкеледi. Болашақта, ол тұрақты жұмысқа оларды қабылдауға жоспарлап отыр. Егiстiктi қарау ыңғайлы болу үшiн, Ноян Маратұлы, тамшылатып суару, сондай-ақ трактор, топырақ өңдейтiн жабдықтар, тырма, тұқым, тыңайтқыш үшiн жабдықтар сатып алды. Несиенi тiркеу ыңғайлығын және бағдарламаның үлкен тәжiрибелiк маңызын атап өттi.

Суретте: Ноян Түлегенов трактор сатып алды

Мал шаруашылығын дамыту Микрокредиттердi белсендi ерлер ғана емес сонымен қатар әйелдерде алып жатыр. Өткен жылы, Бескөл селолық округiндегi Прибрежное селосының тұрғыны Ангела Габбасова мемлекеттен 2 млн теңге, сауылатын 7 сиыр алуға алды. «Мен өзiм үшiн жұмыс iстегiм келедi, — дейдi ол. Төрт жарым жыл бойы несиенi өтеймiн. Өз мал санын 10-15 басқа арттыруды жоспарлап отырмын. Уақыт өте келе, сүт салу құрылғысын аламын, сауыншы жалдаймын. Менда шалғындық жерлер бар. Бiрақ жер тапшы болып табылады. Жақында, өз есебiнен, бiз трактор сатып алдық. Шын мәнiнде, мемлекет адамдарға өз аяқтарына нық тұруына, өз iсiн дамытуға көмектеседi, неткен тамаша.

Мұндай мысалдар көп. Ең бастысы — тәуекелдiк мүмкiндiктердi санап, өз арманына қарай қорықпай қадам бас.

2017 жылдың 1 жарты жылдығына нәтижелiк жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы

2017 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша 209 жұмыссыз ресми тiркелген, экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа жұмыссыздар 0,8%-ды құрады, ол 2017 жылдың соңына қарай 0,1-0,2% дейiн жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға байланысты төмендедi.

2017 жылдың 6 айында 1832 адам жұмысқа орналастырылды, оның iшiнде 1498 адам тұрақты жұмысқа орналасты

2017 жылдың 1 жарты жылдығына жоспар бойынша 1694 жаңа жұмыс орындары 1210 (72%) құрылды, оның iшiнде:

жаңа кәсiпорындарды енгiзу арқылы — 25, өндiрiсте — 25 (2%), ауылшаруашылықта — 528 (44%), жеке кәсiпкерлiкке — 220 (19%), құрылысқа — 125 (11%) жұмыс орындар құрылды.

Экономиканың басқа салаларында өндiрiстi кеңейту есебiнен 312 (26%) жұмыс орны құрылды;

  • Әлеуметтiк жұмыс орындары жоспар бойынша 58 (88%) құрады;
  • жоспары бойынша 30 маусымдық жұмыстар 12 (40%) құрады.

Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап нәтижелiк жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша жұмыссыздар қатарынан 75 қатысушы техникалық және кәсiптiк бiлiм беру және қысқа мерзiмдi кәсiптiк бiлiммен қамтамасыз етiлдi. Бүгiнгi таңда 71 адам оқуын аяқтады, олардың 30-ы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламасының екiншi бағыты бойынша 22 микрокредит соммасы 83 млн. 590 мың теңге, оның iшiнде малшаруашылығына 14 адам, құс шаруашылығына 3 адам, өсiмдiк шаруашылығына 1 адам және 1 адам қызмет көрсету саласына алды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 33 млн. 300 теңге соммаға, 13 өтiнiм берiлдi, тағы 2 өтiнiм 3 млн. 900 мың теңге сомасына қарастырылып жатыр.

Жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын дамыту арқылы «Еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты бойынша жоспар бойынша 17, әлеуметтiк 20 жұмыс орны, сондай-ақ аймақты дамыту бағдарламасы жоспары бойынша 34, әлеуметтiк 38 жұмыс орындары құрылды.

Жастар тәжiрибесiне 15 қатысушы, 2016-2017 жж. ЖОО мен колледж түлектерiнiң арасында жiберiлдi.

Ақылы қоғамдық жұмыстар үшiн жоспар бойынша 384 адам, жұмыспен 298 адамды қамтыды.

Еңбек ресурстарын көтеру мақсатында биылғы жылы қоныс аударушылар 18 отбасы мен 10 оралман отбасылары көшу жоспарланып отыр. Қазiргi таңда ауданға 8 отбасы, олар Бескөл, Петерфельд селолық округтерiне қоныс аударды.

Аудан бойынша аз қамтылған отбасы саны 109 отбасы 481 адамды құрайды.

Ағымдағы жылы ауданда «Өрлеу» бағдарламасы iске асырылды, оның мақсаты табысы төмен азаматтарды кәсiпкерлiк қызметпен айналысу арқылы аз қамтылған азаматтар санатынан шығару үшiн жүзеге асырылды.

2017 жылы осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатына 1 млн. 742,8 мың. теңге көлемiнде қаражат бөлiндi, толық игерiлдi. 10 отбасыға қаржылай көмек, iрi қара мал, құс алуға көрсетiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 12.06.2017 15:17

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.07.2018 12:56

СҚО Қызылжар ауданының әкiмi
Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыБолашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2018  Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+