Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекеттік қызметтер

2019 жылға арналған мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау iс-шаралар жоспары (ZIP 14 Kb)

Халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша аудандық БАҚ-тарда ауданның мемлекеттiк орган басшыларының сөз сөйлеуiнiң 2019 жылға арналған медиа-жоспары (ZIP 14 Kb)

Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылға мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша қызметi туралы есебi (ZIP 13 Kb)

Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

Баспасөз релизi
2018 ж. 6 желтоқсан Петропавл қ.

СҚО еңбек мигранттары көшi-қон орталығына жүгiне алады

СҚО еңбек мигранттары көші-қон орталығына жүгіне алады

Бүгiн Петропавл қаласында Көшi-қон орталығы өз есiгiн ашты. Мигранттар үшiн осы маңызды Орталықты «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ҚР IIМ-мен бiрлесiп таныстырды. Мұндай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Орал және Қостанайда жұмыс iстеуде.

Ресми ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң мемлекеттiк қызметтер басқармасының басшысы Болат Еңсегенов, Көшi-қон қызметiнiң басшысы Абилов Талғат және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Еркiн Жұмабай қатысты.

Петропавл қаласының тұрғындары үшiн ХҚО-ның негiзгi мамандануы — еңбек мигранттарына жұмыс iстеуге рұқсат беру және қайта рәсiмдеу болып табылады. Қазiргi уақытта Петропавл қаласына келген шетел азаматтары бiр жұмыс күнi iшiнде «бiр терезе» қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтердi ала алады. Бұған дейiн шетелдiктер жұмыс iстеуге рұқсат алу үшiн бес күн жүрсе, ендi рұқсатты бiр сағаттың iшiнде рәсiмдей алады. Ендi мигранттар бiр ғимараттың iшiнде электрондық кезек арқылы қызметтердi ала алады.

«Бұл жерде медициналық тексерiс пен дактилоскопиядан өтiп, сақтандыру полисiн рәсiмдеуге және жеке сәйкестендiру нөмiрiн алуға болады, сонымен қатар Көшi-қон орталығының қолайлы жағдайлары құжаттарды рәсiмдеудiң барысын мигранттар үшiн барынша ыңғайлы етедi», — дедi Еркiн Жұмабай.

«Мечта» ТК (Жамбыл к-сi, 71 А) ғимаратында орналасқа Көшi-қон ХҚО-да «бiр терезе» қағидаты бойынша қызметтердi алудан бөлек, мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға кедергiсiз және ыңғайлы пайдалану үшiн барлық жағдайларлар жасалған. Ғимараттың кiреберiсi мүгедектерге арналған сырғыма баспалдақпен және қызметкерлердi шақыру түймесiмен жабдықталған. Мемлекеттiк қызметтердi мигранттар күнделiктi (сенбi, жексенбi және мереке күндерiнен басқа) сағат 09:00-ден 18:30-ға дейiн түскi үзiлiссiз ала алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының
PR-менеджерi Нургалиев Ерназар
Тел: 8-775-443-91-09

Мемлекеттiк қызметтердi өзiңiзге қалай алуға болады

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын жақсарту өзектi мәселе болып табылады. Осыған орай, E.gov.kz электрондық үкiмет порталын насихаттау бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, ол өз кезегiнде «делдалсыз» мемлекеттiк қызметтердiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыруда маңызды буын болып табылады.

Азаматтардың электрондық мемлекеттiк қызметтердi алуда тең құқықтылықты және қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында Қызылжар ауданының ауылдық округтерiнде өзiне қызмет көрсету аймақтары («Connection point») орнатылған, олар арқылы электрондық үкiмет порталы арқылы азаматтар өздерi мемлекеттiк қызметтердi ала алады. Оған қажетi — тасымалданатын электрондық тасымалдаушыдағы немесе жеке куәлiктегi электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы. Электронно-цифрлық қолтаңбаны «Азаматтар үшiн үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының (ХҚКО) кез келген бөлiмiнде жеке куәлiктi ұсыну арқылы алуға болады.

ХҚКО бара алмайтын азаматтар үшiн «Мобилдi ХҚКО» жұмыс iстейдi, ол арқылы мемлекеттiк қызметтердi, мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша кеңестердi, ЭЦҚ алуға болады.

ЖШС «АБД-Орманы» СҚО, Қызылжар ауданында, Бескөл а. Көмiр жағуға арналған пештерiн орнатуына арналған қоршаған ортаға әсерiн бағалау жұмыс жобасының «Қоршаған ортаны қорғау» тарауының ашық отырысы түрiнде қоғамдық тындауының хаттамасы (ZIP 786 Kb)

ЖҚ және ӘББ жаңа стандарттары (ZIP 216 Kb)

«Қызылжар ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ көрсететiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерi (ZIP 3215 Kb)

«Қызылжар ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ көрсететiн мемлекеттiк қызметтер стандарттары (ZIP 359 Kb)

Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы қызметiнiң есебiн жария талқылау туралы хаттамасы (ZIP 12 Kb)

Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы қызметi туралы есептi талқылау өткiзу нәтижесi туралы қорытындысы (ZIP 13 Kb)

Кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды

Қазақстанда бизнестi www.egov.kz арқылы жылдам әрi оңай ашуға болады. Электрондық үкiмет порталында кәсiпкерлердiң игiлiгi үшiн «Банктiк шот ашуды және қызметкердi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезiнде жазатайым жағдайлардан мiндеттi сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тiркеу» композиттiк қызметi iске қосылды. Ендi жеке iсiн ашқысы келетiн азаматтар үш қызметтi бiрден ала алады: заңды тұлғаны тiркеу, банктiк шот ашу және сақтандыру туралы келiсiм-шарт жасау. Бұл мемлекеттiк қызмет көрсету барысында «бiр өтiнiш» қағидатын қолданудың үлгiсi болып табылады.

Осы уақытқа дейiн азамат заңды тұлғаны тiркегеннен кейiн банктiк шот ашып, ҚҚС бойынша есепке қою үшiн салық органына, содан соң сақтандыру компаниясына баруы тиiс едi. Ал осы бiрнеше қызметтi бiрiктiрген композиттiк қызмет Қазақстанда бизнес ашу үрдiсiн айтарлықтай жеңiлдетедi. Ендi екi күннiң iшiнде (өтiнiш берген күндi есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуге алынғаны туралы куәлiктi, банктiк шот нөмiрiн және қызметкерлердi жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келiсiм-шартты алуға болады.

Заңды тұлғаны электрондық тәсiлмен тiркеу кезiнде әзiрше 4 коммерциялық банктен шот ашып, 3 сақтандыру компаниясымен шарт жасасуға болады. Жуырда бұл тiзiм тағы 9 банк және 4 сақтандыру компаниясымен толығады.

Айта кету керек, бұл композиттiк қызметтi қолдану үшiн құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тiркеуден өтуi тиiс.

Кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Қолжетiмдi, жеңiл және жылдам көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер

Қызылжар ауданында мемлекеттiк қызмет көрсету көрсеткiштерiн жақсарту бойынша 2016 жылға арналған iс-шаралар жоспары Zip (14 Kb)

Халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша аудандық БАҚ мемлекеттiк орган басшыларының сөз сөйлеуiнiң 2017 жылға арналған медиа-жоспары Zip (3.85 Kb)

Қызылжар ауданында мемлекеттiк қызмет көрсету көрсеткiштерiн жақсарту бойынша 2018 жылға арналған iс-шаралар жоспары Zip (13 Kb)

«Электрондық үкiмет» порталынан мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды жеңiлдету мақсатында бiр реттiк парольдiң көмегiмен қызметке тапсырыс беруге мүмкiндiк жасалған.

Ол қалай жқмыс iстейдi?

Бiр реттiк пароль — бұл sms-хабарлама, ол сұрау жiбергеннен кейiн азаматтың мобильдi телефонына келедi. Ол телефонына тексерiс кодын алады, оны e-gov.kz енгiзу қажет. Кодты енгiзгеннен кейiн портал автоматты түрде сiздiң номерiңiздi тексередi және телефон номерi мен осы базада тiркелген номермен сәйкес келген жағдайда сұралған қызмет нәтижесi тез арада ұсынылатын болады.

Мабильдi азаматтар базасына қалай тiркелуге болады?

Телефон номерiңiздi алушының жеке кабинетiнде не «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына жүгiну арқылы ЖСН байлауға болады.

Бiр реттiк пароль бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi:

  1. Мекенжай анықтамасын алу;
  2. Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
  3. Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;
  4. Жеке тұлғалар үшiн жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;
  5. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру;
  6. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру;
  7. Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органмен бекiтiлген тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру;
  8. Жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иесi) туралы мәлiметтi қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру;
  9. Жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын алу;
  10. Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiнен үзiндi беру;
  11. Мұрағаттық анықтамалар беру;
  12. Заңды тұлғаларды тiркеу, филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу туралы анықтаманы алу;
  13. Тiркелген заңды тұлға, филиал немесе өкiлдiк туралы анықтама беру;
  14. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң бар екендiгi туралы анықтама беру;
  15. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
  16. Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге қатысуы туралы анықтама алу;
  17. Заңды тұлғаның барлық тiркелген әрекеттерi туралы анықтама алу;
  18. Көрсетiлген мерзiмге заңды тұлғаның тiркелгенi туралы анықтама беру;
  19. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерiстердiң енгiзiлгенi туралы анықтама беру;
  20. Заңды тұлғаның үлесiне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру;
  21. Некеге тұру туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
  22. Әкелiк құқықты бекiту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу;
  23. Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
  24. Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру
  25. Некенi бұзу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
  26. Туу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу;
  27. Аты, тегi, әкесiнiң атының ауысқаны туралы анықтама алу
  28. Некенiң бұзылғаны туралы анықтама алу;
  29. Некеге тұру туралы анықтама беру;
  30. Туу туралы анықтама алу;
  31. Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру;
  32. Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiнен үзiндi беру;
  33. Тауар таңбасын тiркеу;
  34. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тiркеу;
  35. Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру;
  36. Пайдалы модельге патент беру;
  37. Өнертабысқа патент беру;
  38. Селекциялық жетiстiктерге патент алу;
  39. Баланың тууын тiркеуге электрондық өтiнiштi беру;
  40. Некенiң бұзылуы туралы тiркеуге электронды өтiнiш беру;
  41. Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертудi тiркеуге арналған электрондық өтiнiш беру;
  42. Құрылатын заңды тұлғаның атауы тiркелген шаруашылық субъектiнiң атауымен сәйкес келуi туралы анықтамасын алу;
  43. Заңды тұлғаны әрекетсiз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсiз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы анықтама беру;
  44. Некенi тiркеуге электрондық өтiнiш беру.

Мақаланың шыққан күні: 06.06.2017 17:42

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.09.2019 09:53

СҚО Қызылжар ауданының әкiмi
Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019  Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+